Азанның мұстахаптары
С: Азанның мұстахаптары қандай?
Ж: 1) азаншының дәретті болуы; 2) құбылаға қарап азан айтуы; 3) бас бармақты құлағының жұмсағына тигізіп тұруы; 4) азан сөздерін анық жеке-жеке айту; 5) екі
«хайяләда» азанды оң жаққа және сол жаққа қарап айтуы; 6) азанды естіген адамның жүруден, жұмыс жасаудан және сөйлеуден тыйылып азан калималарын қайталап тұруы;
7) азаншы «хайяләс-соләтты» айтқан кезде, әрбір естуші «Лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһил-алийил-азим» деген сөзді, ал «хайяләл-фаләх» дегенде «Мә шәа Аллаһу канә уә мә ләм яша ләм якун» деген сөзді айту
С: Кімдерге азан және қамат айту мәкрүһ?
Ж: Дәретсіз, жүніп, ақыл есі дұрыс емес және мас кісілердің азан және қамат айтуы мәкрүһ. Әйелдер, балиғат жасына жетпегендер, пасық кісілердің азан және қамат айтуы рұқсат емес.