Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін,
терезесін тең ететін – білім»
Н.Ә. Назарбаев
«Адам адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деп ұлы ақын Абай айтқандай, алдыңғы қатарда тұрған ақыл, ғы- лым қашан да биіктен көрінерге жол ашатын бірден-бір биіктік. Тамыр-
сыз ағаш, тарихсыз халық болмайтыны секілді, білімсіз адамды елестету де, әсте, мүмкін емес. Білім негізі бір болғанмен, әр заманның талабы мен адамның ойлау, сезіну қабілетіне қарай білім жүйесі де жылдан-жылға өркендеп, күрделеніп келеді. Биыл да білім беру мазмұны жаңартылып, жаңаша сипатқа ие болды.
Курсқа алғаш келген күннен бастап, көптеген сұраққа жауап алдым. Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен таныстым. Осы курсты оқу барысында сабақты жаңа мазмұнда ұйымдастыру үшін дә- рістер тыңдап, жаңартылған бағдарламаның мақсат-міндетін түсіндім. Критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендім. Оқу бағдарламасы, оқу жоспары және қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық, тап- сырмалар жинағымен танысып жұмыс жасадық. Мұндағы оқу бағдарла- масының ерекшелігі оның оқушыда ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға ба- ғытталғандығында. Жаңа бағдарламаны меңгеру барысында біз танысқан көптеген әдістәсілдер сабақтың тиімді өтуіне, оқушы бойында қажетті 4 дағдыны қалыптастыруға ықпал ететіне көзім жетті.
Курстан өте көп жаңалық, білім алдық. Білімге деген, ұстаз болу- ға деген құштарлығымыз артты.. Курс аясында әр сабақ қызықты өтті. Сонымен қатар, еркін сөйлеуге, дәлелдерімізді негіздеуге, өзімізді еркін ұстауға, бір-бірімізбен ақылдасуға, көмектесуге үйрендік. Жалпы біздің тренердің бізге үйретуге бағытталған жұмыстары бізді сыни тұрғыда үйретіп отыратынын байқап отырдым. Күн сайын тренер бізге таратқан ресурстар бойынша жұмыстар жасатып, ой бөлістіріп, біздің айтқан пі- кірлерімізді өз пікірлерімен толықтырып, дәлелді пікірлерді, рефлексия- лық пікірді толық қорытып айтуымызға, ізденуімізге жол сілтеп отырды. Әрбір топтық жұмыстардан кейін міндетті түрде кері байланыс орнатып отырдық. Ол да жұмысымыздың қандай деңгейде болғаны туралы ақпа- рат болып табылады. Күн сайын жаңа, тың дүниелерді біліп, білімімді кеңейте түсуге талпындым.
Маған әр түрлі әдістәсілдерді теориялық тұрғыдан қарағанда, тәжіри- бе жұмысын жасап курс барысында бірлесе жасағанымыз тиімді болды. Себебі, біз тек біліп қана қоймай, ойымызда сақтап, нәтиже шығара ал- дық. Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол деп есептеймін.