Темперамент

 

 

Темперамент деп -әр адамның, ойлау өрісінің сезім көрінісінің, қимыл әрекетінің п.б. жылдамдығы, әрі оның қуатын айтады.

            Грек оқымыстылары ойынша, адамның бір-бірінен айырмашылығы, адамның денесіндегі кейбір сұйық заттардың организмдегі пропорциясының мөлшеріне байланысты деген Олар мыналар:

  1. қан — сангвинник
  2. шырын — флегматик
  3. қара өт — меланохолик
  4. сары өт — холерик

мұны гректер сұйықтықтар қосындысы, яғни кразис Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераметтің әр түрлілігі организмдегі осы сұйықтықтар деп тапқан. Гиппакрат организмдегі сұйықтықтардың бірінен екіншісінің шығу тарихын түсіндіруге болады деген, яғни ол мидың жұмысын түсіне білген. Сонымен қатар Гиппократ мидың өзін, организмдегі бездердің бірі деп атаған.

            Ал латын оқымыстылары бұл терминді тексере келе темпераментум деп атаған. Ежелгі грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократ (б.э дейін 460-356) жылдар өмір сүрген еңбектерінде бұл жөнінде де біраз пікірлер айтылған. Сұйықтықтардың мөлшеріне байланысты адамдарды белгілі бір топқа бөле бастаған. Осының негізінде грек оқымыстылары темпераменттің 100-жуық түрін ажыратқан. Бұл жүйе көбінесе, адамның жеке бастың көріністерін, әсіресе мінездің және басқа психикалық процестерді қамтыған, бірақ темперамент түрінің соншалық көп болуы, олардың өзін бір-бірінен ажырату қиынға түскен. Кейіннен Рим империясы тұсында латын оқымыстылары қайта қарастырып, 13 түрді ажыратқан. Мұны психологияда Рим дәрігері Галенмен байланыстырды.

            Холерик — ойлау өрісі, сезім көрінісі, қимыл әрекеті тез п.б. әрі қуатты. Сөйлеу процесінде тез әрі әрі мәнерлі сөйлейді. Сөйлеп тұрған кезінде беттің қолдың, дене қимылын орнымен жасайды. Ойлау процесіндегі ой қортындысын тез әрі тұжырымды жасайды. Өз ойын өте түсінікті әрі анық жеткізе біледі. Қабылдауы, біреудің айналасынан тез қабылдайды, бір-екі рет оқығанын тез қабылдайды, ес процесінде есінде өте жақсы және ұзақ сақталады. Қайта жауаптары тез. Сезім көріністерінде өте қызу қанды, өзінің айтайын деген пікірін дәлейдей біледі. Дұрыс тәрбие беретін жағдайда бұл тип өкілдері ұйымдастырушылық қабілетін жоғары, коллективпен пікірлесе алатын, оны басқаша білетін жан-жақты қабілеті дамыған адам болуы мүмкін. Егер жас кезінде бастап, тәрбие дұрыс болмаса, бұл өте қауіпті тип. Грек ойшылдары болжамы бойынша бұл тип өкілдері, мемлекет басшысы өкімет басқарушы, кем дегенде шағын коллектив басқарушы болуы мүмкін.

            Сангвиниг — ойлау өрісі, сезім көрінісі, қимыл әрекеті тез пайда болады, бірақ қуатсыз. Сөйлеу процесінде анық, мәнерлі сөйлейді, бірақ қимыл әрекеттерді орынсыз жасайды. Сезім көріністерінде эмоцияға тез беріледі. Ойлау процесінде ой қортындыларын асығыс жасайды. Сондықтын ойы шашыраңқы болып келеді. Қабылдау процесінде тез қабылдайды, ес процесінде тез есінде сақтап қайта жаңғырту кезінде еске түсіруі шамалау. Сезім көріністерінде мысалы:достыққа өте берік, егер де достықтарына сызат түссе, қайтадан түсінісіп, дос болуы, саяси моралдық сезімде (өз халқына, өз ұлтына, ұлттық дәстүріне) бейім адамгрек оқымыстарының  айтуынша бұл тип өкілдері сертек болу мүмкін деген.

            Меланхолик — ойлау өрісі, сезім көрінісі, қимыл әрекеттері бояу пайда болады. Бірақ қуатты тип. Өте бояу қимылдайды, сөйлеу процесінде асығыстық байқатады, дауыс екпіні бір қалыпты. Қабылдау процесінде өте бояу қабылдайды, бірнеше қайталанып оқылады. Есінде ұзақ сақтай алады. өте сезімтал, сәл нәрсеге ренжіп қалған адам, бүкіл оқиғаға аса сезімталдық пен көңіл аударады. Сезім көрінісінде тез достасып кете алмайды. Адам адамдармен, коллективпен араласып, тез пайда болмайды. Коллективте өз пікірін қорғай алмайды. Айтайын деген өз ойына, өзі сенімсіздік болады. Грек оқымыстыларының болжамы бойынша бұл тип өкілдері сауда саласында болуы мүмкін

            Флегматик— ойлау өрісі, сезім көрінісі, қимыл әрекеті бояу әрі қуатсыз. Бұл типтің ішкі сезім көрінісі, эмоциалық қозу бет мимикасынан байқалады. Қозғалысы мәнерсіз, сөйлеп тұрған кезінде қол қимылы жан-жаққа тән, бірақ еңбекке қабілеті жоғары, бастаған ісін жайлап, аяғына жеткізеді. Өз пікірін біреумен бөліспейді. Грек оқымыстылары болжамы бойынша бұл тип өкілдері құлдар болу мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *