Адам өміріндегі достықтың мәні


Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі-жас жеткеншектерді қазақстандық патриотизм мен Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады.
Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі — жас жеткеншектерге патриоттық тәрбие беруде өлке тарихи мәдени естеліктері мен халық тұлғаларының ерлік мұрасын пайдалану.
Жас жеткеншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін жастайынан қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз Бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе, екіншісінде «Біз бірлесе отырып, ерлікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық»(2005) деп өзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады. Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жас жеткеншектер тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, туған өлке тарихи тұлғаларын білу, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері мен халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көрністерге төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін, тарихын жете білуге тәрбиелеу) сараланып көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайға көшуі еліміздегі түбегейлі өзгерістер педагогика ғылымының алдына шешімін күттіретін күрделі практикалық міндеттерді жүктеп отыр.
Педагог жаңашыл өзгерістерге орай жаңа ұрпақ тәрбиелеу мәселесін көтеріп, олардың бойындағы жауапкершілігі арта түсуде.
Қазіргі Қазақстандағы түбегейлі өзгерістер адамның еркін дамуды таңдауы, егеменділік жоғары білім беру жүйесінің құрылымына өзгерістер енгізуде. Елімізде қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты республикамыздағы бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбиелік шаралардың сапасына жаңа талаптар қойылуда. Тек қана оқу жүйесінің жаңаруы ғана емес, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар ар, ождан, шындық, қайырымдылық, ұлтжандылық т.б. сана сезімнің өзгерісі байқалып отыр.
Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе — білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» — деп атап көрсетілген.
Сондықтан әр саладағы педагог-кадрларға жастарға патриоттық тәрбие беруде негізгі методологиялық принциптерге сүйену қажет.
Негізгі патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы принциптерге біздер:
1. ғылыми;
2. ізгілік;
3. демократиялық
4. Қазақтан Респуликасының мәдени салт сана, әдет-ғұрыптары мен атамекен, атакәсіп, атамұра құндылықтары;
5. жүйелі түрде ұрпақтан — ұрпаққа халқымыздың құндылықтарын жеткізу;
6. патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттырудағы қолданылатын әдістер т.б.
Патриоттық тәрбие беруде бұл принциптерді шешу мақсатында келесі міндеттер алға қойылады:
1) патриоттық тәрбие жүйесінің қызметінің әдістемелік және басқару формасын жетілдіру;
2) патриоттық тәрбиені жетілдірудіде аудиториялық және аудиториядан тыс уақытты тиімді пайдалану жолдарын анықтау;
3) жағдай туғызу;
4) тұлғаның жеке қоғамдық маңызды сапаларын Отанға деген сүйіспеншілік, өз елін, жерін құрметтеу, қорғау т.б.) жетілдіру,
5) жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру,
6) жаңа түрде жаңа заманға сай өз Отанының патриоты, жауапты тұлғаны тәрбиелеуде әрбір тұлғаның қызығушылығын арттыру;
7) жанұя жағдайын, жастардың топ орталарының, жоғары оқу орнының іс әрекетін үнемі бақылауға алу.
Патриоттық тәрбие өз мазмұны жағынан барлық тәлім тәрбиенің негізгі жүйелерін құрайды. Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен астасып жатады. Өз Отанын сүю, еліне, халқына деген үлкен жауапкершіліктің болуы жоғары сапалы адами қасиет. Тұлғаның саяси сауаттылығына, белсенділігіне тікелей байланыс, тәрбиенің барлық түрінде қамтылуы қажет. Дегенмен патриоттық тәрбиені жетілдіру қырлары өзіне тән кешенді әдістер мен формалардың жиынтығынан тұрады. Соның ішінде қазіргі тәрбие процесінің нәтижелі болуы тұлға сана сезіміне тікелей байланысты. Ең алдымен тұлға өзін-өзі танып, өзінің өмірдегі орны мен негізгі мақсат міндеттерін анықтап алу басты мәселе. Сондықтан патриоттық тәрбиені меңгерту тұлғаның ішкі сезімі, мінез құлқына тікелей әсер етумен, өзін-өзі тануына ықпал жасаудан басталады.
Педагогикалық сөздікте: құндылық — адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі тәрбие негізі — делінген.
Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: …“Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы — бұл ең басты міндеті болуы тиіс” — деген ой тұжырымдарынан өзін- өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын игертуге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *