1. Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру.
Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс.
Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана — студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлем мен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт.Буддизм — ең ежелгі әлемдік дін. Б.з.б 1 мыңжылдықтың ортасында Үндістанда пайда болды. Бірақ Үндістанда гүлденіп, өркендеу дәуірінен соң, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия, Қиыр Шығыс аймақтарын мекендеген халықтардың санасы мен тұрмысында орнығып қалды. Қазір әлемде буддизимді 800 млн-ға жуық адам ұстанады.
Буддизм тарихына терең үңілсек, оның негізін салуға аңыздық кейіпкердің артында нақты өмір сүрген адам тұрған тәрізді. Аңызға сай, Шакья тайпа бірлестігінің ауқатты мүшесі — «ханзада» Сидхартха Гаутама (Гатама руынан) уайым-қайғысыз, бақытты жастық шағынан соң өмірдің өткіншілігі мен шарасыздығын сезінеді, үндінің өзіндік санасы үшін әмбебапты болған жанның мәңгілік көшіп-қонуы идеясы оның бойына үрей мен қорқынышты ұялатады.
Гаутамаға түскен аян оны Будда («Буддха» — көзі ашылған, нұрланған) етті. Будда Шакьямуни (шакья тайпасынан шыққан данышпан) қоғам үмітін түсінікті де нанымды түрде жеткізе алды. Өмір сүру азап, азаптан құтылуға болады. Будда осы жолды тауып, басқаларға көрсетті.
Ұстаз – Будда
Ілім — Дхарма
Ақиқат сақтаушылары — сангха
Буддизм іліміне сай, өмір өзінің барлық көріністерінде — материалдық емес бөлшектер — дхармалардың әр түрлі комбинациялары немесе «ағындары » Дхармалардың түзілімі адамның, жануардың, өсімдіктің, тастың және т.т болмысын айқындайды. Бұл түзілімдердің ыдырауы өлімді, ажалды білдіреді. Будда ілімінің негізін, дәстүрге сай сидхардаха Гаутамаға ашылған «төрт ұлы ақиқат» құрайды.
1) Өмір деген азап,
2) Азаптық себебі адамның құмарлықтары мен мұқтаждықтары
3) Осы жоғарыда айтылғандардан арылу арқылы азапты тоқтатуға болады.
4) Азапты тоқтату үшін дұрыс өмір сүру керек.
Соңғысы буддизмнің сегіз тармақты жолы арқылы жүзеге асады. Бұл жол «дұрыс әрекеттен» және «шынайы білімнен» туады. «Дұрыс әрекет» дегеніміз адам өлтірмеу, тірі жанға зиян келтірмеу,(ахимса), ұрлық істемеу,өтірік айтпау, ақылдан адастыратын ішімдіктерді ішпеу сияқты принциптерден тұрады.
«Шынай білім» — өзіне-өзі үңілуді, ішкі пайымдау — медитацияны білдіреді. Осы екеуінің тұтастығы адамға өмір мен өлімнің мәңгілік шеңдерінен шығып, Нирванаға жетуге мүмкіндік береді.
Будда ілімінің дамуы барысында оның негізгі екі тармағы:
1)Хинаяна
2) махаяна қалыптасты.
Хинаяна манахтық өмір салтын ұстанып, будда ілімін терең игеруге басты назар аударады.
Махаянада кез-келген адам Нирванаға жете алады делінеді.
II мыңжылдық басындағы мұсылман шапқыншылығы буддизмді Үндістаннан түпкілікті ығыстырып шықты. Олар буддалық білімділіктің соңғы тірегі болған монострь-Университеттерді қиратты.
Аман қалған монахтар өздерімен бірге баға жетпес қол жазбаларды сақтапқалу үшін Непал мен Тибетті паналады.
Кеңес дәуірінде буддизм діні орны толмас шығынға ұшырады. Билік тарапынан оған тыйым салында. Бірақ соңғы жылдардағы ұлттық сананың оянуы дәстүрлі құндылықтардың жаңғыруына жол ашты.
Буддизм дәстүрі кең таралған аймақтардан басқа жерлерде де махаяна мен хинаянангың әртүрлі бағыттарын ұстанатын қауымдар құрылды.
2)Христианшылдық
Христианшылдық діні б.з 1ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Ресей империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Христиан діні — құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талыпынанды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдайлық ақиқатты тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идечлық күшке айналды.
Христианшылдықтың идеялық негіздерінің қалыптасуы
Христиан апологетикасы христиан діні адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.
Хрисиан ілімі Қасиетті жазу Библия мен Қасиетті Аңызға — шіркеу әкелерінің айтқандарына соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ.
Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер «игі хабарлар» арқылы таралды.