Өркениеттер тоғысындағы жаңартылған білім беру мазмұны
XXI ғасыр ғылым мен техниканың шарықтап дамып жатқан кезі бол- ғандықтан, бүгін жаңалық болып табылған дүниенің ертең-ақ ескіріп қа- латындығы таңғажайып құбылыс болмай тұр. Сондықтан да білім мен ғылымның қайнар көзі болып табылатын мектептің оқу үдерісіне жаңа талаптар мен міндеттердің қойылуы заңдылық.
Осы орайда Назарбаев зияткерлік мектептерінде мұғалімдер мен оқы- тушыларға өткізіліп жатқан курстардың маңызы өте зор. Жаңартылған білім мазмұнын оқушылар игеру үшін ұстаздар қауымының да алдыңғы орында болып, көшбасшылық жасауы шарт екені өз-өзінен түсінікті.
Жоғары оқу орындары мен колледж оқытушыларына арнайы өткізіл- ген курстың негізгі мәні мен сипаты да осында. Оқу стандарты, бағдарла- малар мен оқулықтардағы жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жасау үшін жаңа сападағы мамандар дайындауда негізгі жүк аталған оқу орындарына түсетіндігі белгілі. Ендеше «Педагог кадрларды даярлайтын оқытушы-профессор құрамы мен колледж оқытушыларының біліктілі- гін арттыру курсы» заманауи білім беру талаптарының қажеттіліктерін өтей алатын курс болары даусыз. Бұл курстан өзім сабақ беріп жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша бүгінгі студент – ертеңгі маман- ға өмір қажеттіліктерін өтей алу үшін ең маңызды нені және қалай игерту керек деген сауалдарымның жауабын таба алдым. Пән бойынша білуге тиіс материалды ғана игертіп қоймай, оны бүкіл өмір барысында қолдана алу тәжірибесіне де көңіл аудару қажеттігін түйсіндім. Студент ізденісін бағалаудың түрлері, жолдары, кері байланыс орната білу, мұғалімнің өз сабағына рефлексия жасай алу дағдысы туралы ақпараттар қорымен та- нысып, оны өз бойыма сіңіруге мүмкіндік алдым. Қысқа мерзімді жоспар
жасауда оқу мақсаттары мен сабақ мақсатының өзара тығыз байланысы, бағалау критерийлерінің айқындығы, ойлау дағдыларының деңгейлерін ескеру, сөйлеу әрекеттерінің түрлерімен жұмысты дұрыс жолға қоюдың маңыздылығына назар аудардым.
Ғасырлар бойы халқымыз армандаған, Алаш арыстары мұрат тұтқан еліміздің Тәуелсіздігін сақтап, XXI ғасырдағы өркениеттер тоғысында
«Мәңгілік ел» болып қалу үшін оқу мен оқыту мазмұнына енген жаңалық- тарды игеру баршамызға қажет іс. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің», – деген екен ұлы Абай. Ал бұның емі ретінде халқына махаббаты зор, әлемге шапағатын сыйлайтын, қайратты, әділетті, білімі мен ғылымы мол азаматты тәрбиелеу керектігін ұсынған.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша атқарылып жатқан жұ- мыстар аталған кеселдерді жойып, ұлтымыздың ілгері дамуына жол ашуы тиіс. Осы тұста тағы да дана Абайдың «Адам көңілі шын мейірлен- се, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі. Шала мейір, шала байқайды» дегенін ескерген жөн-ау.
Оқу үдерісіне енген өзгерістерді оң қабылдап, тиімді жақтарын қол- дап, ынталана ізденсек, алынбайтын қамал, шешілмейтін мәселе болмай- тыны ақиқат.