Айқым
Қалдының әйелі он екі бала туған екен. өкінішке орай, он екі баланың екеуі ғана—Қалдықыз бен Айқым тірі қалады. Қалдықыздың есейген шағында, Айқымның жас кезінде анасы қайтыс болады.
Қалдықыз бойжеткен соң Тобықты еліне ұзатылады. ол кішкентай жас інісі Айқымды бірге ала кетеді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Айқымның немере ағасы Асыл сағынып, бауырын із деп Тобықты еліне келеді. осы кезде бес жасар Айқымның кө шіп-қонып жүргенде жоғалып кеткеніне бір-екі жыл болған екен.
Асыл жоғалған баланы жан-жаққа ат шаптырып іздестіре ді. Бала көпке дейін табылмағаннан соң Асыл елге қайтып келе жатып, жолшыбай ойнап жүрген бір топ балалардың ішінен көңілсіз, селқостау бір баланы Асылдың бәйбішесі Жаңыл шырамытып, ат басын тура әлгі балаға тартады.
Жаңыл ана аттан түсіп, Айқым екенін танып, құшақтап көзіне жас алады. Бірақ Айқымды иемденген адам:
—Бұл сендердің балаларың емес,—деп ешкімге дес бермейді. Сонымен Асыл жергілікті билерге жүгінеді.
Билер алқасының төрағасы Қариен:
—Баланың қандай белгісі бар?—дегенде, Қалдықыз былай дейді.
Арқасында алақандай қара қалы бар, менің де осындай қалым бар, бұл—біздің әкемізден қалған белгі. Баланың жейдесін шешіндіргенде, әппақ денесіндегі қалды отырғандардың барлығы көреді. Баланы иемденген адамға билер алқасы айып тағады.
Асыл «баламыздың өсіп-өнгеніне жақсы болар» деп, салынған айыпты алмай, қуанғаннан Айқымды атқа мінгізіп, тікелей ауылға тартады.
Мінеки, содан бері Асыл мен Айқымның еншісі бір болған. Айқым өз көзі жұмылғанша Асылдан енші алмай өткен екен.
Жалқы тұяқ Айқымнан: Қайдауыл, Сейітқұл, Қалқаман. Сейітқұлдан—Береке (Көнтек).
Сейітқұл бұл дүниеден ерте қайтқандықтан, әмеңгерлік салт-дәстүр бойынша оның жесір қалған әйелін інісі Қалқаман ға қосады. одан Байғұл, Шал туады.
Қайдауылдың немересі Әйтек табиғатынан дәулетті, мырза, жомарт, қайырымды болған. үйіне келгендерді сый-құрмет жасамай жібермейді екен. өз кіндігінен ұрпақ болмай ағалары Тойғұл мен Досқұлдың әкесінің (Қарамолда) інісі Бәйімбеттің және Базарқұл мен Сымбылдың ұл-қыздарын бауырына салып өсірген. одан тараған ұрпақтар күні бүгінге дейін өздерін «Әйтекпіз» дейді.