Жаңа тұрпатты мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымының теориялық еңбектерде қарасты- рылу жайы, айтылған мәселелерді жүзеге асыру үшін жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда ақпараттық технологияларды да қолданудың дидактикалық шарттары, ақпараттық технологияларды қолдану мазмұны сынды мәселелер Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен олар- ды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұ- ғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогика- лық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығарма- шылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Бірлескен жұмыста нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тә- сілдері талданып, объективті баға беріледі. Үрдіс пен нәтижеге баға беру мұғалім тұрғысынан ған емес, оқушы тарапынан оның өзіндік бақылауы мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда өзіндік түзету, коррек- циялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамта- масыз етіледі, сөйтіп баланың құндылық көзқарасы мен өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға қолайлы орта пайда болады.
• Рефлекциялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талдана- ды, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп, бала өзін-ө- зі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады, өз ерекшелігі мен деңгейін таниды.
• Интерактивтік, диалогтік, рефлексиялық тәсілдердің қолданылуы сабақ үрдісіне қатысушылардың белсенділігін, әдістемелік танымын арт-
тырады және оның дәстүрлі оқытудан тиімділігі жоғары болып келді.
• Кері байланыс нәтижессінде тұлғаның танымдық қызығушылы- ғы, күрделі ойлау қабілеті, қоршаған ортаға көзқарасы, өмірдегі өзінің орны туралы ой-пікірінде өзгерістер пайда болады.
• Тәжірибе жүзінде меңгерген ұжымдық ойлау мен жұмыс істеу, қа- рым-қатынас жасау дағдыларын, ұжымдық ұстанымдарды бағалау әре- кеттерін өзінің білім алу әрекеттері мен кәсіби педагогикалық қызметінде пайдаланып, модельдей алатын болады.
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалып- тастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығу- шылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек. Мен осы 2 апталық «Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орында- рының оқытушы-профессор құрамының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы»тақырыбы бойынша өткізген курста қазіргі жаңа бағдарлама бойынша еңгізілген жаңалықтармен танысып олардын тиімді жағын ескере отырып педагогикалық шеберлігімді шыңдадым. Оқу-тәжірибе курсы өте қызықты және жоғары сапада өтті.