Адай туралы
Елді қалмақ шапқаңда екі буаз әйел, бір жетім бала (Темір), бір бойдақ жігіт (Естай) жарға тығылып, жасырынып қалады. Естай Темір мен аяғы ауыр екі жеңгесін қалдырып, өзі Сыр бойың да ғы ағасы Қыдырқожаға келеді. Азық-түлік, күш-көлік, құ рал-жабдық алып, жетім інісі мен екі жеңгесін елге әкеледі. Аман- есен келгендіктен, Темірді енді «Есен-Темір» деп атайтын болды.
Ағасы той жасап Естайға Анайы деген қызды тарту етеді. (Кейде Анайыны Қыдырқожаның немере қызы еді. «Немере неке тұяқ болады» деген ұғым осыдан тарайды дегенді де айтады). Анайы 16-17 жастарында ұл табады. Анайы жас болып ұялады да, баланы емізбейді. Баланың атын Адай қояды. Бұл баланы Таздың шешесі Қаракүң деген кісі ауыздандырып, емізеді. «Таз бен Адай—егіз, Егіздетіп еміз» деген мәтел осыдан қалған. он екі ата Байұлының он біріне әкесі таңба береді де, Адайға түбі шикі қыз баласы болғандықтан, таңба бермейді. Адай тентек болып өскен екен. Таңбасыз кетпеймін деп оты рып алады. «Ендеше, шешеңнің абиырының сүретін таңба қыл!»—деп, жерді үш саусағымен бір сызып, осы таңбаны берген екен деседі.