СТРУКТУРАЛИЗМ(лат. structura— құрылым, байланыс, рет) — XX ғасырдың 20 ж-нан бастап гуманитарлық білімдер (лингвистика, әдебиеттану, тарих, этнография және т.б.) саласында қалыптасып келе жатқан бағыт. Бұл бағыттың ерекшелігі оның құрылымдық тәсілді, модельдеуді, семиотика элементтерін пайдалануында жатыр. С.-ның зерттеу нысанасы — белгілер жүйесінен құрастырылған мәдениет (тіл, ғылым, өнер, мифология, салт-дәстүр, мода, жарнама және т.б.). Бұл бағыттың С. деп аталу себебі де оның мәдениеттің түрлі салаларындағы құрылымдарды тауып және суреттеу мақсатымен тікелей байланысты.