«Қара» атануы

«Қара» атануы
Мынадай да әңгіме бар. Жолдербіс өлген соң, әйелі тоғыз жасар Жандербісті қорқамын деп қасына алған екен. Күйеуінің жылы өткен соң, әйелдің екіқабат екені білініп қалады. Қайнағасы Байдербіс жанжал шығарады. Әйелді жұрттың алдында қаралап, тас атып өлтірмек болады. Байдербістің сол тұста келінін тілдеп шығарған өлеңі ел аузында әліге дейін сақталып қалған.
Сонымен жеңгесі жылап отырса, Жандербіс келіп: «Жеңеше, неге жылап отырсың?»—дейді.
Жеңгесі: «осындай да осындай, ертең мені өлтіргелі жатыр»,—дейді. Қайнысы: «Тірі қалатын жолы бар ма?»—деп сұрайды. «Бар,—дейді жеңгесі,—ол үшін іштегі бала менікі деуің керек».
Жандербіс солай етеді. Жанжалмен туған бала «Қара» атанып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *