Ұзындыққа секіру
Күні: 10.09.2020ж
Сыныбы : 3 «Б» сынып
Пән мұғалімі : Смағұлқызы Маржан
Сабақтың тақырыбы : Орында тұрып ұзындыққа секіру.
Сабақтың мақсаты : 1.Оқушыларың денсаулығын нығайту, қозғлыс іскерлік дағдыларын дамыту.
2.Ерік жігер қасиеттерін қалыптастыру
3.Оқушыларды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, әсемдікке тәрбиелеу
|
№ |
Сабақтың мазмұны |
Уақыты |
Әдістемелік нұсқау |
|
I |
Дайындық бөлімі 1.Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. Рапорт қабылдау,қауіпсіздік ережелерін айтып өту.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Саптағы жаттығулар 2.Жүру оның түрлері: -қол белде,өкшемен; -екі қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен; -аяқтың сыртқы жағымен; -аяқтың ішкі жағымен; 3.Жүгіру оның түрлері: —жеңіл жүгіру; -оң,сол иық алдыға жүгіру; -тізені алдыға биік көтеріп жүгіру; -аяқты артқа сермеп жүгіру; 4.Ж.д.ж Б.қ аяқ иық кеңдігінде,қол белде Мойынды оңға-солға айналдырамыз 4 реттен Б.қ. қол иықта иықты алға-артқа 4реттен айналдыру. Б.қ. сол қол белде,оң қол жоғарыда, 1-2 сол жаққа иілу. 3-4 оң жаққа иілу. Б.қ. қолды екі жаққа соза ұстап 90 гр иілу 1-2 қолды артқа қарай керу 3-4 солға бұрыла қолды түзете, артқа керу. Б.қ. аяқ иық деңгейінде,қол белде 1-4 белді оңға қарай айналдыру. 1-4 белді солға қарай айналдыру. Б.қ. аяқ иық деңгейінде,қол белде 1-қолды жоғары,артқа иілу 2-алдыға иіліп қолды аяқ ұшын тигізу. 3-қолды алдыға соза отыру. Б.қ. қол белде аяқ иық кеңдігінде 1-4 оң аяқпен секіру. 1-4 сол аяқпен секіру. |
10 минут
2 минут
30 сек 30 сек 30 сек 30 сек
1 айналым 1 айналым 1 айналым
4-5 рет 4-5 рет
4-5 рет
6-8 рет
6-8 рет
10-15 рет
7 минут
|
Оқушылардың спорттық киімін тексеру.
Бұйрықтардың дұрыс орындалуын қадағалау.
Арақашықтықты сақтау,денені тік ұстау.
Орнында жаттығу жасағанда дұрыс сапалы жасау.
Жаттығуларды тек сол жақтан бастуларын қадағалау.
Толық отыру Тізені бүкпеулерін қадағалау |
|
II |
Негізгі бөлім Орында тұрып ұзындыққа секіру. Бір орында тұрып секіру кезіндегі итерілу дйындық-тізені бүгу, кеудені алға қарай еңкейту, қолды артқа қарай созу.Барлық күшпен және қолды қатты сермеу арқылы,әдетте,аяқтың ұшымен, аяқты түзу ұстап секіру, қол қимылдарының жылдам алға, жоғары көтерілуінің итерілу сәтімен дәл келуін бақылап отыру керек.Сөйтіп,секіруден жоғары спорт нәтижелеріне жету үшін тез және қаттыекі аяқпен итерілу қажет.Аяқпен итерілу арқасында секірушінің денесі ауаға лақтырылып тасталынады да ,ұшу кезеңіне көшеді.Бір орында тұрып ұзындыққа секіру жылдамдық пен күштілік қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.Секіруге тегіс табанға жұмсақ жерде өткізіледі.Секіретін жерге секіру сызығы мен қашықтық сызықтары белгіленеді.Оқушылар секіру сызығына табаны одан өтіп кетпейтіндей қалыпта тұрып,тізені бүге беріп, қолды алға әрі жоғары сермей,аяқты жылдам серпіп секіреді.Жерге екі аяқпен түсу керек.Секіру көрсеткіші секіру сызығынан бастап,аяқтың не қолдың тиген жеріне дейінгі қашықтық болып есептеледі.Әр оқушы қатарынан екі секіріп,жақсы көрсеткіші хаттамаға жазылады.
|
17 минут |
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелерді сақтауларын қадағалау. Шынтақтан бүгілген қолдардың сермеу қозғалыстарымен табанның серпінділігі есебімен қатты ұсталған аяқтармен секірулерін қадағалау. Серпіле көтерілген кезде тізе жазылып,қол сермелген аяқпен бірге жоғары және алға қарай созылады. Артқа құламаударын,екі аяқты тең ұстауларын қадағалау.
|
|
III |
Қорытынды бөлім 1. Тынысты қалпына келтіру 2. Сапқа тұрғызу 3. Бағалау 4. Үйге тапсырма |
2 минут |
Дұрыс тыныс ала білу,сапта арақашықтық сақтап,түзу тұру.іберген қателіктер мен кемшіліктерді түзеп,ескертулер жасау. |