Басты мақсатымыз – баянды білім беру

Басты мақсатымыз – баянды білім беру
«Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек»
Иоганн Вольфганг Гете Колледж оқытушысы ретінде білім алушыларымызды болашақ білікті мұғалім ретінде дайындау – біздің басты мақсатымыз! Осы мақсатқа жету кезінде білім жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықты білу және білім алушыларға жеткізу мол тәжірибені талап етеді. Шәкірттерімізге сапалы білім беруге қажетті ресурстармен қарулану мақсатында, білімімді көтеру үшін Астана қаласына ат басын тіредім. Ұстаз үздіксіз білім алып, көштен қалмай жаңалыққа ұмтылу керек қағидасын ұстандым. Осы міндетті ар- қалап, ойымдағы түрлі сұрақтарға жауап іздеп оқуымның алғашқы күнін бастадым. Қазақстанның әр түкпірінен жиналған ұстаз қауымын топтарға біріктіріп, ынтымақтастыққа шақыру алғашқы атқарған жұмысымыз еді. Топтарға бірігіп жұмысты бастаған ұстаз қауымымен бірге жаңартылған білам мазмұнын түсініп, жаңа түсініктерді қолдану келесі баспалдағым болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге «Қазіргі замандағы эконо- микалық және қоғамдық модернизацияның сұраныстарына сай келетін бі- лім беру жүйесі қажет» екенін атап көрсеткен балатын. Жаңартылған білім
беру жүйесі осы сұраныстарды қанағаттандыратынына көзім жетті.
«Жаңартылған білім мазмұны» бойынша жүргізілген курс алғашқы күннен-ақ жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктерін атап өтуден басталды. Қолданылатын негізгі құжаттарға толығырақ тоқталып өткен тренер Қайрат Қыпшақбайұлы, құжаттардың қалай қолданылатын- дығын да атап кетуді жөн көрді. Сонымен қатар, қолданылатын әртүрлі әдіс-тәсілдердің ерекшелігін ескеру екінші күні жалғасты. Критериалды бағалау жүйесі туралы түсінік қалыптастыру «Жаңартылған білім мазмұ- ны» тақырыбының маңызды бөлігі екендігін үшінші күні түсіндім. Бағалау

жүйесінің басты екі бөлігін ажырату, сабақ барысында қолдану қажеттігін ұғындым. Қысқа мерзімді жоспар құру, жоспар бойынша сабақ жүргізуде барлық өтілген білімді қамтыды. Өтілген теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру, ықшам сабақ жүргізу де курстың негізі еді. Еліміздің әр облы- сынан жиналған әріптестермен тәжірибе бөлісу маңызды болды.
Ұстаздың жаңа жүйе бойынша назарда ұстайтын қағидаттары білім мазмұнының жаңа біліктермен ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің да- муымен баюы. Сондай – ақ, оқушының жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына азамат тұлға ретінде қалыптасуына кө- ңіл бөлу. Негізгі құжаттарда берілген оқу мақсатына шығармашылықпен жету де оқушының басты міндеті екенін де атап өткім келеді.
«Жаңартылған білім мазмұны» тақырыбында жүргізілген курсының соңында білім қоржынымды толықтырып, шәкірттерімді мол біліммен қаруландыруға еліме аттандым!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *