ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР


Егінді, шалғынды бейсауат баспайды. Обал болады.

Көкті жұлса, «Көктей соласың» деп жамандыққа жориды.

Суға дәрет сындыруға болмайды. «Ағын судың арамы жоқ» деген сөз бар. Бұл суды басқалар пайдаланады.

Суға түкірмейді, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді.

Ағын суды бұруға болмайды. «Судың да сұрауы бар», «Аққан су арнасымен ақсын», «Бидің жолы ақ, судың жолы сара» деген сөздер бар.

Қүстардың ұясын бұзуға болмайды.

Қарғаса, үй ішіңе кесепаты тиеді.

Торғайдың жұмыртқасын қиратсаң, бетіңе шұбар түсуі мүмкін.

Аққу киелі құс деп саналатындықтан, оны атуға, құс салуға болмайды.

Қыран құстарды атса, киесі тиеді.

Киіз үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпейді. Қарлығаш адамға дос, сондықтан ұясын бұзбайды.

Байғыз киелі құс болғандықтан, оны ұстап алуға болмайды.

Үкіні ұстап алуға болмайды. Үстаған күнде үкісін жүндеп алған соң, бір тойдырып, босатып жіберу керек.

Жапалақ пен жарқанатқа тиюге болмайды, қарғысы қатты болады.

Құмырсқаның илеуін бұзсаң, үй ішіңе кесепаты тиеді.

Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады.

Жылан үйге кіріп кетсе, өлтірмейді, басына ақ құйып шығарады.

Жолбарыс, аюды көп ауламайды, оларды «аң иесі» деп санайды.

Өсіп түрған ағашқа балта тигізуге болмайды. От жағуға қураған ағашты, малдың тезегі мен қиын пайдаланады.

Жабайы анды үнемсіз аулауға болмайды. Қажетіне қарай аулап, қалғандарының өсіп-өнуіне жағдай жасап отырады.

Қара суды сапырмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *