ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

 

Таткенова С. К.
Ж.Мусин атындағы Кҿкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
Кҿкшетау қ.
saule_12.78@mail.ru

Күллі ҽлемдегі ең ҿзекті мҽселелердің бірі-ҽр халықтың ҿскелен ұрпағының жүйелі тҽрбиесі ҽрі жарқын болашағы. Ұлттың елдік асыл қасиетін жалғастырар кейінгі толқын биік деңгейде ҿсіп, ҿркендеп, қалыптасуы үшін бар күш-жігерін жұмсап, балалардың ақылды да парасатты болып ер жетуіне үлкен мҽн береді. Жас ұрпақтың ҿсіп жетілу процесінде музыкалық тҽрбиенің алатын орны қайда? Ҽрина, ұшан-теңіз! Мектеп жасына дейінгі балабақша бүдіршіндерінің жҽне бастауыш сынып оқушыларының бҽрі бірдей болашақта ҿнер адамы, кҽсіби музыкант болып шығуы міндетті емес. Алайда, ұрпақ тҽрбиесінің ерекше бір рухани нҽзік саласы-музыка тҽрбиесі.

Ҿсіп келе жатқан жас ұрпақты толыққанды қазақ азаматы етіп тҽрбие беруге ҿз халқымыздың ҽн-күйінің ауқымы ҿте кең. Ата-бабамыз бізге баға жетпес мол мұра-бесік жырынан бастап түрлі аңыз, ҽңгіме, жыр, терме, ҽн-жыр, күйлерін қалдырып кетті. Осы мол мүмкіндікті біздер барынша нығайтып, бүгінгі заманымыздың талабына сай кеңейтіп, ҿскелең ұрпақтың сана-сезіміне құйып отыруымыз керек. Жас ұрпақты қазақ мҽдениетіне тҽрбиелеу мектеп баспалдағынан басталады. Міне, сондықтан музыка пҽні мұғалімдерінің міндеті шҽкірттеріне музыка ҿнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала отырып, эстетикалық тҽрбие беру.

Соңғы жылдары байқағанымыз, үлкендер мен қатар мектеп оқушылары да қазіргі кезде эстрадалық ҽндерді орындауға үлкен қызуғышылық танытып келеді. Оған себепкер заман ағымына сҽйкес ұйымдастырылып, ҿткізіліп жататын түрлі эстрадалық ҽндерді орындаушы балалар конкурстары, фестивальдері, байқаулары т.б.

Ҽн үйрету оқушылардан ҽуенді тыңдай білу, таза орындай білу жҽне есте сақтауға үнемі жаттығуды талап етеді. Сонымен бірге оқушылардың зейінін, тҽртібін, аңғарымдылығын тҽрбиелейді. Бірігіп ҽн айту ҽннің мазмұнының таза орындалуына тырысуға, кҿркемдік бейнені бірдей ашуға ынталануға, бір ұжымдық шығармашылыққа тҽрбиелейді, бірлікке жұмылдырады.

Ҽн айтуға құшт(ар мектеп оқушыларының даусын тҽрбиелейтін музыка мұғалімі. Сондықтан да ол ҿзі білім алған жылдарда ең алдымен ҿз даусының мүмкіндігін анықтап, сол мүмкіндерді жұмыс барысында ұзақ жылдар бойын сол таза күйінде сақтай алуға, бала даусымен жұмыс істей білуге дайын болып, оның барлық ережелерін меңгеріп шығуы тиіс.

Әр сыныптың оқушыларының ақыл-ойының дамуына байланысты ҽндерді жеңілден күрделіге қарай іріктеу керек. Бастауыш сынып оқушыларының дауыс диапазонына сҽйкес келетін, сонымен қатар ҽн мазмұны мен музыкалық құрылымы балалардың қабылдап меңгеруіне лайықты болатын ҽндерді таңдап алу мұғалімнің міндеті.

Дауыс- кҿзге кҿрінетін нҽрсе емес, баланың дауысын қоюда, аспапта ойнауды үйрету мұғалім үлкен роль атқарады. Дауыс қою саласында оны іске асыруға қажетті ҽдебиеттер пайдалану керек. Ҽдебиеттерде жалпы дыбыс шығару аппаратының жұмысы, тыныс алу түрлері ҿте түсінікті, жан-жақты қарастырылған.

Дегенмен де, адамдардың бір-біріне ұқсамайтындығы секілді, дауыстың да бір-біріне ұқсамайтындығын, білуге қолданылатын жаттығулардың екінші біреуге дҽл сол күйде қолдануы мүмкін емес екендігін ескерте кетуіміз керек. Дҽстүрлі жүйе бойынша мектепте ҽнді жалпы хормен айтуға тҽрбиелеп, соған байланысты жаттығулар қолдануға тырысады. Ал «эстрадалық» деп айдар тағылған ҽнді айту үшін ҽр орындаушының, ҽр баланың дауыс ерекшелігін байқап, оны ҽрі қарай тҽрбиелеу мақсатында жұмыс істеу керек. Бұл жұмыста аптасына 1 рет 40 минут кҿлемінде ҿтетін музыка сабағында жүзеге асыру қиын-ақ. Дегенмен де, ҽн салу ҿнеріне баулу үшін мектептегі музыка пҽнінің мұғалімі балалар дауысының даму ерекшелігін, соған орай оқыту барысында қойылатын талаптарды жақсы меңгеріп, ҽрі қарай тҽрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс.

Ҽннің ҽр сҿзінің мазмұнын түсінген оқушылар ҽннің ҽуені мен мҽтін мазмұнын байланыстыра отырып, терең сезіммен мҽнерлеп шын кҿңіл ниеттерімен беріле орындауға дағдыланады. Осындай жүйелілікпен енгізілген музыкалық тҽрбиенің бастауыш сыныптағы оқушылардың музыкалық білімдері, ҽн салу шеберлігі, ой-ҿрістері, жан- жақтылығы дами бастағанын нақты сезінуге болады. Бұл ретте оларға үйретілетін ҽндер де күрделеніп, мазмұндары кеңіп, тақырыптары маңыздырақ болып келетін шығармаларды жоспарға енгізуіміз керек.

Балалар дауысын тҽрбиелеудегі қойылатын талаптар олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылады, тек сонда ғана сыңғырлаған, таза ашық, бала үніне тҽн болу сақталады. Мұғалім оқушының дауысын бұзып алмауы үшін ең алдымен оның дауысына лайықты репертуар таңдай білуі қажет. Тесситурасы ҿте жоғары немесе тҿмен ҽндер балалар дауысының табиғи тембрін жоғалтып, елеулі зиянын тигізеді. Осындай жағдайлардан бірте-бірте дауыс шымылдығына зақым келіп, түрлі тамақ ауруларына ұшыратуы мүмкін. Ҽсіресе орта буын сыныптарындағы оқушылармен ҽн үйретуде ҿте ұқыпты болған жҿн, ҿйткені бұл кезде олардың дауысында ҿзгеріс пайда болады, бүкіл организмінен қатар дауыс аппараты да жетіліп, ересектік шаққа бет бұрады. Ол кезең «Мутация кезеңі» деп аталады. Вокалдық педагогикада бұндай балаларға ҽн айтқызу айтқызбау жайлы кҿптеген қарама-қарсы пікірлер бар. Біздіңше,
мутация басталған балалардың дауысына салмақ салмаған жҿн. Қазіргі кезде мектепте музыка сабағында аспапты қолданбайды, кҿбінесе үнтаспа арқылы ҽндерді орындайды. Мектеп болсын, түрлі оқу орындарында болсын, эстрадалық ҽндерді орындау, оны тыңдау бел алып бара жатқан кезде, құлаққа жағымды дауыстар мен үндерді тыңдап, оны сол күйінде сақтап, ҽрі қарай дамыту, оның құндылығын сезе білуге тҽрбиелеу-біздің мақсатымыз.

Әдебиеттер:

1. Г.А.Дмитриевский. Хор жҽне оны басқару.
2. Л.А.Андреева. Методика преподавания хорового дирижирования.

3. Л.А.Безбородова. Дирижирование.

4. Б.Ж.Алданзарова.Л.А.Айдарбекова. Хороведение и методика работы с хором.

5. К.Пигров. Руководство хором. М.1964ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *