Утегенов М. З., Игілік Байқоныс
Көкшетау қ., Ш. Уалиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті
Baykonys.kz@mail.ru
Шығыс Түркістан деп аталатын қазіргі Жоңғария даласы мен Алтайдың арасында жатқан ұланғайыр дала – Қазақ халқының тарихи ата қонысы екені баршаға мҽлім[1,46].Сол ұлы далада тіршілік еткен қазақ халқы тҽуелсіз ел болуға деген талпынысын ешқашан тоқтатқан емес. Оңтүстік Шығыс Түркістандағы кҿтерілістерді есепке алмағанда Алтай мен Тянь-Шаньның арасын мекен еткен қазақтың іргелі ру тайпалары Керей – Найман елі соңғы бір ғасырда Қытай отаршылдарына қарсы талай рет ұлт азаттық кҿтерілісін жасады.Шығыс Түркістан атауы – ешқандай саяси мүддеге тҽуелсіз географиялық атау ғана, қысқаша айтқанда түркі ҽлеміне тиесілі жердің шығыс бҿлігі. Ежелден кҿк түріктің кҿшіп қонған ҿз жері. Шығыс Түркістанның тарихи тағдыры қазіргі заманда аса зерттеуді қажет ететін күрделі мҽселе. Тұрсын Жұртбай ағамыздың сҿзімен айтқанда: «Шығыс Түркістанды тек Қазақ емес оны зерттеуге сол кезде Шығыс Түркістанның тағдырын шешкен ҽскери-дипломатиялық келісімдерге қатысқан мемлекеттердің бҽріде зерттеуге мүдделі» [2]. Қазіргі таңда Шығыс Түркістанның қазақтар шоғырланған жерімен қатар, қазіргі қалыптасқан территориялық орны бойынша тұтастай алып, ҽлем назарында қаншалық орны болғанын ҽңгіме етпекпін. 1758 жылы Жоңғар хандығын Цинь империясы басып алып жеріне иелік ете бастады. Бұл кезде Ресейдегі патша үкіметі Шығыс Түркістанға ҽлі кҿз тігіп аяқ баса қоймаған болатын. Бірақ Қазақстанды шығысқа апарар қақпа санаған 1 Петр патша, 1715 жылы Елие Ашур бекке Шығыс Түркістан жеріне барлау жасауды тапсырған екен. Сонымен қатар 1716 жылы Бекович , Черкаскийді Шығыс Түркістан туралы жҽне сондағы сауда мен жергілікті жердің түрлі жағдайларын білу үшін тағайындаған. Яғни Петр патша сол заманда –ақ Шығыс Түркістан жеріне қызығушылық таныта бастаған болып тұр. Осыған орай Шығыс Түркістанның Оңтүстік батысындағы Қашқар сияқты қалалар Ресей патшалығы үшін қолайлы сауда аймағы еді. Сол үшін Патша үкіметі оны назарға ала бастаған. XIX ғасырдың ортасында Қазақ, Хиуа, Бұхар, Қоқан, хандықтарын бағындырған Патша үкіметі Шығыс жаққа кҿз тіге бастайды. Ҿз иеліктеріне қауіп тҿне бастағанын сезген Цинь империясы ҿз жерінің Шығыс Түркістан бҿлігін сақтандыру үшін ежелден ұстанған «Жабық есік» саясатын тағыда нығайта түсті.Шоқан Уалихановтың 1858-1859 жылдардағы «Қашқарияға сапары» туралы зерттеулері Патша үкіметі үшін ҿте тиімді болды. Қашқария туралы зерттеуге кеңінен тоқталатын болсақ. Саудагер ретінде Қашғарияға құпия барған Шоқан, ҿлкенің экономикалық саяси құрылымын зерттеп, оның тарихы мен этнографиясынан кҿптеген материалдар жинайды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, ҽлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған ҽлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы еді. Қашқар сапарынан «Алты шаһардың яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы атты еңбегін жазды. Шоқан Уалиханов осы орайда алты шаһарға ерекше тоқталады олар: Қашқар, Хотан, Ақсу, Ұштұрпан, Иыңсары, Яркент. Осы қалалар туралы зерттеулер Патша үкіметін ерекше қуантады. Қашқария бұл кезде Патша үкіметі үшін зерттелмеген ҿлке болатын. Еуропа үшін де белгісіз болатын. Шоқанға дейін Шығыс Түркістан ҿлкесін Марко Поло, Иезут Гассен, Тер сияқты ғалымдар зерттеген болатын, бірақта бұлардың зерттеулері толыққанды нҽтежие бермеді.Шоқан Уалихановтың Қашқария туралы зерттеуі Еуропаны дүр сілкіндірді. Қашқариядан қайтып келген Шоқанға ерекше марапат пен тҿртінші дҽрежелі Владимир ордені берілді.[3;141] Осылайша Шығыс Түркістан ҿлкесінің қиында қилы тағдыры басталады.
Ал бұл уақытта, Үндістанды қолында ойнатып, орыстың Орталық Азияны жаулап алуына ежелден наразы, ҽлем қожасы ҿзім деп білетін, ағылшындар шығысқа күн санап жылжып келе жатқан Ресей империясын тоқтатпаса, кейін ҿзіне кҿлденең болатынын біліп, Қоқан, Хиуа, сияқты ҽліде тҽуелсіз Орта Азия хандықтарын жең астынан қолдап отырды. Сонымен бірге Шығыс Түркістанның бұл аймақтарға жақын Оңтүстік батысын да Қытайдан бҿліп ҽкетуге ұрынып бақты. Ҿстіп жүргенде тілегені табылып, Манжур патшаға қарсы Ұйғыр шаруалардың кҿтеріліс басшысына, Қоқан хандығы, ақылшылыққа жіберген Якуб-бек Қашқарды басып алып, 1867 жылы «Жетішар» мемлекетін құрады, 1870–1871 жылдары Үрімжі қаласына дейін басып алып, Құмкҿл мен Баркҿл, Іле аймағынан басқа бүкіл Шығыс Түркістан аумағын ҿзіне қосты. Мұны сҽтті пайдаланған, ағылшындар Якуб-бекті ҿзіне тартты, қарыз, ақша мен ҽскери кҿмек берді, қытай мен орыстан сақтану үшін Якуб-бекте, ағылшындарға арқа сүйеді. Бұл кезде ҿз ішінен талан таражыболып кеткен қытай үкіметіде Европалық елдерге жартылай отар елге айналған еді. Якуб-бек арқылы, ағылшын ықпалының Шығыс Түркістанға кіріп кетуінен Патша үкіметін қатты сескендірді. Енді ғана қолына қондырған Орта Азияның тыныштығын сақтап қалуға ұмтылды. Ақыры, 1871 жылы бір жағы Якуб-бектің алдын алу үшін, бір жағы ҿзінің отарлық ірге кеңейту мақсаты үшін сол кездегі орны маңызды саналатын Ілені басып алды да, Қытайға дем береді, 1877 жылы Манжур патша жарлығымен генерал Зо Зұңтаң ҽскер бастап келіп, Якуб-бекпен кескілесіп жүріп қуып шығады, Якуб-бек қастықпен ҿлтіріледі [4]. Зо Зұңтаң Шығыс Түркістанды қайта Қытайға қайтарып сол жылы Шин Жияң (xin jiang) деген атау беріп кетеді, мағынасы «Жаңа аймақ» деген сҿз [5,63б.].1884 жылы Манжур үкіметі, Шығыс Түркістанды Шынжаң деген атпен ҿлке етіп жариялап, жаңа провенция құрады [6,63 б.]. Жалпы басқа елдерге қарағанда Ресейдің ықпалы Шынжаңға жоғары болды, бұған себеп, бірінші жақтан, қиыр шығыс саналатын Еуропа, Америка елдеріне қарағанда географиялық жақтан Ресей жақын ҽрі қолайлы еді, екінші жақтан, Орта Азия Түркілерін жаулап алған Ресей Шығыс Түркілеріне сол жақындық арқылы пайдаланып ықпал ете алды.Ресей ежелден бір жерге кҿз тіксе, сол жерді алдымен зерттеп, зерделеуге кірісетін, ХХ-ғасырдың басында орыс геологы Обравчев қатарлы адамдар Алтайдың Бұлғын ҿзені ҿңіріне геологиялық барлау жүргізіп, Бұлғын, Шіңгіл ҿзенінің жағасынан алтын кенін байқаған. 1910 жылы Алтай қаласына Ресей консулы орналасты. Бұл кезде Алтай аймағы тҿте орталық қытайға бағынышты
еді, 1911 жылы Қытайда 300 жыл билік жүргізген Манжур патшалығы құлаған кезде жҽне артынша Монғолияның Манжур отарынан құтылып тҽуелсіздікке ұмтылуын пайдаланған Ресей Монғолияны ҿзіне тарта бастады. Осы жағдайда оқшауланып қалған Алтай жерін қосып алуға тырысқан еді. 1913 жылы Монғолия ҽскер басшысы Жыпсынданба патшалық Ресейдің қолдауымен Қобдаға шабуыл жасап Алтайдың Қобда аймағын жаулап алады, онан Алтайға шабуыл жасап, Алтайдың Қобда шекаралас аудандарына ішкерлей кіреді. 1913 жылы желтоқсанда Сарсүмбеде тұрған Ресей консулы «Қытай ҽскері ҿмірімізге қауіп тҿндіруі мүмкін» деген
сылтаумен Ресейден 1300 ҽскер ҽкеліп Буыршын ауданы мен Алтай қаласына орналастырады [7]. 1917 жылы Ресейде 300 жыл билік құрған, ақпатша қазан тҿңкерісінен кейін құлайды. Бірақ, шынын қуғанда Ресейде патшалық режим жойылғанмен, империялық пиғыл жойылмаған еді. Кеңестік Коммунистік жүйе орнағаннан бастап 1949 жылы Шынжаң Қытай коммунистерінің қолына ҿткенге дейін Шығыс Түркістан мҽселесіне бастан-аяқ араласпады. Жоғарыдағы айтылған сҿздің дҽлелін, Шығыс Түркістан қазақтарына ҽйгілі Оспан батырдың қанды кҿйлек серігі болған Нұрғожай батыр ҿз естелігінде: «Мен ат жалын тартып мінген кезде, Алтайда болып жатқан оқиғалар мынау болды. Ресейден қашып ҿткен қазақтар жан түршігерлік хабарларды ҽкеліп жатты. Орыстар да жанталасып Шынжаңды қолына түсіріп қалуды ойлады. Америкаға сүйеніп, енді тіріліп келе жатқан Нанжиң үкіметі де Шынжаңнан айрылып қалмауға тырысып жатты.» — деп жазады ҿз естелігінде[8]. Шығыс Түркістан мҽселесі 1930–1949 жылдар аралығында Кеңес Одағы мен Қытайдағы қарым-қатынас тарихында ҿте маңызды түйінге айналған, ҽрі сол жылдары Шынжаң мҽселесі қатты шиленіскен жағдайға түсіп, ҽлем назарын ҿзіне аударған еді. Осы шиленісті пайдаланып шетелдік алпауыттарда Шығыс Түркістан мҽселесіне араласа бастайды. 1931 жылы Жин Шурыннің қатал тегурініне шыдамаған Құмылдың ұйғыр-қазақ шаруалар кҿтеріліс жасайды, осы кезде Станбулда эмиграция да жүріп «Яш Түркістан» газетін шығаратын, үлкен Түрікшіл, Қоқанда тұтас Түркістан автономиясын құрушы, Мұстафа Шоқай Шығыс Түркістанды Үлкен Түркістаннан бҿле қарамайтын, жҽне осы кҿтеріліс басталуымен ол «Яш түркістан» беттерінде мақалалар жариялай бастады, Бұл туралы тарихшы Қыдыралиев Дархан ҿз еңбегінде: 1931 жылы Шығыс Түркістанның Құмыл аймағында Ұйғыр, Қазақ, Қырғыздардың жергілікті Қытай үкіметіне қарсы кҿтерілісінің бастауымен бірге Мұстафа Шоқай мен «Яш Түркістан» ұйымына тағы бір міндет жүктелді, ол — Шығыс Түркістан ұлттық майданын жүргізу міндеті еді. Мұстафа Шоқайдың сол туралы конференциялар ұйымдастырып ҽлем назарын аударуға тырысқанын жҽне 1933 жылы серіктерімен, ақылдаса келе Междеддин Делилді Шығыс Түркістанға жіберіп, сол жылы құрылған Шығыс түркістан ислам республикасыменде байланыста болады делінген. Шыныменде, Мұстафа Шоқай Шығыс Түркістан мҽселесіне мҽн беріп, оған «Яш Түркістан» журналынан арнаулы бет бҿлген, ол ҿзінің Шығыс Түркістан жайлы: 1933 ж № 46 санында «Шығыс Түркістан мҽселесі тҿңірегінде.» деген мақаласында: «Түркістанда қанды соғыстар жүріп жатыр, бұл оқиғаға бүкіл дүние жүзі зор мҽн беріп отыр [9,359 б.]. Жапонияның Манжурия арқылы Монғолияға жақындауы мен Англияның Тибетке саяси- экономикалық билік жүргізуі, Кеңес Одағына Шығыс Түркістан мҽселесіне барынша абай болуға мҽжбүр етті» [9,361 б.] делінсе. 1934 жылы № 56 санында: «Шығыс Түркістан, сыртқы дүние жҽне біздің міндеттеріміз» еңбегінде [9,403 б.] жҽне 1935 жылғы № 63 санындағы «Қытай мен Кеңес үкіметінің Шығыс Түркістандағы достығы» деген мақаласында: «ҿткен қаңтар айында Жапон парламентінде сҿйлеген бір сҿзінде, Жапонияның сыртқы істер министирі Хорито Мҽскеудің Шығыс Түркістанға қол созып, бұл ҿлкені кеңестендіруге ұмтылып отырғаны туралы айтады» [9,445 б.]. Ал, 1935 жылы № 71 санындағы «Шығыс Түркістанда» атты мақаласында: Шығыс Түркістан Қытайдың тепкісінен құтылам деп жүріп, орыстың бұғауына түсіп кеткен қасіретті мекен, — деп ашына жазған [9,491 б.].
Шығыс Түркістан Ислам Республикасы үш ай ғана ҿмір сүрді. Ғұмыры қысқа мемлекет болсада бостандық үшін талай алыптармен айқасып, қазақ деген халықтың тҽуелсіздік үшін жан беріспей күресетінін тағы да бір тарих алдында дҽлелдеді.
Әдебиеттер:
1. Ислам Қабышұлы. Тұран Ҽлемі кітабы
2. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. -Астана,12-том. 2008.
3. Шоқан Уҽлихановтың Кҿп томдық шығармалар жинағы. 4-том. -Алматы,
2010.
4. Жҽди Шакенұлы. Шығыс Түркістан мҽселелері. Қазақ үні газеті, 10 тамыз
2010.
5. Қазақ ұлттық Энциклопедиясы. -Алматы, 9 -том. — 2007.
6. Қазақстан тауелсіздігіне 20 жылға арналған, ЕНУ жас ғалымдарының ғылыми-тҽжірибелік конференциясының жинағы. -Астана, 2011.
7. www.baq.kz. Қытайқазақтары. БекенҚайратұлы. Алтай ҿңірінересейдіңықпалы. 28 Қараша 2012
8. Ҽбдуақап Қара. Азаттықтың ҿшпес рухы (Нұрғожай батырдың естеліктері жҽне Оспан батыр). -Алматы, 2008
9. Мұстафа Шоқай. Таңдамалы ІІ томдық шығармалары. -Алматы, 1998.