Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азат- тық пен білім қажет

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азат- тық пен білім қажет» деген Шоқан Уәлихановтың ойын мен бүгінгі өмірімізден айқын көретіндеймін. Себебі, тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасырда білім беру жүйесі ең сынақты басынан көп кешірген, реформалардың сан алуанын тексерістен өткізген сала екені даусыз. Білімнің ізденіспен келетіні секілді, отандық білім беру жүйесі де белсенді ізденісте деп ойлағың келеді. Осындай ізденістің арқасында 2008 жылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектептері пайда болды. Дарынды балаларға жаңа мазмұнды білімді озық технологиялармен оқыту мақсаты осы жылдар ішінде өзінің алғашқы жемістерін де бере бастады.
Соңғы жылдары зияткерлік мектептерінің бағдарламаларының жап- пай мектептерге енгізіле бастағанына куәміз. Бұл бағдарлама жаңартыл- ған білім бағдарламасы деген атау алды. Жаңартылған білім бағдарла- масын меңгеру үшін мұғалімнің педагогикалық білім мазмұнын қайта қарауы немесебілім беру машығымен қайта «қарулануы» қажет. Мен де солардың қатарында Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогикалық ше- берлік орталығының курсынан өттім.
Альберт Эйнштейн«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»дейді екен. Мен оны оқушы өзіне қажетті білімді өзі табуы керек, ал оқыту- шы білімді алу жолын, әдісін үйретуші деп түсінемін. Маған осы курс- ты өткізген жетекшім Абай Батырұлы оқушымен позитивті және тиім- ді жұмыс жасаудың алуан әдістерін көрсетті. Критериалды бағалаудың мазмұнын, түрлерін, оны қолдануәдістерін практикада іске асыруды жеке-жеке жасатыпүйретті. Қысқа мерзімді жоспардың қыр-сырын тү- сіндіріп, «ҚМЖ» түнде түске енетін құжаттар қатарынан орын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *