СУБЛИМАЦИЯ(лат. sublimo -көкке көтеру, биіктету, жоғары қою) — мәдениеттануға психологиядан 3.Фрейд еңбектерінің ықпалының нәтижесінде енген термин. Психологияда С. деп инстинктивті энергия түрлерінің қоғам мен жеке тұлғаның қажеттіліктеріне жарамды процеске айналуы арқылы қақтығысты, жанжалды болдырмайтын психологиялық қалқан механизмін айтады. Психоанализ бойынша, С.-ның түр көріністерін либидоның (жыныстық энергия, жыныстық қозудың) шығармашылық процессіне айналуынан; өткір тілділіктен; шиеленіскен жағдайды әзіл-сықақпен, ойын-күлкімен бәсеңсітуден және т.б. байқауға болады. 3.Фрейд діни жөн-жоралардың, медени институттардың пайда болуын қалыптасуын және дамуын С арқылы қарастырып, талдайды. С термин ғылыми айналымға 1900 ж. 3.Фрейд енгізгенімен де, оған дейін де С. идеясының болғандығын байқауға болады.