Екі ракағат намаз

Екі ракағат намаз

С: Екі ракағат намазда қандай амалдар бар?
Ж: Екі ракағат намазда екі қиям, екі рукуғ, төрт сәжде және бір отырыс бар.
С: Бұл сөздердің мағынасы қандай?

отыру.

Ж: Қиям–аяқта тік тұру, рукуғ–еңкею, сәжде–мандайын жерге тигізу, қағда–

С: Екі ракағат намаз қалай оқылады?
Ж: Екі ракағат намазды оқиын деп жатқан кісі, әуелі ниет етеді, содан кейін екі

қолын көтеріп, құлақ жұмсағына тигізіп, тәкбір алады. Содан кейін екі қолын бір- бірінің үстіне қойып, кіндік астына байлайды. Одан кейін «Тағауыз және Бәсмәләні» айтып, «Фатиха» сүресін оқиды, әминді (іштен) айтады, кейін қосымша бір сүре оқиды. Кейін тәкбір айтып, рукуғқа барады. Рукуғта үш рет мына тәсбихты айтады: «Субхана раббиал азим», кейін «Сами Аллаһу лимән хамидаһ» — деп қиямға тұрады. Қиямда тәкбір айтып сәждеге барады. Сәждеде үш мәрте тәсбих айтып, тәкбір айтып отырысқа барып, отырыстан кейін тәкбір айтып, екінші сәждеге барады, екінші сәждеде тәкбір айтып, екінші ракағаттың қиямына тұрады. Екінші ракағаттың қиямында «Тағауызды» оқымастан қолдырын байлап, «Бәсмәләні» айтып, «Фатиха» сүресін оқып, сосын бір сүре қосып, алғашқы ракағатқа ұқсастырып рукуғ, қиям және екі сәжде жасап, екінші тәкбірден кейін тәкбір айтып, отырыс жасап, отырған сәтте әуелі «Тәшәһһудты» оқиды, одан кейін салауат және аят дұғасын оқиды. Кейін бірінші оң жаққа, содан кейін сол жаққа сәлем беріп, сәлем дұғасын оқып, екі қолымен бетін сипап, осы амалдармен екі ракағат намаз бітеді. Таң намазының екі ракағат сүннеті, екі ракағат парызы, бесін намазының екі ракағат сүннеті, шам намазының екі ракағат сүннеті, құптан намазының екі ракағат сүннеттері де осылай оқылады. Бірақ, әрқайсысының ниеті әр түрлі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *