Психокоррекция — органикалық негізі жоқ және тұрақты сапаларды көрсетпейтін, ерте балалық шақта пайда болып болашақта өзгермейтін психикалық дені сау адамның кемшіліктерін түзетуде психолог қолданатын психологиялық қабылдаулар жиынтығы. Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс баланың дамуында кемшіліктер мен ауытқушылықты немесе түзету, немесе профилактика жүргізуге психолого-педагогикалық әрекет етудің жинағын өзіне қосады.Коррекциямен айналысушы психолог, сызба бойынша жұмыс істейді: не бар; не болу керек; не істеу керек, керекті болу үшін. Бұл сұрақтарға жауап беру үшін психикалық дамудың қалыптылығын анықтап, содан соң оның талдауын үш деңгейде жүргізу: нейрофизиологиялық, ортақ психологиялық, жастық-психологиялық.Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен әдістерін таңдау объекттердің спецификалылығымен, оның күйімен, сонымен қатар коррекция пәнімен ескертілген, психологиялық практикада клиенттердің (балалар, ата-аналар, мұғалімдер) ауыр тілінде қалыптасушы Психокоррекция объектісі — өзгере алатын, тұлғаның жеке аймағы, оның пәні — психокоррекциялық әрекет бағытталған психикалық реалдылық. Мысалы, егер коррекцияның объектісі баланың тәртібінің бұзылуы болса, онда пәні, шағым локусына байланысты әртүрлі болуы мүмкін: «Мен» бейнесі, мұғалімге қатынас, оқу мотивациясы және т.б. Балалармен және жасөспірімдермен психокоррекциялық жұмыстың негізгі түрлері.
Ойынтерапия. Көптеген уақыт бойы ойын баланың жұмыс бастылығы және оның энергиясының шығарылуы, немесе мәдениеттілік және діни тәжірибені жеткізу құралы ретінде қарастырылған. Тек шет елде ХІХ-ХХ ғғ. психология ойынның дамытушы, гармониялайтын және емдеуші мүмкіндіктерін ұға бастады. Бұлар баланың әлеуметтік рольдерді меңгеру және оның ішкі әлемінің ашылу құралы ретінде анықталды. Психотерапиялық құралдар қоймасына ойынды қосу М.Клейн және А.Фрейд жұмыстарымен байланысты, олар балалармен емдік-коррекциялық жұмыста ойын әдістерін қолдануды ұсынған. Ойын іс-әрекетін аналитикалық зерттеу Ж.Пиаже және Э.Эриксон жұмыстарымен байланысты, мұнда ойын іс-әрекетінің негізгі белгілері:
- ойын жағымды, яғни қатысушылармен жағымды қабылданады;
- ол кенеттен жүреді және қатысушылардың ішкі мотивациясының болуын қадағалайды;
- психикалық процесстің жоғарғы икемділігі мен рольдік икемділікті талап етеді;
- баланың физиологиялық және интеллектуалдық дамуының табиғи салдары болып келеді;
- баланың басынан өткен психикалық жарақат жзәне интрапсихикалық қақтығыстың бар болуы ойында көрінеді және оның қалыпты қадамының бұзылуына әкелуі мүмкін.
Терапиялық процессте ойын диагностикалық, терапиялық және оқытушы функциясын атқарады.Диагностикалық функция психопатологияны, мінез ерекшеліктерін және баланың қоршаған ортамен өзара қатынасын анықтауға негізделген.Терапиялық эмоционалдылықты және моторлы өзін-өзі айтуды елестету, қысым, қорқыныш, фантазияның жауап беруінен тұрады. Оқытушы қатынастың қайта құрылуын, қарым-қатынас және өмірлік көзқарастың диапазонын кеңейту, реадаптация және әлеуметтенуді болжайды.Ойынтерапияның мақсаты баланың тұлғалық құрылымында теңдікті ұстауға баланың интропсихикалық тепе-теңдігінің базалық өзгеруіне әрекет ету сияқты анықталады. Тұрақтанған тепе-теңдіктің қорытындысы «Эго», «супер-Эго» модификациясы және «Мен» бейнесінің жақсаруы болып табылады.Коррекциялық жұмыстың табысты болуына күшті интегративті немесе дезинтегративті факторы бар топ құрамы үлкен мәнге ие. Жүріс-тұрыстың альтернативті үлгісін идентификациялау мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей топқа алуда толықтыру принципімен және түрлі синдромдарымен балаларды қосу керек. Әр балада топта ешбір мысқыл, сәтсіздік қорқытуларынсыз өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі болу керек. Топта бес баладан артық болмау керек, сонымен қатар терапиялық жағдайдан тыс контактіге түскен балалардың қатысуы қажет емес. Топ деликвентті тәртібі бар баланы бірден асырмау керек, тіпті болмаса бір нейтрализаторымен салмақсыз баланы да. Балар арасындағы жас (психологиялық жас) топта 12 айдан аспауы керек. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар әртүрлі жынысты болуы керек — ұлдар мен қыздар. Ойындарды таңдау, ойынтерапияда қолдануда, құрылымды ойын материалдары мен сюжеті және құрылымды емес ойындарды қосады. Бірінші түрге жатады «отбасыға» (адамдар мен жануарлар) ойыны, агрессивті ойындар, марионеткалармен ойындар (қуыршақ театры), құрылыстық ойындар, конструктивті және деструктивті ойларымен анықталатын ойындар жатады. Құрылымды емес ойындарға қозғалмалы ойын-жаттығулары (секіру, өрмелеу), сумен, құммен, сазбалшықпен ойындар және терапиялық (саусақтармен, білезікпен, түрлі түсті қарандаштармен сурет салу).
Арттерапия. Бұл жұмыс істеу формасы ХХ ғ 30-жылдары психоанализдің негізінде пайда болды. Қазіргі кездегі шарты бойынша арттерапияны қолдануда клиенттерге түрлі көркем-қолданбалы түрдегі жұмыстар ұсынылады (ағашты ою, шекіме жабыстыру, күйдіру, сурет салу, мозайка жасау және т.б.).
Өнер терапиясында іс-әрекеттің бірнеше бағыты бар:
— өнердің барлық шығармашылығын пациенттің өзі талдауы;
— емделу құралы ретінде өзіндік шығармашылыққа пациентті ояту;
— бірінші және екінші нұсқада арттерапияны біруақытта қолдану.
Арттерапияның негізгі мақсаты баланың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі тануын өнер арқылы дамыту; конструктивті әрекеттерге қабілеттілікті дамыту, қоршаған әлемнің реалдылығын есептей отырып. Оның негізгі принципі баланың барлық шығармашылық іс-әрекетінің барлық заттарын сөзсіз қабыл алу және мақұлдау, оның мазмұны, түрі мен сапасына тәуелсіз.Қазіргі уақытта балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу арттерапия фондында бірталай жаңа түрлермен толықтырылуда. Оған музыкалық терапия, библиотерапия, билеу терапиясы, проективті сурет, әңгіме құрастыру, ертегі терапия, құыршақ терапия.