Жаңашыл ұстаз өмір талабы
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә. Назарбаев
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қана- ғаттандыратын тың бағдарлама. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономика- ға кірігу тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсіл- дерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Біліктілікті арттыру курсында деңгейлеп оқыту бағдарламасының әдіс-тәсілдерінің теориялық негізін меңгере отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін деңгейлеп оқыту бағдарламасын оқып үйреніп, практика кезінде бұл оқудың артықшылықтарына көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда білімді өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеу- де бұл оқу бағдарламасының алатын орны ерекше. Жаңартылған білім берудің мағыздылығы оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүр- гізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптасты- ру болып табылады. Жаңаша білім беру мазмұнында бағалаудың крите- риалды бағалау жүйесі енгізілді. Бұл бағалаудың сапалылығын, әр білім
алушының қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім алу- шының дамуын, қызығушылығын және де оқуға деген ынтасын арттыру- ға бағытталады. Критериалды бағалау екіге бөлінеді: қалыптастырушы және жиынтық. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өт- кізіліп отырады. Жиынтық бағалау белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, технология, коммуникация мен ғылым салаларын- дағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ете оты- рып, 21 ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағ- дыларды алға тартады. Білім беру бағдарламасының мазмұны, педагоги- калық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс.