Түркияда алғашқы телевидениe

Түркияда алғашқы телевидение — «TRT» — 1964 жылы мемлекет тарапынан ашылды. Елде 34 телеарна күнi-түнi дамылсыз жұмыс iстейдi.
1. “Zaman” – халықаралық газетi 1980 жылдан шыға бастаған. Саясат, мәдениет, спорт, экономика, отбасы мәселелерiн көтередi. Түркиядан басқа жетi елде жарық көредi. Еуропа, Америка, Орта Азия елдерiнде тiлшiлерi бар. Таралымы – 350 мың дана.
2. “Sabah” – «Таң» 1965 жылдан бастап шығады. Түркияның “ATV”, “Kanal D” сияқты телеарналарымен бiрiгiп жұмыс iстеуде. Шығарушысы — “Dogan” тобы. Көбiне социалистiк бағыттағы мақалалар жариялайды. Күнделiктi 50-60-бет болып шығады. Таралымы — 648574 дана.
3. “Turkiye” газетi — “TGRT” телерадио, газет корпорациясының басылымы. 1982 ж. берi дiни мақалаларды басумен айналысады, бiрақ соңғы уақытта бағытын өзгертiп, саяси-экономикалық жаңалықтарды және қысқа хабарларды жариялай бастады. Таралымы – 523400 дана.
4. “Hurriyet” — «Бостандық» газетiнiң алғашқы саны 1960 ж. бастап А-2 форматында 50-бет болып күнделiктi шығады. “Star TV” телеарнасымен жұмыс жасайды. Экономикалық мақалаларды көптеп басады. Таралымы – 590 мың дана.
5. “Yeni Binyil” — «Жаңа мыңжылдық» газетi. Бұл газеттiң атауы жақында өзгертiлдi. Бұған дейiн “Yeni yuzyil” — «Жаңа ғасыр» деп аталған болатын. 1995 ж. бастап 550284 данамен шығады.
6. “Son Gargi” — «Соңғы шақыру» газетi 1995 ж. бастап шығады. Таралымы – 84976 дана.
7. “Sport” — «Спорт» газетi аты айтып тұрғандай, тек спорт жаңалықтарын, спорт әлемiнде болып жатқан оқиғалар жайлы жазады. Негiзi 1995 жылы қаланған. Жоғарыдағы газеттер сияқты Стамбул, Анкара қалаларында басылып шығады. Таралымы – 73145 дана.
8. “Ekonomik Takvim” — «Экономикалық күнтiзбе» күнделiктi экономика саласындағы жаңалықтарды басумен айналысады. Таралымы – 50046 дана.
9. “Milliyet” — «Халық» газетi Түркияның “Sabah”, “Hurriyet” сияқты газеттерiнiң қатарындағы беделдi басылым.
10. “Resmi gazete» – Түркиядағы бiрден-бiр мемлекеттiк газет. Аптасына, кейде айына бiр рет шығады. Мұнда тек мемлекеттiң заңдары, қаулылары басылып тұрады.
11.“Turkish Daily News” — «Түркияның күнделiктi жаңалықтары». Елде болып жатқан оқиғаларды ағылшын тiлiнде баяндап беретiн газет. 1958 жылдан бастап шығады, құрылтайшысы – Илнур Чевик Бей.
12. “Sizinti” — «Ағыс» журналы 1979 жылдан бастап, айына бiр рет Измир қаласында шығатын ғылыми-мәдени журнал.
13. “Aksiyon” — «Қозғалыс» апталық журналы, 1992 ж. бастап шығады, әртүрлi тақырыптағы мақалаларды жариялайды.
14. “Aktuel” — «Көкейкестi» журналы жаңашыл журналдар қатарына жатады. Бұл да 1990-шы жылы алғаш рет жарық көрген журнал.
14. “Tempo” журналы — негiзi 1991 жылы қаланған апталық журнал.
15. «Nokta» — «Нүктелi» журналы негiзiнде әйелдерге арналған. Сән тақырыбындағы материалдарды көптеп жариялайды.
16.“Para» — «Ақша» деп аталатын экономикалық журнал 1993 ж. бастап жарық көредi.
Телерадиосы
1. «Kanal-6» – көңiл сергiтетiн ақпараттық телеарна. Кинофильмдердi де көптеп көрсетеді. Бүкiл Түркияға таралады.
2. «Kanal-7» – дiни-ақпараттық телеарна.
3. «Kanal-1» – тек Эгей теңiзi жағалауындағы қалалар (Измир, Айдын, Мармарис) көре алатын ақпараттық, көңiл сергiтушi арна.
4. «Cine-5» – арнасы бүкiл Түркияға тарайтын кабельдiк телеарна. Телеойындарды, фильмдердi көп көрсетедi.
5. «BRT» — «Bayrak TV» арнасын Кипр аралындағы тұрғындар көруге мүмкiндiк алған.
6. «NTV» – американдық «CNN» – мен теңеуге келетiн Түркияның ақпарат арнасы. Сағат үзбей түрiкше, арасында ағылшынша хабарлар таратады.
7. «Geng TV» — «Жастар телеарнасы» – бүкiл Түркияға тарайтын жастарға арналған музыкалық телеарна.
8. «Maxi TV» – кабельдiк телеарнасы балаларға арналған мультфильм, кинофильмдердi көптеп көрсетедi.
9. «Super Sport» – спорттық хабарлар жайында ақпарат таратады.
10. «Kral TV» – музыкалық телеарна.
11. «TGRT» — «Түркия газетi, радиосы және теледидары» корпорациясының телеарнасы. Жаңалықтар мен кино, музыка хабарларын бередi.
12. «TRT» – 1964 жылы негiзi қаланған Түркияның алғашқы теледидары. Басқа телеарналардан айырмашылығы – бұл мемлекеттiк телеарна.
1. «TRT» – 1927 ж. бастап жұмыс iстейтiн ең ескi түрiк радиосы.
2. «Radio-1» – жаңалықтар, музыкалық хабарлар берумен айналысады.
3. «Shou Radio» – музыкалық хабарлар радиосы.
4. «Radio-5» – Еуропалық музыка тарататын әуетолқын.
5. «Burg FM» – түрiк әндерiн, сондай-ақ, дiни әндердi көптеп таратады.
6. «Radio-25» – дiни радиотолқын.
7. «D Radio» – музыкалық толқын.
8. «Meltem» – бұл дiни хабарларды көп беретiн ТМ толқынындағы радио. Бұл FМ толқынында дiни хабарларды көп беретiн радио.
Ақпарат агенттiктерi
1. «Anadolu Ajansi» (AA) – 1918-1920 ж. негiзi қаланған ескi ақпарат агенттiктердiң бiрi. Бас офистерi – Анкара мен Стамбулда орналасқан. Тек жазба материалдарды таратумен айналысады.
2. «Cihan Haber Ajansi» (CИA) – 1994 ж. бастап жұмыс iстейдi. 1996 ж. бастап бейне материалдарды тарата бастады. Шет елдерде тiлшiлерi, Қазақстанда өз өкiлеттiгi бар.
3. «Uluslararasi Basin Ajansi» (ИВА) – 1994 ж. бастап жұмыс iстейдi. Халықаралық жаңалықтарды таратушы бiрден-бiр агенттiк.
4. » Yurt Haber Ajansi» (УНА) – iшкi хабарларды таратумен айналысатын ақпараттық агенттiк.
5. «Ihlas Haber Ajansi» (IHA) – «Turkiye» газетi және «TGRT» телеарнасымен байланыс жасайды. Еуропа елдерiнде тiлшiлерi бар.
6. «Milliyet Haber Ajansi (MILHA) – 1990 ж. бастап жұмыс iстейдi және тек iшкi хабарларды таратумен айналысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *