ҚҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР

ҚҰСТАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕР


Қарғалар тобымен шуылдасып ұшса, қыста күн суытады, ал жазда жамандық белгісін білдіреді.

Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа-райы өзгеріп, жаңбыр жауады; жер бауырлап ұшса, күн бұзылады.

Көкектің даусы оң жағыңнан естілсе, бай боласың; сол жағыңнан естілсе, сәтсіздікке ұшырайсың;’алдыңнан естілсе, көп жыл ауырмайсың, денсаулығың жақсы болады.

Үкі түнде ауылдың сыртынан шақырса, ауылда көп кешікпей өрт, болмаса қайғылы жағдай болады; үкісін жұлып алып, бойтүмар етіп сақтаған адам қатерге ұшырамайды.

Егер тауық үясына ерте қонақтаса, ертеңіне жауын-шашын болады; бір аяғын бауырына алып, ұзақ түрса, күн суытады.

Егер тырналар дыбыс шығармай тым жоғары ұшса, күн жылы болады.

Үйдің төбесіне қарлығаш не көгершін ұя салса, жақсылық болады, өйткені бұл құстар — Алланың сүйіктісі.

Тауықтың мезгілсіз шақырғаны — жаман ырым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *