АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – ҒАЛАМДЫҚ МӘСЕЛЕ

 

Ж.Ж.Кульбаева, Р.К.Хусаинова Ш.Уалиханов атындағы Кҿкшетау мемлекеттік университеті, Кҿкшетау қ.

kudaikulova88@bk.ru, bizhamal55@bk.ru

Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат ҿміріне күрделі қауіп тҿндіруде. Жер шары тұрғындарының саны ҿскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мҽселесі де ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы жҽне оның алдын алу – ҽлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты мҽселе. Қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы орын алып, ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де аз емес. Дүниежүзінде бүгінгі күні созылмалы аштық дертіне шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл Жер шары тұрғындарының

14 пайызына тең. Сондай-ақ ҽлем елдерінің 29-ы азық-түлік тапшылығын ҿткір сезінуде. Бұл маңызды мҽселе турасында Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ШЫҰ мүше мемлекеттері басшыларының отырысы кезінде сҿйлеген сҿзінде «Қазіргі уақытта ҽлемдік тұтыну мен табиғат апаттарының салдарынан шикізат пен энергия ресурстары бағасының ҿсуі азық-түлік ҿнімдерінің қымбаттауына алып келді. Азық-түлік дағдарысының зардаптары бүкіл ҽлемдегі ҽлеуметтік жҽне саяси жағдайдың ушығып кетуіне соқтырады. Бұл жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін аймақтық жҽне халықаралық деңгейде тұрақтандырып, үйлестірілген жҽне келісілген ҽрекеттерді жүзеге асыру шарт»,

– деп атап ҿтіп, ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мҽселелері бойынша ынтымақтастықты арттыру керектігін айтқан болатын. Сондай-ақ осы отырыста Елбасы азық-түлік қауіпсіздігі мен суды пайдалану ісінің маңыздылығын ескере отырып, ұйым қабырғасында «Су-азық-түлік» комитетін құру жҿнінде бастама кҿтерген-ді. Қазіргі азық-түлік дағдарысының ҽлем бойынша белең алып отырған шағында мұндай іс-шаралардың жедел қолға алынып, нақтыланған жүйеде жұмыс атқаруының, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда қосымша резерв жинаудың, сондай-ақ елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден-бір бағыты – ауыл шаруашылығында кҽсіпкерлікті ҿрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту, ауыл шаруашылығы ҿнімдерін қайта ҿңдеу саласы мен тамақ ҿнеркҽсібіне аса мҽн беріп, олардың жұмысын жандандыруды қадағалаған жҿн.

Азық-түлік тапшылығының жылдан-жылға артуының бір факторы ретінде жоғарыда халық санының ҿсуін атап, тамаққа сұраныстың бұрынғыдан еселеніп артып ортырғанын айтсақ, енді бірі соңғы кездегі аграрлық сектордың дұрыс жолға қойылмай, кенже қалуы деуге ҽбден болады. Сҿзіміздің дҽлелі, еліміздегі ауылшаруашық ҿнімдері 1990 жылы ішкі жалпы ҿнімнің (ІЖҾ) 36 пайызын құраған болса, бүгінде бұл кҿрсеткіш 4 пайыздан ары аса алмай тұр. Азық-түліктің тек 40 пайызы ғана ҿзімізде ҿндіріліп, қалған 60 пайызы ҿзгенің бақшасынан тасымалданады. Демек, бұл тұста аграрлық сектордың рҿлі ерекше. Қазіргі ауыл шаруашылығының шикізаттық сипаты азық-түлік қауіпсіздігіне кҿп кедергі келтіріп отыр. Осы орайда технологияның кенже қалып отырғаны қол байлап, бүгінгі күні елдегі ауыл шаруашылығы ҿнімдерінің басым бҿлігін – 80 пайызын шикізат күйінде шығаруға мҽжбүрміз. Яғни азық-түлік қауіпсіздігі мҽселесінде ерекше мҽнге ие отандық ҿнім, оның ішінде ауыл шаруашылығы ҿнімдерін ҿндіру мен ҿңдеуде үлкен жобаларды қолға алып, арнайы бағдарламалар негізінде жұмыс жасау керектігі кҿрініп тұр. Ҽлемдік тҽжірибелерге кҿз жүгіртсек, 70-80 жылдары-ақ Германия, Франция, Швеция, АҚШ елдері азық-түлік қауіпсіздігіне бағытталған шаралар бойынша алдымен фермерлердің құқығын ерекше қорғайтын заңдар қабылдаған, аграрлық секторға ерекше мҽн берген. Демек, ауыл шаруашылығы ҿнімдерін ҿндіру, қайта ҿңдеу ҿнеркҽсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан да бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аграрлық саясатқа ерекше назар аударып, оның алдағы уақыттағы даму кҿрсеткіштері мен негіздерінің қалай кҿш түзейтініне болжам жасай отырып, заман талабына сай стратегиялық бағыттарына қажетті ҿзгерістерді енгізуіміз керек. Елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етудің бірден бір бағыты – ауыл шаруашылығында кҽсіпкерлікті ҿрістету, шаруа қожалықтарын кеңінен дамыту. Осы орайда айта кетерлігі, қай елде болмасын ауыл шаруашылығының ҿркенді дамуы алдымен қаржыландыру мҽселесіне тікелей байланысты. Дегенмен қазіргі күні банктер ауылға қаржы беруге құлықсыз, инвесторлар да бұл жаққа кҿп жолай бермейді, елімізде аграрлық саланы бірден-бір қаржыландырушы тек мемлекет болып отыр. Ал ауыл шаруашылығы қомақты айналма қорды қажет ететіндіктен бҿлінген қаржының бұл саланың етек-жеңін толықтай жамауға жетпей қалып жататыны да аян. Бұған агросектордың табиғи жағдайға барынша тҽуелді сала екенін тағы қосыңыз. Технологияның жедел игерілмеуі салдарынан шикізаттың уақытылы ҿңделмеуі, ҿз кезегінде оның арзан бағамен шекара асып жатқаны – жыл бойы жанталасқан шаруалар еңбегінің зая кетіп отырғанының бір кҿрінісі. Сондай-ақ бұл жерде тікелей жеткізу жүйесінің дамымауы, яғни сатушы мен тұтынушы арасындағы тікелей сауда жасау жүйесінің жоқтығы да – жиналған ҿнімнің бекер жарамсыз болып, желге ұшуына себеп.Сондықтан да азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орыны ерекше аталатын агросекторды жан-жақты жоспарлай отырып, дамытудың маңызы мол. Нарық механизімдері түзетілмейінше жҽне егіншілікке одан кҿп инвестиция салынбайынша ҽлемнің ҽртүрлі аймақтарында «ашаршылық кҿтерілістерінің» бастала берері айдан анық.

Бүгінде кең жазиралы жайылымдары мен егіншілікке қолайлы алқаптары бар Қазақстанның ғаламдық азық-түлік жүйесіндегі алар орнын шет елдік мамандар ерекше атап отыр. IV астаналық экономикалық форумда да азық-түлік қауіпсіздігі мҽселесі сҿз болып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша деңгейін кҿтере алатын бірден-бір мемлекеттің бірі ретінде Қазақ елі аталды. «Қазақстан – аумақтық жҽне жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы зор мемлекет. Агроҿндіріс кешенін дамытуға қажетті жер жҽне табиғи ресурстары мол. Бұл елде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамып отыр. Ҿйткені ол мемлекет тарапынан ұдайы қолдауға ие болып келеді. Оның үстіне, аталмыш салаға жаңа экспорт кҿздерін ашу үшін инвестициялар да кҿптеп тартылды. Осындай жұмыстардың нҽтижесінде соңғы жылдары Қазақстан – астық пен ұн экспорттау жҿнінен кҿшбастаушы. Ал бұл Қазақстанның жаһандық азық-түлік нарығы үшін қаншалықты маңызды екендігін кҿрсетіп отыр», – деп «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингі директорлар кеңесінің мүшесі, ҽрі италиялық «Агротехника» компаниясының директоры Джорджио Понци еліміздің агросектордағы ҽлеуетін сҿзіне тиек етсе, осы форумда сҿз алған БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак ДИУФ мырза: «…жаһандық ауыл шаруашылығы жүйесіндегі Қазақстанның атқарар рҿлінің маңыздылығын атап ҿткен жҿн. Ҿзінің бай табиғи қазынасының арқасында бұл мемлекет ауыл шаруашылығы ҿнімін ұлғайту бойынша зор басымдықтарға ие. Соның арқасында Қазақстан жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҿзін жаңа деңгейге кҿтере алатыны сҿзсіз. Сол себепті UNFAO басқа да халықаралық ұйымдармен қатар Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда технологиялық қолдау кҿрсетуге ҽркез дайын», – деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ҿз орыны бар қазақ еліне UNFAO-ның ықыласы ерекше екенін жасырмады.

Азық-түлік қауіпсіздігі мҽселесі ҿте ҿткір болып отырған елдердің бірсыпырасы Орталық Азия ҿңіріндегі импорттаушы елдер екені баршаға аян. Бұл тұста Орта Азия елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі мҽселесі алуан түрлі сипатта екенін айта кеткен жҿн. Бірақ бес мемлекетке ортақ факторлар да баршылық. Мҽселен, аймақ елдері теңізге шығатын жолдың жоқтығынан, қоғамдық институттардың ҽлсіздігінен, қатаң климаттық жағдайдан, сондай-ақ ортақ сауда айналымының дамымай қалуынан, су кҿздеріне қатысты түйткілдер мен кедейліктің аса жоғары деңгейде болуынан (25 пайыздан 60 пайызға дейін) зардап шегіп отыр. Бұл туралы БҰҰ Азық-түлік ауыл шаруашылығы ұйымының (UNFAO) бас директоры Жак ДИУФ «Соның ішінде Қырғызстан, Тҽжікстан, Түрікменстан, Ҿзбекстан секілді астықты сырттан тасымалдайтын елдердегі жағдайға ерекше кҿңіл бҿлу қажет. Бұлар, негізінен, ТМД аумағы бойынша дҽстүрлі экономикалық қатынастарға тҽуелді елдер. Бұл бес мемлекет азық-түлік мҽселесін шешу үшін ҿңірлік-саудалық ынтымақтастықты арттыра түскендері дұрыс. Сондықтан да ауыл шаруашылығы инфрақұрылымдарын, сала технологияларын, оны дамыту мен тҽжірибелер алмасуды дамыту қажеттігін ескерген жҿн» деген ойын айтқан-ды. Осы орайда шетелдік мамандардың елімізге кҿз тігіп отыруының басты себебі де еліміздің ҽлемдік астық нарығынан ойып тұрып ҿз орнын тауып, тұрақты сатып алушылары бар елдер қатарынан кҿрінуі. Ҽлемнің ең ауқымды ұн эспортшылары алтылығының қатарына кіретін Қазақстан ұн экспорты бойынша қатарынан үш жыл бірінші орында келді. Осы орайда Нұрсұлтан Ҽбішұлының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отандық ҿнімдердің ҽлеуетін ерекше атап отырғанымен келіспеуге болмайды. Ҿзімізде ҿндірілген ҿнімді шикізат күйінде сыртқа сатқаннан бұрын, алдымен ішкі нарықты жан-жақты қамтамасыз ете отырып, шикізатты ҿңдеп, дайын ҿнім ретінде экспорттаудың барынша пайдалы екеніне мҽн беріп, елдегі тамақ ҿнеркҽсібін жандандыруға назар қою керек.

Шекара асып келген ҿнімнің сапасы кейде сан соқтырып, қауіпсіздігі сырт қалып жатады. Арнайы зертханада сынақтан ҿтпеген ҿнімдерді сапасы мен қауіпсіздік тексерісін сұрамай-ақ, сатып алып жатқан алып-сатарлар жетерлік. Бұған азық-түлік тапшылығына ҽкеліп соқтыратын ҿнімнің бақылаудан шығып кететін бағасын тағы қосыңыз. Осылай тұтынушыға едҽуір зиянын келтіріп отырған импорттық ҿнімдер ел экономикасының кенжелеп қалуына да ҿз себін тигізіп келеді. Яғни бүгінде кҽсіпкерлер тоқтап тұрған ҿндірістерді жандандырып, бҽрін нҿлден бастап, ҿзімізде ҿнім ҿндіргеннен гҿрі, сырттан дайын ҿнімді «дорбалауды» жҿн кҿреді. Бұл – ел экономикасының бір орында тұралап тұруының негізгі факторы. Сондықтан да Елбасы Жолдауындағы «Отандық ҿнімдер – 2020 жоспарының іске асуының табысты индикаторы. …Қазақстан ҿнеркҽсібі экспорт нарығында отандық брендтің кең торабына айналуы керек» деген ойдың мҽні мен мағынасына ерекше ден қойғанымыз жҿн. Осы орайда азық-түлік қауіпсіздігін қадағалап, отандық ҿнімнің ҽлеуетін арттыру үшін Үкімет қолда бар мүмкіндікті жан-жақты қарастырып, «Қазақстанда жасалған» деген марканың қанатын кеңге жаюына жағдайды жасап отыр. Экспорттаушыларды қолдаудың біртұтас жүйесін құру,

негізгі құралдарды қаржыландыру, экспортты сервистік қолдау, экспорттаушылар гранты мен экспорттық сауданы қаржыландыруды қарастыру
– Үкіметтің басты міндеті.

Қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың негізгі бір мҽселесіне айналған азық-түлік қауіпсіздігінің айналасындағы сұрақтарды ертеңгі күнге қалдырмай-ақ шешіп алғанымыз абзал. Азық-түлік мҽселесі ушыққан елде саяси-ҽлеуметтік тұрақтылықтың орнамайтыны да аян. Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін бақылауда ұстау үшін ҿндірілетін ҿнім кҿлемі 80 пайыздық межені бағындыруы керек екен. Ғалымдардың айтуынша, азық-түліктің 25 пайызы сырттан алынса, оған бақылау жасау қиындап, қауіпсіздігінен айырылады.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдары:

1. Денсаулыққа қауіп туғызатын заттар мен микроағзаларды анықтаудың оңай жҽне арзан ҽдістерін жасау.

2. Азық-түлік ҿнімдерінің бактериялық, микологиялық, паразитарлық тазалығын бақылау үшін жҽне олардың құрамындағы гармондар мҿлшерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын кеңейту жҽне тереңдету.

3. Аурулардың алдын алып, оларды жедел түрде анықтаудың жҽне емдеудің қазіргі заманға сай ҽдістерін пайдалану (молекулалық генетика, иммунология ҽдістері).

4. Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын, санитарлық бақылауларға қатаң тҽртіп енгізу.

5. Жердің құнарлығын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізіп, жерге ҽрдайым күтім жасау.

6. Тауарды ҿндірушілер мен сатып алушылар арасындағы байланысты ынталандыру.

7. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда қосымша сақтық қорын жинау
(резерв).

8. Нарықтағы тұтыну бағасын тұрақтандыру (халыққа қол жетімді баға
орнату)


Әдебиеттер:

1. Глобальная стратегия ВОЗ в области безопасности пищевых продуктов. 2002 г.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2016 ж.

3. Позняковский В.М «Гигиенические основы питания, качество и безопасность пищевых продуктов» Сибирское университетское издательство. 2007 г.
4. Батиева Г.К. «Азық-түлік проблемасы» //Денсаулық №5

5. Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 г.

6. Крамер-Агеев Е.А. «Безопасность жизнедеятельности», Изд.: МИФИ,
2011г.

7. Смагулов А.К. Ауыл шаруашылық тамақ ҿнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы, Атамура, Алматы, 2002

8. Руководство по методом анализа качества и безопасности пищевых продуктов / Под ред. И.М. Скурухина, В.А.Тутельяна. – М.: Брандес – Медицина, 2006г.

9. Эрл М., Разработка пищевых продуктов., Санкт-Петербург., Изд- во: «Профессия»., 2004 г.

107

10. Гавриленков А.М., Экология безопасность ПП., Санкт-Петербург .,
Изд-во: «ГИОРД»., 2006 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *