Ақпарат агенттіктері

  • Ақпарат агенттіктері

 

Х1Х ғ. Жапонияда еуропалық басылымдардың дүниеге келуі. Аударма газеттердің ұлттық басылымдарды қалыптастырудағы рөлі.

Басылым түрлері: жалпыұлттық, жергілікті, коммерциялық. Негізгі айырмашылықтары, басылымдардың құрлымы, аудиториясы, рентабельділігі.

Жапонияның беделді басылымдары: «Асахи», «Майнити», «Иомиури», «Санкей симбун». Жергілікті газеттермен бәсекелестік. Бұл беделді басылымдардың бірте-бірте концерндерге айналуы.

Жапониядағы газет тарату жүйесі. Жапон басылымдарының таралымдары. Түрлі партиялық басылымдардың маңызы.

Журналистер ассоциациясының баспасөзді дамытудағы рөлі. Жапон журналдарының ақпарат рыногындағы рөлі.

Жапониядағы ірі газет-журнал топтары. Ақпарат агенттіктері.

Жапон баспагерлерi мен редакторлары ассоциациясының (“Нихон Симбун Кёкай”) мәлiметi бойынша әрбiр жапон отбасына 1,2 газет басылымы тиесiлi көрiнедi. Ал, журналдар басылымы бүгiнгi күндерi ең қызықты, таралымы көп ақпарат құралдары болып  табылады. Компьютерлiк журналдар мен әйелдерге арналған апталық журналдарға халықтың сұранысы күннен күнге артуда.

Қазiргi уақыт дүние жүзi бойынша баспасөз құралдарындағы жалпыға ортақ белгi Жапон баспасөзiнде кеңiнен орын алып отыр. Ол – жарнама. Жапон мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiне қысқаша тоқталып өтсек, Жапонияда жалпы есеппен 255 күнделiктi газет басылымы, 37 млн. таралыммен және жылдық таралымы 788 млн. болатын 4132 журнал басылып шығады. 

Жапониядағы газет басылымдары жалпыхалықтық және префектуралық болып екiге бөлiнедi. Бұл елдегi газет-журналдар көбiне коммерциялық болғандықтан, басылымдардың тәуелсiздiгi тек қағаз жүзiнде ғана. Яғни, басылымдарда халықтың сөзiнен гөрi құрылтайшылар мен партиялардың сөзiн сөйлеу басым.

Жапонияда шығатын газет-журналдар жапон және ағылшын тiлiнде 10-12 беттiк болып басылады. Мұның сыртында жергiлiктi баспасөз ұйымдарының кейбiр басылымдары 18-20 беттiк болып келедi. Мұнда әртүрлi сипаттағы: салалық, саяси, көркем тағы басқа түрлi тақырыптағы мақалалар жарияланып отырады.

1950-шi жылдардың аяғында мәдениет пен бiлiм беру саласына қатысты журналдар кеңiнен тарала бастаған болатын. Сол кезеңде шыққан басылымдарға қысқаша тоқталып өтейiк: “Бiлiм беру” (1951 ж.), “Мәдениет және бiлiм” (1951 ж.), “Тәрбие туралы қазiргi ғылым” (1960 ж.), одан бергi кезеңде шыға бастаған “Жапонияның психология туралы журналы” (1960 ж.), “Эксперименттi психология журналы” (1957 ж.), “Педагогикалық психология журналы” (1958 ж.) секiлдi халықтың көңiлiнен шыққан басылымдар бүгiндерi де қоғамда өз орнын алып отырған жайы бар.

Ал, газет басылымдарына келер болсақ, бұл салада “Асахи симбуня” компаниясының атқарып отырған қызметi орасан. Аталған бiр ғана компанияның “Асахи ивнинг нью”, “Сюкан асахи”, “Асахи греф”, “Асахи спорт” секiлдi көпшiлiк кешкiлiк, күнделiктi және апталық басылымдары бар.

Сондай-ақ, елдегi экономикалық жаңалықтарды таратушы басылымдардың көбiсi “Майнити симбуня” компаниясының қарамағына тиесiлi.

Телерадиосы. Жапония дамыған телевизилық торабы бар мемлекет. Бұл елдiң ұлттық телевизиясы өз бағдарламаларын жапон, ағылшын тiлдерiнде таратады. Ал, радиобағдарламалар жапон, ағылшын т.б тiлдерде таралады. Радиостанциялар қызметi мен телевизия орталықтары сияқты арнаулы радио департаментi арқылы ақпарат министрлiгi айналысады.

Баспасөз ұйымдары секiлдi, теле-радио органдарында да жарнама тарату кеңiнен орын алған. “Денцу” жарнама агенттiгiнiң мәлiметi бойынша, жарнама таратудың “ең алтын уақыты” кешкi 19-00 мен 22-00 сағат аралығы, яғни бұл аталған уақыттардың 15 секундтық жарнама уақыты 7 мың американ доллары немесе 700 мың жапон иенi.

Ал радиотарату мәселесiне келер болсақ, аталмыш “Денцу” агенттiгiнiң айтуынша, дәл қазiргi уақытта, Жапонияда АМ-диапазонында жұмыс iстейтiн 47 радиостанция мен FМ-диапазонында жұмыс iстейтiн 27 станция бар көрiнедi. Сонымен бiрге қысқа диапазонда жұмыс iстейтiн бiр ғана станция бар. Токио мен Осака секiлдi телерадио индустрия және баспасөз ұйымдары көптеп орналасқан қалаларда бағдарламалар шет тiлдерiнде жүргiзiледi. Атап айтар болсақ, ағылшын, немiс, француз және орыс тiлдерiнде. Тағы бiр айта кететiн жайт, телерадио компаниялардағы жарнама таратуда жетекшi рөлдi жоғарыда аталған “Денцу” агенттiгi атқаруда. Жапониядағы жалпы жарнама шығарудың 78 пайызы аталмыш агенттiктiң үлесiнде.

Ақпарат агенттiктерi. Жапонияның алғашқы ақпарат агенттiгi ХIХ ғасырда пайда болды. Бiрiмен-бiрi бәсекелесе отырып, олар эфемерлiк жағдайда өмiр сүрдi, яғни бiресе қосылып, бiресе бөлiнiп отырды. Алғашқы үлкен агенттiк 1914 жылы құрылды, “Кёкусай Цусинся” деп аталады. Бұл агенттiк Ирак мемлекетiнiң астанасы – Бағдад қаласында жұмыс iстей бастады. Негiзгi мiндетi шетел жаңалықтарын таратумен ғана шектелдi. Ал, дәл қазiргi уақытта Жапониядағы алдыңғы қатарлы ақпарат агенттiктерiне тоқталсақ, олар екеу: “Киодо Цусин” және “Дзидзи пресс”. Сондай-ақ, әрбiр салаға қатысты жеке құрылған, “Радио-пресс”, “Азия жаңалықтары” және “Кеңес жаңалықтары” атты агенттiктер жұмыс iстейдi. Олар 4000-нан астам газет пен журналдарға, радио, телевидение, университеттерге, елшiлiктерге ақпаратты ағылшын және жапон тiлдерiнде таратады.

Агенттiктiң шетелдерде 20 тілшілік пунктері бар. Париж, Лондон, Нью-Йорк қалаларында орналасқан аймақтық бюролары жұмыс iстейдi.

Әлемдiк агенттiктер: Рейтер, ЮПИ, АФП және Азиялық басқа да елдердiң халықаралық ақпараттарды тарату агенттiктерiмен тығыз байланыс орнатқан. Агенттiк қазiргi заманға сай арнайы құралдармен жабдықталған және жұмыс барысы компьютер арқылы атқарылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *