Жаңартылған білім мазмұны – заман талабы
Өмір бойы білім алу – әр Қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет
Н.Ә. Назарбаев Бүгінгі таңда жас ұрпақтың сапалы білім алуы басты мәселе болып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен
көрегендіктің белгісі.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын же- тілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған
орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйле- сімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі – жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдісте- мелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
2018 жылдың қыркүйек айының 17-28 күндері аралығында Астана қаласында ұйымдастырылған педагог кадрларды даярлайтын колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарлама- сы курсынан өттік.
Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты – оқытудың жаңа әдіс-тә- сілдерін, Қазақстанның ұлттық білім жүйесіне арналған орта білім беру бағдарламасымен және критериалды бағалау жүйесімен мұғалімдерді қа- руландыру. Осы уақытқа дейін бұл мазмұнды толық түсінбеген бізге және біздің әріптестерімізге «ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ және критериалды бағалау, сабақта қолданатын ресурстар қол жетімсіз» қиындық туындатып жүрген кедергілерге жақсы әдістемелік көмек алдық. Енді біздің ойымыз өзгер- ді. Біз жоғарыда аталған мақсатты жүзеге асыру үшін, толық игеру үшін өз тәжірибемізде бүгіннен бастап қолдануымыз керек. Әр мұғалім осы жаңартылған білім беру аясында жасалынған нормативтік құжаттар мен бағдарламалар және әдістемелік құралдармен өз сабағына қалай қолда- нып жатқаны жайлы тәжірибе алмасып жатырмыз.
Біз оқушының құзыреттілігін арттыру үшін білім сапасын күшейтуі- міз керек. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасы- ның үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жа- сай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білу- ді және оны тиімді жүзеге асыру. Біз осы курс аясында қажетті, тиім- ді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу), ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау, оқу мақсаттарын дұрыс пайдалану- ды, критерий құруды, бағалаудың тиімді стратегияларын үйрендік.
Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағ- дарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.