Радиожиіліктегі сәулелермен жұмыс істеу кезіндегі қосымша қолайсыз факторларға жатады: 1) 10 киловольттан жоғары кернеудегі жұмысшылардағы СВЧ блоктарының модуляторлы және генераторлы аймақтарындағы рентген сәулелері (басым төмен энергетикалық); 2) РЛС кабиналарындағы, радио және телеоадистанция мекемелеріндегі, индукциялық және диелектрлік металл қызбаларындағы жоғары температура, 3) РЛС операторларындағы, радио және телерадиостанцияларындағы кезекшілердегі эмогционалды психикалық стрестер, сонымен қатар соңғы категория жұмысшыларындағы еңбек және демалыстың қолайсыз тәртібі; 4) индукциялық қыздыру аймақтарының, кабиналардың ауаның химиялық заттармен ластануы.
Клиникасы.
Жедел және сүлелі әсерін ажыратады. Қарқынды сәулелену жылу эффектісін тудырады. Бұл кезде дегбірсіздікке, аяқтардағы ауырсынуларға, бұлшық ет әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, басының ауыруына, бетінің қызаруына, жоғары тершеңдікке, шөлдеу, жүрек қызметінің бұзылуына шағымданады. Жедел қысқа уақыттық микротолқындар тахикардия, діріл, ұстама тәрізді бастың ауырсынулары, жүрек айну түріндегі диэнцефалды бұзылыстармен жүреді. СВЧ алаңында аз қарқындылықта жедел реакция астения түрінде көрінеді.
Радиожиілік диапазонындағы ЭМИ әсерлерінен пайда болған кәсіптік аурулар сүлеліге жатады. Олар баяу түрде дамиды.
Микротолқындар (СВЧ алаңдары) радиотолқындар спектріндегі биологиялық белсенді болып табылады.
Клиникасындағы маңызды орындарға ОНЖ өзгерістер, әсіресе жүрек тамыр жүйесіндегі және вегетативті бөліктердегі.
Үш синдромды ажыратады: астениялық, астеновегетативті, гипоталамиялық. Бұл синдромдар негізінен аурудың үш кезеңіне сәйкес: бастапқы (компенсирленген), шамалы айқындылықтағы және айқын.
Аурудың бастапқы кезеңінде астениялық синдром болады, науқастар басының ауруына, жоғары шаршағыштыққа, ұйқысының бұзылуына, кезеңді түрде жүрек аймағында пайда болатын ауырсынулар. Вегетативті симптомдар реакциялардың ваготониялық сипатымен жүреді. Артериялды гипотония және брадикардия тән. Брадикардия кезінде ЭКГ – Т тісшесі басым кеуде әкетулерінде, биік, үшкір, ол клиникалық мәліметтер бойынша вегетативті дисфункция көріністері болып табылады. Перифериялық қарсылықтар қанның минуттық көлеміне сәйкем келмейді және қалыптыдан төмен. Қалқанша безінің белсенділігінің жоғарлауы анықталған. Науқастарда көру және сезу қабілеттеріні жоғарлаған. Бұл өзгерістер науқастардың еңбек қабілетін өзгертпейді.
Аурудың шамалы айқын және айқын кезеңінде астеновегетативті синдром немесе гипертония түріндегі НЦД синдром түрінде дамиды. Астениялық синдромдар тереңдей түскен кезде, вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің жоғары қозғыштығымен байланысты және ангиоспастикалық реакциялар және тамырлардың тұрақсыз гипертензиясымен көрінетін бұзылыстар. Соңғысы аурудың ауырлығын көрсетеді.
Симпатикалық адреналды криз түріндегі пароксизмалды жағдайлармен сипатталатын гипталамиялық синдромдар аурудың жекеленген айқын жағдайларында дамиды. Осы науқастарда жоғары қозғыштық, ұйқысының бұзылулары, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұстама түріндегі бас аурулары мен зардап шегеді, ол жүрек айну, бас айналу, көзінің қарауытуымен, қысқа уақыттық естен танулармен сипатталады. Оларды қолдарын созған кездегі саусақтар мен қабақтарының терморы, гипергидроз анықталынады. Науқастар жиі жүрек аймағындағы қысып ауырсынуларға «ауаның жетіспеушілігі», АҚ жоғарлауы, әсіресе диастолалық (90-95 мм.сын.бағанасынан жоғары), күрт әлсіздік. Ұстамадан тыс уақыттарда науқастар сол жақ қол және жауырынға таралатын жүрек аймағындағы ауырсынуларға шағымданады. Айқын невростения фонында кардиалгия дамиды, ол тамырларды кеңейтетін заттармен емге көнбейді. Кейде кезеңді түрде пайда болатын жүрек қағулар, жүрек жұмысына көп мөлшерде күш түсу, физикалық күш түсу кезіндегі ентігулер, горизонталдыдан вертикалды жағдайға ауысқан кездегі пульстердің айқын лабилділігі, субфебрилитет анықталынады. Артериялды қысым тұрақсыз болады, көбінесе жоғарлауға бейім. Қалыпты АҚ бар науқастарда физиалық күш түскен уақыттағы күрт систолалық және басым диастолалық қысымның жоғарлауы болады. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясына байланысты, жүректің сол жақ шекарасының кеңеюі, жүрек тондарының тұйықталуы, кейде жүрек ұшынан систолалық шу естіледі. ЭКГ – да Т тісшесінің төмендеуі және инверсиясы, көбінесе екі стандартты немесе сол жақ кеуде әкетулерінде, ST сегменттерінің ығысуларымен. Церебралды криз кезіндегі жеке жағдайларда, жыпылық аритмиясы дамиды, ол қарыншалық экстрасистола түрінде тіркеледі. Айқын жағдайларда атеросклероз, ЖИА, гипертониялық аурулардың ерте белгілері анықталынады.