ЖЕТІРУ

ЖЕТІРУ
Жетіру бірлестігі туралы аңыз
Алшын Құдияр деген баласын кейінірек көреді де, ол ерке, сотқар болып өседі. Сондықтан да ел оған «Құдияр тентек» деген ат қояды. Құдияр кейіннен еншілестердің балаларына тиісіп, сабап, күн көрсетпейді. Содан олардың бәрі Арғымақ баласы Телеу мырзаға келіп сағалаған көрінеді. осы қауымдасудың нәтижесінде Жетіру бірлестігі (Телеу, рамадан, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Жағалбайлы) құрылған екен дейді.

 

Жеті ру жайлы
Жанарыстан бір ұл туыпты Майқы би деген. Сол Майқыдан үш бала туыпты: Садырқожа, Надырқожа, Қыдыржожа дегендер. Сол Надырқожа әйел алған бойда көп кешікпей өліп, бала қалмай, әйелі жас қалып, Сәли тентек болып, ешкім алмай, қайын ағасы Садырқожа да, қайнысы Қыдырқожа да жоламай, тұл қатын болып отырыпты.
Бір күндерде буаз болып, бір ер бала туыпты. «Некесіз тудың» деп жиіркеніп, бір адам қасына келмеген көрінеді.
Сонда қатын ерегісіп, «осы шырағым бойға бітерде жеті еркектің етегі тиіп еді, мұның атын «Жетіру» қоям деп, Жетіру қойған екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *