Қызай руы
Қызайдың (Нұрбикенің) сіңлісі Күнбике мұрны үлкен болғандықтан «Мұрын» аталыпты. ол кісі ұзатылған соң көп жыл бала көтермепті. Төркініне барып шешесіне (үйсін Бәйдібек байдың тоқалы Домалақ енеге) айтқан екен. Шешесі:
—Менің барлық ақыл-пейілім апайыңа ауған. Сол апайыңа барып батасын ал!—депті.
Күнбике шешесінің айтқанын орындапты. Нұрбике сіңлісі Күнбике аттанарда, оның қалауы бойынша бір іш киімін беріпті. Мұрын разы болып, аттанған соң ұзап кеткенше Қызай оның артынан қарап тұрыпты. Мұрын артына бұрылып қарамай кете беріпті. Сонда Қызай:
—япыр-ай! Мына сіңлімнің артына бір қарамай кеткен-ай! оның ұрпағы енді менікінен көп болатын болды,—депті.