ПОРТРЕТ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ

 

Шүйінішев Ҽ.Ш.
Көкшетау қ., Ш.Уҽлиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті.
Shuyinshe@mail.ru

Біздің қазіргі ҿмір сүріп отырған кезеңіміз – дүние жүзілік ҿзгерістер заманы. Біздің елімізде ғана емес бүкіл жер шарында цивилизация дамуының жаңа, тың серпіні байқалады. Ең бастысы – жаңашылдықа ұмтылған күштер бел алып келеді. бірақ бұл адамзат баласында шешу кезегі келген тауқыметтер (проблема) жоқ деген сҿз емес, қазіргі ұрпақ алдында орасан зор тауқыметтер (глобальная проблема) шешу қажеттігі тұр. Қазіргі кезде кҿп нҽрсеге жаңаша кҿзқараспен қарау немесе қоғамдық сананы жаңғырту қажеттілігі де айқын сезілуде. Ҿйткені, кезінде жағдайға байланысты практикалық маңызы болған кҿзқарастар уақыттың, ҿмірдің ҿзгеруінен пайда болған сайын дҽрменсіз болып бара жатыр немесе тіпті кертартпа (реакция) кҿзқарастарға айналуда. Қоғамдық сананың бір түрі ҿнер десек, ҿнерде де жаңаша кҿзқараспен тануымыз қажет дүние жетерлік. Сонымен бірге, ҿнердің ҿзін сол жаңаны тану құралы ретінде пайдалануға болатынына ешкім қарсылық айта қоймас. Менің айтқым келіп отырғаным – ҽр заманның, дҽуірдің, уақыттың ҿзі туғызып қалыптастырған, артына ҿшпес із қалдырған тұлғалары болады, міне, осы тұлғаларды келер ұрпақ жадында, санасында сақтап қалуда ҿнер, оның ішінде, портрет ҿнері теңдесі жоқ қызмет атқарады.

Дүние жүзілік кҿркемҿнердің даму барысына кҿз салып қараған кезде Еуропа елдеріндегі портрет ҿнерінің дамуы бірден назарға ілігер еді. Атап айтқанда Ағылшын, Голландия, Алмания, Италия т.б. Ал, Францияда, сол кезде ұлы Француз революциясы туғызған гуманистік идеалдарды бойына сіңірген шыншыл портреттер дүниеге келді. Ресейде ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде Рокотов, Левицкий, Боровиковский, Кипренский тҽрізді суретшілер үлкен табыстарға жетті. ХІХ ғасырдың екінші жартысындщағы орыс портрет ҿнеріне тҽн белгі – олардың моральдық-этикалық тақырыптарға ұмтылуы. Перов, Крамской, Репин, Серов тҽрізді суретшілер ҿз замандастарының терең психологиялық портреттерін жасады. Бұл кездегі орыс суретшілері жаңашыл бағыттарымен ерекшеленді. Бұлардың қатарына Малютин, Нестеров, Коненков, Голубкина, Андреев, Петров-Водкин жҽне басқа да портретшілер жатады. Олардың шығармалары портрет жанрында тартымды жаңа кезеңнің бетін ашты.

Портрет жанры – бейнелеу ҿнерінің ең ежелгі жанрларының бірі. Ежелгі Египет ҿнері бізге перғауындар мен абыздардың мүсіндік жҽне кескіндемелік портреттерін қалдырды. Олар айқын да түсініктілігімен ерекшеленді.

Ежелгі Грекия ҿнерінде идеалды, жалпылама образдармен бірге суретшілер жекелеген нақты адамдарды да бейнелеуге кҿңіл бҿлді. Ал, Рим портреттерінде бұл кҿңіл бҿлушілік тереңдей түседі. Рим портрет ҿнерінің ҿзіне тҽн ерекшелігі де осында, ҿйткені, ол түп нұсқаның ҿзіне тҽн қайталанбас қасиеттерін егжей-тегжейлі кҿрсетуге ұмтылады. Дҽл осы Рим портреттерінен суреттелушіге психологиялық мінездеме беруге талпынысты байқаймыз.

Қоғамдық ҿмірге біріңғай дін ҽсер еткен орта ғасыр реңінде суретшілер ҿз ойларын аша алмады да портрет жанрына тиісті дҽрежеде кҿңіл бҿле алмады. Дін қысымы суретшілерге икондық формадағы образдар ғана жасауға мҽжбүр етіп, олардың сан қилы, ҿміршең, қайталанбас тұлғалар образын жасау мүмкіндігін қатаң шектеп тастады.

Дегенмен де жалпылай алғанда осы кезеңде живописьтік портрет нұсқалары да пайда бола бастады. (Фреска, жібек матаға салынған жҽне портреттік миниатюра).Бейнеленетін адамның қоршаған ортасына да кҿңіл бҿліне бастады.Сондықтан, болу керек топтық портреттер де дами бастады. Дін қанша дегенмен де абстрактылы идеалдар (құдай ұғымы), бақилық дүние ойларын күйттегенімен де, ҿнерде жер бетілік, пҽни дүние ойлары да бейнелене бастады. Мұндайды Ежелгі дүние(Антика) мен Мысыр ҿнері ҽлі білмеген еді.

Қайта ҿрлеу дҽуірінде Италияда, Алманияда тамаша шыншыл (реалистік) портреттер пайда бола бастады. Суретшілер адамның сырт пішінімен қатар ішкі жан дүниесіне де ерекше кҿңіл бҿліп, бейнелей бастады да, мұнымен тынбай адам жанының нҽзік иірімдерін тап басуға, тіпті кішкене ғана болса да адамның физиологиялық ерекшелігін тап басуға ұмтылды.

ХVІІ ғасырда Рембрандт, Веласкес, Рубенс, Ван-Дейк, Франс Хальс тҽрізді суретшілер ҿз замандастарының қайталанбас образдарын жасады. Бұл образдар нҽзік психологиялық түзілімімен ерекшеленетін еді. ХVІІІ ғасыр портрет ҿнерінде Рейнсборо мен Рейнольдс сынды ҿнер шеберлері ҿмір сүрген. Қазақтың ұлт ҿнеріндегі портрет туралы айтар болсақ, қазақтың кҽсіби бейнелеу ҿнері бастау алған кезеңі ХХ ғасыр екені белгілі, бұл кездегі ҿнердің даму барысына таптық идеалогия ықпал еткенін айта кету керек. Дегенмен, бұл кезде ҿмір сүріп жұмыс жасаған, қазақ портрет ҿнеріне елеулі үлес қосқан Ҽ Қастеев, С.Айтбаев, Ш. Сариев жҽне т.б кҿптеген суретшілерді атауға болар еді.

Ҿнер замана бейнесін бар қарама-қарсылығымен бейнелеуге бейім. Бұл жерде портрет жанры да маңызды орын алады. Ҿнердің ҿзіне тҽн функциясы – эстетика. Эстетикалық сезім – адамның барлық іс-ҽрекетімен, қажыр-қайратының, қабілетінің қайнар кҿзі. Ал, оның мақсаты – адам тҽрбиелеу, яғни, адамды ақылы мен сезім-талғамы жағынан, идеалын, адамгершілік болмысын, сыртқы тұрпатыг қалыптастыру.

Осылайша, портрет те жан-жақты қалыптасқан адам үшін, оның ішкі жан сарайы үшін күрес жүргізеді. Демек, ҿнер мұраты (идеал) – адам қалыптастыру. Ұлы суретшілер бұл мұратқа шындық арқылы жетеді. Сондықтан, оның шығармалары тҽрбиелік күш-қуатқа толы болады. Бұл портреттер бір ұрпаққа ғана танымал болып қоймайды кҿптеген ұрпақтарға да ҿз ҽсерін тигізе берді. Ҿнердің құдіретті күші, тіпті, жер бетін мекендейтін барлық халықты аудармашысыз ҿзара түсінісуге қызмет етеді.

Әдебиеттер:

1. Всеобщая история искусства. Под.ред. М.В Алпатова в 10 томах,-М.,-
Л.,1949-1965 гг.

2. Байжігітов Б.Қ. Студенттердің рухани мҽдениетін жетілдіруде кҿркемдік түйсінудің ролі. Алматы,1996.

3.Цырлин И. Жанры изобразительного искусства. М,: Советский художник,1962.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *