Шоған атасының аз болу себебі немесе Жартының табылуы
ол заман—қырғызы, қалмағы және қалғаны бар, көршілес қазақ ауылдарына әлсін-әлсін шапқыншылық жасап, маза бермейтін жаугершілік уағы. Бірде атқа мінер еркек кіндік түгел жауға аттанады. осындай қарбалас шақта басқа жақтан тағы бір жау келіп ауылды шабады. Аласапыран кезінде ауыл адамдары үйлерін тастай қашып, кереге басында ілулі тұрған Жарты ұмыт қалса керек. Шырқыраған қатын-бала бір жерге жетіп, естерін жиған. Бұл уақытта жауға кеткен еркектер де елге келеді. Екінші бір жерге қоныс жөткеп, арада екі-үш күндей (біреулер бір жеті дейді) уақыт өткен сияқты. Елден бұрын еңіреп Жартыны іздеп жоқтаған шешесі қатты мазасызданады. үйдегі баланың үлкені—жігіт болып қалған Шоғанға: «Бі-
раз күн өтсе де Жартым өлмеген, тірі сияқты. Егер аман болса, барып баланы алып кел!»—деп жұмсайды.
Сонда Шоған тұрып: «осы уақытқа дейін бала тірі тұр дейсіз бе, оның үстіне адамға сандығы жоқ, өзі жарымжан баланы несіне іздеп әуре боламыз»,—деп, барғысы келмеген сыңай танытады.
Шешесі:
—япыр-ай, шынымен Жартым жұртта қалды-ау! Бірге тусаң бүйтпес едің ғой. ой, өрісің толып, онша өспегір-ай!..—деп, аңыраған анасы отыра кетіп, қатты назаланған екен. (Сол ше ше қарғысынан ба екен, басқа өзі қатарлы рулар сияқты Шоған ата ұрпақтары өркендеп, өсе қоймапты дегенді естиміз).
Шоған бармай қойғанда, естияр болып қалған Қожбанбет іздеп барыпты. Киіз үйлердің ойран-топыры шыққан, тонаған, қиратқан. Арса-арса үйлердің арасында, кереге басында кебентай ілулі тұр. Қараса, бала тірі. Қожбанбет қуанып кетіп, Жартыны қойнына тығып, томпайтқан күйі үйіне келіпті. 