Тама-Көбек
ораз қайтыс болғаннан кейін Жезтаңдай баласы Ақылбегін алып, төркініне Қарақайға келеді. Әкесі Есқұл мен ағасы Қыдырдың қолында жүреді.
Арада бес-алты жыл өткен соң елден қайнысы Аққошқар іздеп келіп, Жезтаңдайды алып кетпек болады. Бірақ Аққошқар момын, мүсәпірлеу болған екен. Жезтаңдай үй-жайға еге бола алмас деп барудан бас тартады. Амалсыз Аққошқар осында жеңгесімен тұрып қалады. Екеуінен Құлман, Баубек туады.
Арада жүз жыл өткен соң, бір қауым ел болып қалған тамакөбектер мен байлар-жандардың арасында жанжал шығады, кісі өлімі болады.
Мұның аяғы жақсылыққа апармас деген оймен Құрақ тамалардың датқасы Әйгелді туысқандарын еліне көшіріп әкетпек болады. Бұған көбектердің датқасы Тұрлыбек: «Алда-жалда жақындарың көшеміз десе, мен үндемедім»,—дейді. осыдан кейін Әйгелді Қоқан хандығының осындағы зекетшісі мың ба сы Мырза биге кіріп, жағдайды айтады. Мырза би: «Елін тауып, кетеміз десе, кім кедергі болады?»—дейді.
Сонымен Әйгелді туысқандарына: «Елге көшесіңдер, дайындалыңдар!»—дейді. Тама-көбектер екі жар болады, бірі көшеміз десе, бірі көшпейміз дейді.
Тама-көбектің ақсақалы Жаманбай деген кісі ақырында Сапаққа келіп жағдайды айтады: «Көшеміз деп жүрген көп емес, бірен-саран. Бірақ ана Тұрлыбек жақының көшсе, көше берсін!»—депті. Жілік ұстасып, аға-інілі болып едік, мұнысы несі, бір ауыз жылы сөз айтпағаны. Ана Қоқанның құсбегі де көшсін деп жатқан көрінеді. Бата бұзған болмайық»,—дейді.
Сапақ Тұрлыбекке келіп: «бұл қалай?» дейді. Тұрлыбек төмен қарап: «Мырза би көшсін депті ғой, менде тұрған не бар?»— депті.
Сапақ датқа Мырза бидің «Елін тауып көшемін десе, кім кедергі болады» деген сөзін көкейіне түйіп алады да, Мырзабиге келеді. Сапақтың тегін келмегенін түсінген Мырза би қыпылықтап:
—Жәйша жүрсің бе?—дейді.
—Жәйше. Жұрт туысқандарын тауып, еліне көшіп жатыр екен. Сізді де Қоқанына кетіп қалар, амандасып қалайын деп кеп тұрғаным,—дейді. уәжге тұрған Мырза би:
—Әй, тілің кесілгір, сенің осылай дейтініңді жүрегім сезіп еді, қайтарсаңдар қайтарыңдар!—дейді.
Көшті қонған жерінде қуып жетіп, байлар-жандардың жақсылары қайтарып әкелген екен.
Сонымен тама-көбек: Ақылбек, Құлман, Баубек болып үш атадан тарайды. Алғашқыда тама-көбектер нағашыларының намымен «Есқұл-Қыдыр Тама» деп аталып жүрген, бірақ бері келе бұл атау ұмыт қалған.
Аққошқар үстінен жыртық ақ тонын тастамайды екен. Содан Аққошқардың балалары Құлман мен Баубектен тараған дар өздерін «Ақтонды Тамамыз» деп те атайды.