Жоспар:
- Психологиялық мамандық ретінде
- Кәсіби ажырату және оның мәнісі тұлғаның өзін реттеуі.
Халыққа білім берудің советтік көрнекті қайраткері А.В.Луначарский қазіргі педагогтардың жеке басына қойылатын жоғары талапқа ерекше көңіл бөле отырып, осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу ролін атап көрсетеді: «Біз педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бесаспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шешек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір сыйлай білуі тиіс. Педагогтың мәртебелі ісінің өзі, міне, осындай жәнеде ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзінің адамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс».
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіліп, ажарлана түседі.
Адамның күш жігерінің мүмкіндігі ұшан-теңіз екендігі соншалық, тіпті орташа оқитын,жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік-педагогикалық қызметтегі талантын жан-жақты өрістете алады. Көрнекті совет педагогы А.С.Макаренко өз шеберлігін жетілдірудегі тәжірибесіне сүйене отырып, былай деп жазғаны тегін емес: «Менің педагогикалық талантым болған емес жәнеде педагогикаға ешбір әуестенбей-ақ кездейсоқ келдім… бірақ мен үйрендім. Мен өз ісімнің шебері болуға тырыстым. Ал әркім-ақ өз ісінің шебері бола алады, ол үшін оған көмектесу керек, ол өзі де жұмыс істеуге ынталы болуы тиіс». Көрнекті педагог бұл сөздерінде өзін тым сыпайы етіп көрсеткен болар. Бірақ бір нәрсе айқын: педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыруға болады.
Мұны есте сақтаудың маңызды болатын себебі сол кейбіреулерде фаталистік көзқарас орын алған: мектепті орташа бітіргендер, педагогикалық жоғары оқу орнына түскенде де шамалы студент болады. Келешегі алдында тұрған жастарға мұндай тұжырымның айтылуы, әрине, орынсыз. Негізінде олардың талантының ашылуына – институт коллективінің жұмысы да, жастардың өзін-өзі тәрбиелеуге күш салуы да ықпал ететіні сөзсіз. Мұндайда Альберт Эйнштейннің жас кезін қалай еске түсірмессің, кезінде ол да орташалар, тіпті үлгермеушілер қатарында болған. Альбертке ағасы Якоб: «Оқасы жоқ, Альберт, елдің бәрі профессор болмайды, ал сенен түбінде бір нәрсе шығады»,-деп жұбатқан екен. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Мәселе басқада: адамның қабілеттілігі жас кезінде де едәуір ересек кезінде де қалыптасуы және көрінуі мүмкін. Сондықтан да «қабілетсіз адам» деп күні бұрын топшылауға да, өз қабілетіңе шек қоюға да асықпаған жөн.
Өзін-өзі реттеудің дербес мақсатының да маңызы бар. өйткені деннің саулығы, ақылды, сезім мен ерікті жетілдіру ақырында, педогогикалық мамандық қызметіндегі жетістік көп жағдайда адамның өзіне байланысты, көбінесе оның өз қолында . адам өзімен жұмыс істеу нәтижесінде өзін оптимистік үлгіге икемдейді, өз қызметіндегі практикалық жетістікке талпынады, өзінің ақыл-ойы мен эстетикалық қабілетін жан-жақты дамытады және соның нәтижесінде өмірден адамдардың тамаша туындыларынан, өнерден, әдебиеттен, кескіндеме мен музыкадан барынша ләззат алады, әлемнің қызықты құбылыстарына терең бойлайды.
Өзін-өзі реттеу жолымен әр адам үздік жетістікке жетпегенімен, адамның потенциалдық күшінің зор екендігі соншалық, ол өз мүмкіндігін аша білген жағдайда елеулі өзгеріс жасай алады.
Зерттеудің жеке әдісі болып тест әдісі психологияда ХІХ ғ. аяғында пайда бола бастады және оның пайда болуы ақыл есі жағынан нашар дамыған адамдардың болуымен тығыз байланысты болды.
Кез келген тесть әдісінің ерекшелігі, тест әдісі бізге жеке адамның күрделі сапаларын және өзіне ғана тән қасиеттерін немесе мінезін сандық нәтижеде, яғни балл немесе процент бойынша есептер шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, темпераментінің типін немесе мінезінің ерекшеліктерін білуге. Сондай ақ тест әдісі жеке адамның білім деңгейін білу үшін де қолданылады. Бірақ оларды тәжірибеде өткізуде арнайы талаптар қойылады.
Тест әдісін өткізу көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан олар баланың өзін жеке зерттегенде қолданылады. Тест бүкіл сынып оқушыларының немесе жас ерекшеліктері әр түрлі балалардың мінездерін зерттеуде сирек қолданылады.
Тест әдісін іс-тәжірибеде қолданудың негізгі сфералары:
- Білім
- Кәсіби дайындық
- Кадрларды таңдау
- Психологиялық дайындық
болды. Педагог психологтың кәсібилік деңгейі тестпен жұмыс істеудің барлық үш сатысында көрінді.
Сондай-ақ кейбір тесттерде, әсіресе жобалық тесттерде қорытынды шығару психолог-педагогтың субъективті қарым-қатынасына байланысты. Ал нәтижесін шығару маманның кәсібилік деңгейіне байланысты: психолог-педагог қаншалықты көп білсе, тіпті ең қарапайым тестпен соншалықты көп ақпарат алады.
Тест бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, жетістілікті білу тесті, оқушының нақты білімін, икемділігін және қабілетін білу үшін қолданылады. Интелекттік тест – оқушының ақыл есінің деңгейіне байланысты, ойлау қабілетіне байланысты тапсырмалар беріп қабілеттерін білу. Тесттің арнайы топтары бар, жеке топтың икемділігін білу үшін, мысалы шығармашылық қабілеттерін анықтау үшін. Жеке адамға байланысты тесттер, жеке адамның эмоциясын, айналадағылармен қарым-қатынастағы ерекшеліктерін білу үшін қолданылатың тесттер.
Психологиялық консультированияның әдістері. Осы тараудың бірінші бөлімінде консультированияның ерекшеліктері педагог-психологтың іс әрекетінің түрі ретінде карастырылды, ал енді оны өткізу барысында қолданатың әдістерге тоқталайық.
Педагог-психолог жаттығулардың әдістерін де игеруі керек. Тіпті тренинг психологиялық әдіс бола тұра, оның өзі де жаттығудың бір түрі. Жаттығу – ол бірнеше рет қайталанатын және соның барысында қабілеттер мен икемділіктер қалыптасатын іс-әрекет.
Жаттығуларды тиімді қолдану үшін оған қойылатын педагогикалық талаптарды сақтаған жөн: жаттығуды түрлендіріп отыру, орындалып жатқан іс әрекетке байланысты оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, т.б.
Жұмысы жемісті болу үшін педагог-психолог әртүрлі әдістерді игеруі қажет және соның ішінде өзіне ең қолайлы, нәтижелілерін анықтап, таңдап алып, сол әдістерге сүйене отырып өзінің жеке іс-әрекеттік стильін қалыптастыруы қажет.
Жас маманның кәсіби педагог-психолог болып шығуына оның біртіндеп жинаған іс-тәжрибелері арқылы келетіні, әр-түрлі стильдерді дұрыс игере алуына байланысты екендігін түсіндіру. Сонымен бірге табиғи мінез-құлықтың көрністеріде көрінетіндігі. Іс-әрекет стилінің жеке даралығы және оның құрылуы. Кәсіби дамуда өзің- өзіңді басқару. «Порфолио» әдісі.
Әдебиеттер:
1.Каптерев П.Ф. Детская и педагогическая психология М-Воронеж 1999ж.
- 2. А.А. Темірбеков, С.Балаубаев Психология Мектеп.1966
- 3. Жарықбаев Қ.Б. Психология. Білім.1995
- 4. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Білім.1996.
- 5. Психология. Словарь. Под ред. А.В.Петровского, М.Г.Ярошевского М.Политиздат 1990ж.
- Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в специальность психология. М., 2003.
- Карандашев А.Н. Введение в професию: психология. –М . 2003.