Бай Суан

Бай Суан
Суан өте ірі, кеуделі адам болған екен. Ат үстінде екі тізесі жерге аз тимейтін көрінеді. Бұл алып адамды тек бөрте қызыл аты ғана көтереді екен. Жоңғарлармен көрші отырғандықтан, жылқыларына тыныштық болмапты. Бір жолы сондай бір қарбалас кезде Суан байдың жылқысын жоңғарлар айдап кетіпті. Жасы жетпіске таман келіп қалған қарт жол жүруді ауыр сынып, өзі бір шатқалда қалып, өзінің басына киіп жүрген ақ қалпағын Хоңтажыға жібереді.
Баратын сарбазға былай депті:
—Хоңтажыға айт: «Мынау—Суан батырдың қалпағы. өзі келе алмады. өзі үшін бұл қалпақ келді. Жер мен көкті малтап келді. иіскесін деді тарқап шері»,—де. Хоңтажы еріксіз иіскейді. Сонда оның басына бүкіл мынау Алатау құлайды, қара орман күңіренеді. Жетісудың жеті өзені басып-жаншып итін шығарады. иіскет, қызығын көр! Бір ескертетінім: Хоңтажыға жеткенше қалпақтан айрылып қалма. Бар, жолың болсын, Әумин!»—дейді.
Көкірегі әлі басыла қоймаған сарбаз Хоңтажыға келді. Алдына келіп жүгінді. Суан батырдың айтқан сөзін бұлжытпай айтты. Хоңтажы Суанның қалпағын қолына ұстады. Ары-бері көрді.
Көрді де айтты:
—Бұл өзі адам ба, осы қалпақ сұмдық қой. Мынау қалпақ па, жоқ әлде түңлік пе?—деді таңданып.
Содан кейін қасиетті қалпақты иіскеді. Көзі шарасынан шықты. Езуінен су ақты. Екі қолы ербеңдей бастады. өзінің нөкерлерінің атын атады. үй іші қорқып, Хоңтажыға су шашты. Есі кірді.
Хоңтажы есін жиды:
—Мына Суан жігітінің малын тегіс қайтарыңдар. Көзі барының көзін, көзі жоғының төлеуін үш еселеп беріңдер!— деді.
Сарбаз барлық малды айдап таудың ішінде жатқан Суан батырға келеді. Батыр ұйықтап жатыр екен. оятып, бар мәнжайды айтыпты. Бұлар аулына келсе, бәйбішесінің үйі жоқ. Досбағыс, Жанбағыс деген екі ұлымен ғана әйелі Тәшкеннің түбіне қарай көшіп кетіпті. Себебі: «Суан өлді, енді бізді өлтіреді»,—депті. Кіші әйелі: «Суаннан жаным артық емес, Бәйтүгейден, Тоғарыстаннан жаным артық емес»,—деп қалыпты. Суан кеткен екі баласы мен әйелін іздемепті…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *