Білім берудің жаңа бағдарламасының негізгі идеяларының өз тәжірибемде қолданылуы
«Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман».
Н.Ә. Назарбаев
Біз қазіргі кезде әлемнің қалай тез өзгеріп жатқанының, заманның, адамдардың да өзгеруінің, осы өзгерістердің қандай қарқынмен жүріп жатқандығының куәсіміз. Қазіргі заманғы қарқынды дамып отырған қо-
ғам жоғары білімді, өз бетімен шешім қабылдай алатын, талапты, қор- шаған ақиқатты өзгертуге қабілетті, еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыратын алғыр, іскер тұлғаны талап етеді. Бүгінде тек білім, білік, дағдыны жай игеріп қана қою жеткіліксіз, оларды белсенді түрде игеруді білу және өмірде қолдана білуі қажет. «Егер біз еліміздегі білім деңгейін көтергіміз келсе, онда біз оқушы бойында адамды саналы, ойшыл, білім- ді етіп шығаратын дағдыларды қалыптастыруымыз керек (Брунер, 1993 http://collegy. ucoz.ru/publ/53-1-0-11457).
Жаңа білім беру бағдарламасы бойынша курстан өткеннен кейін құ- зіретті жеке тұлға қалыптастыруда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, жеті модульді өз сабақтарымда қолданудамын. «Сабақ – оқытушының педаго- гикалық мәдениетінің айнасы», – деп А. Сухомлинский айтқандай, осы жаңа әдіс-тәсілдердің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, қолдануға болаты- ны, білім алуышының қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қай- сы деп ойландым. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модуль- ді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Әр мұғалім өз сабағының көшбасшысы. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлікке байланысты. Жалпы менің оқытудағы міндетім білім алушыларды өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Сондықтан сабақта тақырып бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданамын. Өйткені, ол білім алушының ойлауын, елестету мен есте сақтау белсен- ділігін, дағдысын қамтамасыз етеді. Оқытушы шәкірттің бойындағы қа- сиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қа- рай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы, көмектесуі қажет. Бұл үшін, ең алдымен, оқытушының өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқыту әдісінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір ұстаз өзінен бастағаны жөн. Оқытушы шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, өзді- гінен білім алуға үйретуі қажет.
Осы жеті модульді, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз тәжірибемде тұрақты қолдану нәтижесінде сабақтарымның сапасы артып, бәсекеге қа- білетті, ой өрісі дамыған, зерделі, жан-жақты, интеллектуалдық білімді кадрларды тәрбиелеуге өз үлесімді қосудамын деп ойлаймын.