Ағарыстың ұрпақтары туралы
[Қызайға байланысты аңыз]
Ақсақалдың, асылы аты—Бәйдібек екен. Бәйдібек ел атасы болғандықтан, «Ақсақал» атаныпты. оның бәйбішесінен 6 ұл туған екен. Кейін Бәйдібек қожа қызы «Домалақ ене» атанған кісіні тоқалдыққа алыпты. Домалақ енеден бір қыз туылыпты. осы келіннің аяғы жаққандықтан, Ақсақалдың атасы Абақ жылқылы болған екен, Бәйдібек одан көп жылқыны енші алыпты. Кейін елден шауып алған жылқысымен қосылып, оның жылқысы өте молайған екен. Бір жылы жайлауға көшерде Бәйдібек Домалақ енені жұртқа тастап көшіп кетіпті. Жалғыз ғана кер биені сауып ішіп, жапан далада Домалақ ене қызымен екеуі күн кешіпті. Бір күндері Ақсақалдың жылқысын шабуға келген жаушылар жапан даладағы қосты көріп, қосқа бұрылады. Домалақ енеден Ақсақалдың қайда кеткенін сұрайды. Домалақ ене оларға: «Ақсақал қара жұртына мені тастап көшіп кеткен»,—деп жөнін айтады. Жаушылар: «Біз Ақсақалдан кегімізді алғалы келдік. Шауып әкеткен жылқымызға бар жылқысын қосып қайтарып әкелгелі кетіп барамыз»,—депті. оларға көже жасап берген Домалақ ене: «Қайтқанда қара қосқа түсе кетіңдер, малдың сілекейін алып қалайын»,—деген талабын айтыпты. Сүйтіп, бұл жортуылшылар сол жолы ақсақалдың сан мың жылқысын шауып қай тыпты. Жол-жөнекей қара қосқа тағы келіпті. Малдың сілекейі үшін Домалақ ене қалың жылқының ішінен қара жал сары айғырды ұстап алған соң: «Ал, балалар, мал сілекейіне сары айғырды алып қалдым, сендерге разымын, жылқыларыңды айдап кете беріңдер!»—депті.
Арадан неше күндер өткенде Ақсақалдың бәйбішеден туған алты ұлы шабындыға кеткен жылқысын қуалап осы араға келіпті. Домалақ ене оларға: «Балаларым, жарақтанған жауларың тым мықты көрінеді. Сендер қумай-ақ қойыңдар, мен жылқының түп қазығын ұстап қалдым, ол кісінесе барлық жылқың қайтып келеді. Жазым боласыңдар, соңынан қуалаушы болмаңдар!»—деп насихат айтады. Ашулы алты ұл бұл сөзге көнбей, жылқының соңынан қуып кетеді. олар жол ортада қуып жетіп, жортуылшлармен сайысқа түседі. Қалың жортуылшы неден тайынсын, олар алты ұлдың алтауын да садақпен атып өлтіріп кетеді. Қуғыншыдан құтылған жортуылшы лар бір түбекке барып емін-еркін дем алады. Бір күні таңертең Домалақ ене сары айғырды «күйт-күйт!» деп кісінетеді. Сары айғыр кісінегенде түбекте жатқан қалың жылқы оқыранып, қайыру бермей, алды-алдына қаша жөнеледі. Жортуылшылар тағалы тай да ұстай алмайды. Қуғыншыларды өлтіріп, мінді болған жортуылшылар жылқы соңына түспей, еліне қайтыпты.
Ақсақал жылқысы шабындыға кеткенде үйінде жоқ екен. Кейін ауылына келсе, жылқысы жоқ, жылқыны қуған ұлдары жоқ болған соң, отыра алмай, жылқы ізімен жолға шығыпты. Жүре-жүре жапанда қалған қара қостың маңынан қалың жылқыны көріп, қосқа бұрылады. Домалақ ене оған болған ахуалды айтып береді: «ұлдарың тілімді алмай кеткен. Жылқы келіп, олардың келмегеніне қарағанда, жауынан жазым тап қан болар»,—дейді. Бәйдібек жылқы қайтқан жерге дейін із деп барса, расында алты ұлы алты жерде сұлап қалыпты. олар ды жерлеп, қайта келген соң, Домалақ ененің шарапатты адам екеніне көзі жетіп, өзі атқа көтеріп мінгізіп, жылқысымен бірге көшіріп кеткен екен. Домалақ ене сол жылы екіқабат болыпты. ол ай-күніне жетіп толғатып жатқанда, ұлдары өлген бәйбіше қатын іштарлықпен: «Сен секілді домалақтың тұқымын тұқым қылмай-ақ қойдым!»—деп, Домалақты ішке тепкен екен. Сөйтсе де Құдай сақтап, Домалақ ене босанып ұл туыпты. Бәйбішенің аяғы тигендіктен нәрестенің бас сүйегі жарқаштанып кеткен екен. Емсектер таңып, ем-дом жасапты. ұлдың атын Жарық шақ қойыпты. Міне, осы Жарықшақ Бәйдібектің өсіп-өнген ұрпағы болыпты. Домалақ ененің қызын кейін алпысқа келген Шағыр алыпты. Аты Күнбүбі екен. «Қызей, қыз-әй» деп жүріп, Қызай атанған екен. Шағырдың бұрынғы екі әйелінің бірінен 6 ұл туған екен. олар кейін «Алты Шағыр» атанған ел болыпты. 