Қабдуали С. М.
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Ж.Мусин атындағы
Кҿкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
kubasultan@mail.ru
Халел Досмұхамедұлы – Алаш қозғалысының қайраткері, дҽрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дҽрігер бола тұрса да, қоғам ҿмірінің сан салалы мҽселелеріне араласқан саяси жҽне қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, ҽдебиетші, ауыз ҽдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, аудармашы.
1883 жылы сҽуірдің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.
Жасынан зерек Халел 1902 жылы Орал ҽскери реалдық училищесін үздік бітірді. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық ҽскери медициналық академияға оқуға түседі. Халелдің студенттік кезеңі Ресейдегі саяси толқулармен тұстас келді. Мұның ҿзі жас жігіттің саяси кҿзқарастарының қалыптасуына игі ҽсер етті.
1909 жылы академияны үздік дҽрежелі дҽрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі ҽскери міндетін ҿтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында ҽскери кіші дҽрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 жҽне 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дҽрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кҽсіби, ҽлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, ҿзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы ҿз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің ҽдіс-тҽсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан тҿңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, ҿткізуге атсалысты. Сҽуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен ҿткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бҿлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті жҽне облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мҽскеуде ҿткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпы қазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық ҽскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жҿніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссҿздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес ҿкіметін толық мойындап, сҿзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, ҿз ҽскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, ҽр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай кҿмек беру сияқты маңызды мҽселелерді ҿткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында ҿткен Орал ҿңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс ҿңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уҽлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес ҿкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мҽжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бҿлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты ҽскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға кҿп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа ҿкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мҽдени Һҽм ғылыми мұқтаждарын ҿтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін тҿрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі жҽне емдеу-санитарлық бҿлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бҿлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедұлы бір ҿзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметтерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен жҽне оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мҽжбүр етті.
Алаш қозғалысы қалыптастырған зиялылардың ішінде Халел Досмұхамедұлының қайраткер ретінде де, қаламгер ретінде де орны ерекше. Ол сонау 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысының басы-қасында жүрді. 1905 жылы Орал қаласында бес облыс ҿкілдері жиналған Қазақ конституциялық-демократиялық партия құру жиналысына қатысқан он сегіз жасар Халел ісімен де, сҿзімен де туған халқына қызмет етіп ҿтті. Халел күрескерлік жолмен ел арасында жүріп, кҿнеден қалған мұраларды жинауға белсене кірісті. Оның осы саладағы еңбектері кейінгілерге дерек кҿзі ретінде мол пайдасын тигізді.
Халел – студент күннен-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды ҿзіне борыш санаған һҽм сол пікірін іспен кҿрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы еді[1,2].
Халқының жан саулығы мен тҽн саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында ҿткен Жалпы қазақ қырғыз съезіне қатысады. Осында қазақ қырғыз ҿлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда ҿкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.
Х.Досмұхамедовтың ғылыми ізденістермен тереңдеп шұғылдануына басты екі қызметі ҽсер етті. Біріншіден, қазақ-қырғыз білім комиссиясының, екіншіден, Мемлекеттік ғылыми кеңестің тҿрағасы болуы еді.
Ол қазақ ҽдебиеті мен мҽдениеті үшін құнды бірқатар еңбектер тындырды. Халел Досмұхамедұлы қазақ халқының тілі мен ҽдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің ҿзекті мҽселесі – сингармонизм заңын зерттеді. Ол «Қазақ халық ҽдебиеті. Қысқаша очерк», «Самарқан шаһарындағы «Тіллҽ-кҽри» жҽне «Ширдар» медреселерін салдырушы Жалаңтҿс батырдың шежіресі», «Бұхарадағы Кҿгілташ медресесінің салынуы туралы ҽпсана», «Қазақ-қырғыз комиссиясынан», «Шернияз шешен», «Алаш не сҿз», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ ҽдебиетінің тарихы» сияқты т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды, «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы туралы қысқаша мағлұмат», «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм заңы», «Мұрат ақынның сҿздері» сияқты күні бүгінге дейін деректік мҽнін жоймаған жинақтарын шығарды.
Халел Досмұхамедұлының қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сҽуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын кҿруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, ҿзі соның редакторы болған.
Қазір біз тарихымызды зерттеп, тіліміздің, ҿнеріміздің рухани мұраларымыздың терең тамырын тануға кірістік. Белгілі ғалым, академик-жазушы З.Қабдолдың сҿзімен айтқанда, шын мҽнінде халқымыздың ояну дҽуірі туғызған алыптардың қатарында жарық жұлдыздар шоғыры секілді Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ҽлихан Бҿкейханов, Мұстафа Шоқаев есімдерімен қатар Халел Досмұхамедұлы есімін атауы ҽмбебап ғалым Халел Досмұхамедұлына берілген ҽділ баға болып табылады. Бүгінде Халелтану бағытында кҿптеген жұмыстар атқарылып жатыр.
Алашшылдар қазақ халқының болашағын таптық жікке бҿлуден емес, ұлттық бірліктен кҿргенін, халықтың тұрмыс-тіршілігін басты назарға алғаны мҽлім болды. Алашорданың қызметіне араласқаны – Халелдің ҿміріндегі ақтаңдақ емес, қайта оны тҿл халқының ұлы мақсатына жақын етіп кҿрсетеді. Қорыта айтқанда, Х.Досмұхамедұлы – халқына ҿзін арнаған ғылым адамы. Бойындағы күш-қуатын, сана-сезімін сарқа еңбек еткен. «Ҿз еліміздің ҿткен-кеткені туралы, басынан кешкен дҽуірлері туралы … ата-бабаларымыздың істерімен танысып, кеткен жаңылыстарына күйініп, жақсылықтарына сүйініп ғибрат алмақ – адамға сана береді» [3] ,- деп, оның ҿзі айтқандай, алашшылдар мен тапшылдарды бҿле-жармай, ендігі жерде қазақ халқының басынан ҿткен үлкен бір белесі, сабағы деп қабылдау керек.
Алаш қайраткерлері қазақтың рухани дүниесін байытатын мҽдени, ҽдеби құбылыстардың қай-қайсысына болса да баға беруге тырысып, ҿз заманынында қалың кҿпшілікке таныстырып отырды. Осындай ұлт үшін рухани мұраны насихаттаған үлкен шоғырды ҿз тарихымызда ең алдымен алашшылдар арасынан табамыз. Алаш қозғалысы – тек қана белгілі бір кезеңді қамтыған саяси, тарихи, қоғамдық құбылыс емес, тұтас ұлттық ҿрлеуді тудырған орасан құбылыс. Соның ішінде қайраткерлігімен де, қаламгерлігімен де ұлтына қызмет еткен Халел Досмұхамедұлы сияқты ұлы тұлғалардың орны айрықша.
Алаштың қайраткері Халел Досмұхамедұлының ауыз ҽдебиеті үлгілерін жинап-зерттеудегі, зар заманды қайта жаңғыртудағы қомақты үлесі бар. Халел
Досмұхамедұлы қазақтың рухани дүниесін байытатын мҽдени, ҽдеби
құбылыстардың қай-қайсысына болса да баға беруге тырысып, ҿз заманынында қалың кҿпшілікке таныстырып отырды. Осындай ұлт үшін рухани мұраны насихаттаған үлкен шоғырды ҿз тарихымызда ең алдымен Халелдің еңбектерінен табамыз.
Әдебиеттер:
1. Қазақтың ескі ҽдебиет нұсқалары (Құраст.Жолдыбаев М., Дҽуітов С.) – Алматы: Қазақстан кҿркем ҽдебиет баспасы, 1931. – 53 б.
2.Омарұлы Б. Зар заман ҽдебиеті. – Астана: Елорда, 2005. –372 б.
3.Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 176.