Батырша туралы

Батырша туралы
«Батыршаның азан шақырып қойған аты—Бесбұлақ екен. Қалдаудың Бесбұлақ және Қосбұлақ атты екі ұлының есімі де жер-су атауына байланысты қойылған. Қоныс болған «Бесбұлақ» басында туған баласының атын Бесбұлақ қойған ғой.
Баласы ержетіп 15 жасқа келгенде атасы Тілеу батырдың жылқысын қалмақтар айдап кетіпті. Тілеудің қартайған кезі болса керек, Қалдаудың (Тұрсын әлі жас екен) қасына ауыл жігіттерін қосып, жауға кеткен жылқыны қайтарып келуге жұмсайды. Қалдау қасындағы жігіттермен қалмақтарды қуып жеткенімен, күші басым жауға тиісуден қорқып, елге қайтпақшы болады.
Сонда елеусіз топта жүрген Бесбұлақ: «Әке, батаңызды беріңіз, жылқыны мен қайырып келейін, қалмақ қанша көп болғанымен, өзінің кінәлі екенін оңай білдіреді. Бейбіт жатқан елге келіп, барымталаған өздері. Қашанда кінәлі жақ жапырылған шөппен бірдей. Сіздер осы арада тоса тұрыңыз дар. Маған өзіме ерліктері таныс он жігіт беріңіз!»—депті.
Қалдау қанша қимағанымен, баласына батасын береді. Бесбұлақ қалмақты қайта қуып жетіп, «Бақтиярлап» ұран шақырып, қарақшыларды бірінен соң бірін шоқпармен ұрып, аттан түсіре беріпті. Сөйтіп, атасына жылқысын қайта айдап келген екен. Немересінің ерлігіне разы болған Тілеу қарт батасын беріп: «Сен жас та болсаң, хас батырларша ерлік көрсет тің. Бүгіннен бастап сенің атың—Батырша болсын!»—депті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *