Мониторинг деп өзіндік дамып келе жатқан белгілі бір объект параметрін зерттейтін психодиагностиканың түрін атаймыз. Психологиялық тәжірибеде мониторингтік зерттеулер арқылы балалардың және жасөспірімдердің дамуында олардың өзара байланысының нақты сапаларын, қасиеттерінің ортақ онтогенездік динамикасын және басқа да тұлғалық және психикалық дамуды бақылауға болады. Психолого-педагогикалық мониторингтік зерттеулерде ең қиыны зерттелетін құбылыстың жүйелік сапалық бағасын шығаруда нәтижені интерпретациялау мәселесі болып келеді. Мұндайда психологтердің зерттеу пәні — тұлға — ққиын объект болып келеді, оны құрайтын элементтің әр спецификасын сақтап, олардың ортақ жүйеқұраушы қасиеттері біруақытта көрсетілсе ғана суреттеуі дұрыс болады. Кейбір психологтер бұл мәселені басқаша шешпекші болған, мысалы тек математикалық әдіспен, мұндай әдіснамамен сәтсіздікке ұшырады. Соңғысының мәні келесі бекітулерді толық көрсетеді:
А) тұлғалық қасиеттер жеңілден қиынға қарай тәуелділіктің тура пропорционалдылығымен дамиды;
Б) тұлғалық қасиеттер, сапалар және ерекшеліктер бір-бірінен бөлектенген түрде зерттеліне алады;
В) бір қасиеттің дамуы, келесі бір дамымаған қасиетті компенсациялай алады, бірақ диагностикада бұл есептелмейді.
Г) тұлғаның жеке қасиеттерінің, сапаларының және ерекшеліктерінің даму деңгейін бағалау репрезентативті выборканың ортақ статистикалық көрсеткішімен анықталады;
Д) психолого-педагогикалық зерттеулерде акцент көбінесе коррекцияда болатын жағымсыз даму мәселесіне бастапқыдан бағытталмаған даму деңгейінің констатациясына қойылады.
Психологиялық консультация жайлы ортақ түсінік және психологиялық қызметтегі орны
Психологиялық консультация — адамдармен тікелей жұмыс, түрлі психологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тұлғааралық қатынастағы қиындықтармен байланысты, мұнда негізгі әрекет ету құрал ұйымдастырылған кеңес болып келеді. Психологоиялық консультациялаудың мәні, психолог өзінің кәсіби ғылыми білімдерін пайдалана отырып, басқа адамға арналған шарттар жасайды, мұнда ол өзінің психологиялық міндеттерін шешуде жаңа мүмкіншіліктерін қайтадан ұайымдайды.
Жас ерекшелік психологиялық консуьтацияның негізгі мақсаты нормативтінормативті мазмұн мен бұл процестің периодизациясының көріністеріне негізделген баланың психикалық даму қадамдарын бақылау.
Оның міндеттері психолого-педагогикалық тағайындауда көрінеді:
- Тәрбилеуде, баланың психикалық дамуының жастық жеке дара ерекшелік мәселесіне қатысушы ата-ананың, мұғалімдердің және тағы басқалардың бағыт-бағдары.
- Дер кезінде психикалық дамудың алғашқы түрлі ауытқулары мен бұзылулары бар балаларды анықтау, оларды маманға жіберу.
- Әлсізденген соматикалық және нервті-психикалық денсаулығымен балаларды екінші қайталар психологиялық шиеленісулерді ескерту, психогигиена және психопрофилактика бойынша кепілдемелер.
- оқыту, тәрбиелеу және ата-аналар мен мұғалімдердің қарым-қатынас қиындықтарына психолого-педагогикалық коррекцияға кепілдемелерді құру.
- баланы отбасыда тәрбиелеу бойынша кепілдеме құру.
- Арнайы балалар, ата-анадлар, мұғалімдер топтарында коррекциялық жұмыс. Халыққа психолого-педагогикалық білім беру.
Р.С.Немов психолого-педагогикалық консультациялауды консультативті жұмыстың ерекше түрі ретінде анықтайды. Ол бұған жатқызады балаларды тәрбиелеу мен оқыту бойынша сұрақтарды клиентпен талқылау, ересек адамдарды, педагогикалық басқарушылықты бірдеңеге үйрету және педагогикалық мамандықты жоғарылату, балалар және ересек топтарды және ұжымды басқару, бағдарламаларды толық жетілдіру, оқытудың әдістері мен құралдары, педагогикалыық эксперименттерді және инновацияны психологиялық негіздеу және т.б. Бұл консультациялау түрінде нақты жағдайларда қандай педагогикалық технологиялар немесе олардың жеке құраушыларын қолдану керектігі және тұлғаның дамуына қандай ықпал тигізе алатыны жайлы айтылады.Психолого-педагогикалық консультациялау консультантта педагогикалық білімі мен оқытуда және тәрбиелеуде тәжірибесі бар болуын қалайды. Жақсы психолог-консультант ретінде психологиялық білім алған бұрынғы мұғалімдер бола алады.