Кәдір—басқаларына қарағанда шағындау, аз ата
Кәдірдің шын аты—Бәйіт екен. Еліне елеулі қадырлы болғандықтан Кәдір деп атап кетіпті. Кәдір Қабылдың қолында өсіп, ержетеді. осы арада бір әңгіме қозғаудың реті келіп тұр. ол әңгіме Кәдірдің осы елге, яғни Батырша ауылына қалайша келіп тұрақтағаны жайында. Мұны білетін кәрі құлақтар бізге былайша түсіндіреді:
Кәдірдің жігіт болып қалған кезі екен, кездейсоқ бір жағдайға душар болып, арты үлкен іске айналады. Бір бай кісінің қымбат қазына-мүлкі жоғалып, «оны көрген, алған осы» деп біреулер өтірік куәгер болса керек.
Кәдір безілдеп: «ақпын, алған жоқпын» дейді. оған мүлік иесі сенетін емес. Егер де ұры деп күмәндан-
ған адамның адалдығын анықтау үшін бет-беделі бар жақын бір туы сы келіп, «адалдығы үшін мен жан берем» деп, қолына Құран мен нан ұстап тұрып ант береді екен ол заманда.
Алайда, Кәдірдің ондай ағайын-туыстары бола тұрса да, жан беретіндей етене ешкім табыла қоймапты. олардың ойлағаны, алса алған шығар, босқа күйіп кетеміз бе деген дүдәмал қауіп. Әбден шарасы тусылған Кәдір жан сауғалау үшін амалсыз жақын жамағайындары Батырша байдың ауылына барыпты. Сонда басқаларынан бұрын ерекше ер мінезді, өжет Шора деген баласы оның адалдығына сенгендіктен жан беріп, Кәдірді аманесен ақтап алады.
Содан бастап: «Менің шын жанашыр бауырым—Шора ғана»,—деп, Батыршаның бір баласы болып атанып кетеді. Кәдірдің жас шамасы үлкендеу және Шораға қарағанда ұр пақтары көбірек болғандықтан, алдымен ағасы айтылып «ағайынды Кәдір-Шора» дейтін сөз осыдан келіп шығады. Кейіннен Кәдір тұқымдары көбейтіп, өсе келе, Қожбанбет ішінде өзінше бір ата болып қалыптасқан-ды.