БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен
– тарихтағы ең ұлы істің бірі»
К.Д. Ушинский
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зият- керлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары» деп атап өтті. Мен де педагогикалық білім мазмұнына енген осындай жа- ңартылған оқу бағдарламасын қолдаймын. Жаңа технология күн санап
емес, сағат санап өсіп отырған мына инновация заманында көшке ілесіп отыруымыз қажет.
Біз, университет оқытушылары, болашақ педагогтарды дайындай- мыз. Сондықтан да жаңартылған бағдарламаны толықтай танып, түсі- ну кәсіби шеберлігімізді шыңдауға үлкен септігін тигізеді. Әрине, әрбір жаңа өзгеріс енген бастапқы уақытта қиындықтар туындайтыны сөзсіз. Дегенмен де, біз, оқытушылар, әрбір жаңа білім беру әдістерінің оңтайлы тұстарын қарастырып, өз тәжірибемізде қолдана білуіміз қажет.
Бағдарламаның негізгі идеясына тоқталар болсақ, мұғалім оқушыны өзін және өзгені бағалауға, сын тұрғысынан ойлауға және де өз тәжіри- бесімен бөлісіп, өзгелерді оқытуға үйретеді. Ең бастысы, оқушы функ- ционалды сауаттылыққа бейімделеді. Демек, теорияда оқып – үйренген білімін тәжірибе жүзінде күнделікті өмірде қолдана алатын болады.
Оқытудың жаңа форматының тиімді жақтары:
– Оқу пирамидасынан байқағанымыздай, дәстүрлі оқу кезінде оқушы дәрістен 0% нәтиже көрсетсе, жаңа бағдарлама бойынша біреуге үйрету арқылы 90% көрсеткішке қол жеткізе алады және де өзі мен өзгенің қате- ліктері арқылы үйренеді.
– Қалай оқыту керектігін үйретуде метатаным, оқушының өзін – өзі реттеп отыруы, танымдық және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруы өте маңызды.
– Блум таксономиясы мен алты ойлау шляпасын сын тұрғысынан ой- лаудың әдіс-тәсілдері ретінде қарастырамыз.
«Білімге жұмсалған ақша – сақталған ақша» демекші, қазіргі таңда үкіметтің білім саласын барынша қаржыландырып, жаңашылдыққа үл- кен мән беріп, қолдау көрсетіп отырғандығы мені қатты қуантады.
Қорыта келе, біздің де үлкен өзгерістерге ілесіп, болашақ ұрпақта- рымызды, Қазақстан азаматтарын, заман талабына сай етіп тәрбиелеп, оқыта алатындығымызға сендіргім келеді.