Әскери психологияның әскери-теориялық негіздері

 

Әскери психологияның әскери – теориялық негізін қазіргі соғыстың сипаты мен ерекшелігі туралы, ұрыс даласында жеңіске жетудегі адамның шешуші рөлі туралы әскери доктрина мен әскери ғылым ережесі құрайды және ұрыстағы сәттілік адамгершілік – жауынгерлік қасиеттер мен сарбаздардың әскери дайындық деңгейіне, қуатты техника мен қаруды пайдалану тиімділігіне, соғыстың барысы мен шығуына байланысты. Соғыстағы адамның шешуші рөлін мойындауды Қарулы Күштердің моральды-жауынгерлік потенциалын нығайтудың көптеген мәселелерін шешудегі әскери психологияның мәні анықтайды.

Жаңа техника өзінің қуатты күшімен моральдық жағынан басып тастау – психологиялық  факторының бұрын болмаған мәнін туғызады. Ол сарбаздың әрекетіндегі ерекшелікке, оның психикасына маңызды түрде әсер етеді. Осының барлығы әскери-психологиялық ғылымның маңыздылығын көтере түседі.

Болашақ сарбаздардың заманауи ұрыс жағдайындағы белсенді әрекеттерге болашақ сарбаздардың психологиялық дайындығы мектепте БӘД оқыту процесінде басталуы керек. Осыған байланысты әскери психология әскери шеберлік, күш-қуат жағынан шынықтыру, сарбаздарда заманауи соғыс туралы, әскери техника туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру, төзімділік, табандылық, эмоционалдық беріктік, өзін-өзі құрбан етуге дайындық сияқты моральдық-жауынгерлік қасиетерді қалыптастырудың жолдары мен құралдарын жасайды.

Бұл жастарды әскери қызметке дайындауды жүзеге асыратын мектептегі БӘД оқытушысы үшін бекітілген позиция болуы керек.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әскери психологияның әскери-теориялық негіздерін не құрайды?

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Портных Ю.И. Спортивные игры и методики преподование. Москва., 1986
  2. Жалпы психология. Елеусізова А.Б. Алматы/1995ж.
  3. Психология. Жарықбаев Қ. Алматы/1993ж.
  4. Жантануға кіріспе. Озғанбаев О. Алматы/2000ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *