Календарь тарихы

 

       

  1. Күнтізбе түрлері, қолданылуы. Табиғи күнтізбелер.
  2. Ежелгі Египет, үнді. Вьетнам, грек, рим күнтізбелері.
  3. Славян халықтарының күнтізбелері. Жойылып кеткен күнтізбелер.
  4. Юлиан және григориан күнтізбелері.
  5. Қазақ күнтізбесі. Сағаттық белдеулер. Уақыт түрлері.

                                      

Уақыт санаудың табиғат берген есептеу бірліктері — тәуліктер, ай және жыл — ең ежелгі календарьлардың негізіне алынды.

«Календарь» сөзі латынша calendae, яғни «әр айдың бірінші күні» деген сөзден шыққан, бірақ табиғаттың кезеңді құбылыстарына негізделген уақыт санау жүйесінің өзі едәуір ертеде шыққан.

Календарьды алғашқы құрастырушылар үлкен қиыншылықтарға ұшырады, өйткені жоғарыда аталған уақытты есептеу бірліктері өлшем болып шықпады. Синодистік айдың тәулік саны бірдей болмады, ал астрономиялық жылды ай мен тәуліктің бірдей санына бөлуге болмады. Бұл жағдай адамдарды берілген бірліктердің келісілген деректерін іздеуге мәжбүр етті, бұл бірнеше календарьлық жүйені тудырды. Бұлардың ең көп тарағандары айлық жүйе, мұнда тәуліктер аймен үйлестірілді, айлық-күндік, мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестірілді және күндік, мұнда жыл мен тәулік үйлестірілетін еді.

Айлық календарьлар біздің эрамызға дейінгі үшінші мың жылдықтың ортасында ежелгі Вавилонда пайда болды. Бұларды ертедегі еврейлер, қытайлар, гректер, римдіктер пайдаланды. Қазіргі уақытта ай календары Шығыс елдерінде — Түркияда, Ауғанстанда, Пакистанда т.б. таралған.

Айлық календарь бойынша жаңа айдан бастап әрбір ай ауыспалы түрде 29 және 30 тәулікке созылады. 12 ай айлық жылды құрайды, бұл 354 тәулікке тең болады. Іс жүзіндегі тәуліктер календарьлықтан біраз көп болғандықтан, синодистік ай да календарьлық айдан біраз (44 минут 2,9 секундқа) артық еді. Бұл қайсыбір жылдар саны өткеннен кейін календарьлық жылға бір жыл қосуды керек етті.

Айлық календарьдың жылына қосымша күн енгізудің екі системасы.бар. Бұлардың бірі бойынша сегіз жылдық кезең алынған, осы уақыт ішінде астрономиялық ай жылдары жай ай жылдарынан үш тәулікке жуық озып кетеді. Сондықтан да айлық календарьлық жыл санауды айлық астрономиялық жыл санаумен теңестіру үшін 8 жылда 3 қосымша күн қосылып отырды. Екінші система бұдан неғұрлым дәлірек еді. Бұл 30 жай айлық жыл 30 астрономиялық жылдан 11 тәулік озып кететіндігіне негізделген. Осы 11 тәулік әр 30 жылда қосылып отырды.

Айлық календарь бойынша жыл 354 (кейде 355) күн болғандықтан, оның басталуы күндік календарь жылынан әр жолы 11 тәулікке озып отырды. Демек, жылдың басы мен оның бөліктері маусыммен үйлеспеді, бір маусымнан екіншісіне үнемі., алмасып отырды. Мұндай календарь бойынша ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізудің болжауын жасау іс жүзінде мүмкін емес еді. Сондықтан да айлық календарь егіншілікке көшкен халықтар үшін қолайсыз болып шықты, сөйтіп олардың айлық-күндік календарьға бірте-бірте көшуі тегін емес еді. Мұсылман  халықтарында  ғана (діни пайымдау бойынша) айлық календарь осы уақытқа дейін сақталып келеді.

 Ай фазасының ауысуын Күннің жылдық қозғалысымен үйлестіруге ұмтылу айлық-күндік календарьдың пайда болуынан көрінді, осы мақсатпен қосымша ай оқтын-оқтын енгізіліп отырды. Қосымша айы бар осындай календарь тұңғыш рет Қытайда біздің эрамызға дейінгі үш мың жыл ішінде жасалды, содан соң  бұған байланыссыз Хаммурапи патшаның бұйрығы бойынша біздің эрамызға дейінгі XVIII ғасырда Вавилонда енгізілді.

Мың жыл өткеннен кейін бұл Ассирияда содан кейін Иудейде, Ежелгі Римде және ежелгі Грецияда таратылды. Әрбір 8 жыл сайын ежелгі Грецияда біздің эрамызға дейінгі VI ғасырда үш қосымша ай енгізудің қатаң тәртібі орнатылды, ал 100 жылдан кейін ежелгі грек философы Метон неғұрлым дәл 19 жылдық циклды анықтады, осының ішінде он үшінші ай 7 рет енгізілуге тиіс болды. Қазіргі кезде айлық-күндік календарь еврей діни мерекелерін есептеу үшін ғана қолданылады.

Айлық календарь пайда болудан бұрын-ақ шамамен біздің эрамызға дейінгі төрт мыңжылдың ар жағында ежелгі Египетте күн календары пайда болды. Ол барлық календарьдан қолайлырақ болып шықты да, дүние жүзінің көп елдеріне бірте — бірте     тарады. Күн календары Күннің көрінетін жылдық қозғалысына негізделген. Египетте жыл 365 күн тәулігінен тұрды, ал астроно­миялық  жылда 365 күн 5 сағат 48 минут және 46 секунд болғандықтан, календарьлық жыл таза тропикалық жылдан шамамен ——— тәулік озып отырды.      

Ежелгі Египеттің өзінде-ақ жылды 30 күннен 12 айға тең бөлетін еді. Бұл 360 күн құрады. Мұндай жылды астрономиялық жылмен теңестіру үшін біраз уақыттан кейін соңғы айға Египет даналарына арнап тағы да 5 күннен қосып отырды. Мұндай календарьлық жыл тропикалық жылдың ұзақтығына өте жақын болып шықты. Бұларды АРЕ христиандары, коптылар мен эфиоптар әлі күнге дейін қолданады. Айларға бөлінумен қатар әрбір жыл үш маусымға бөлінді. Бұлардың басталуы Нилдің тасуы, егін себу мен жинау арқылы анықталды. Өз кезегінде әрбір ай 10 күндік үш үлкен аптадан, немесе  5 күндік 6 шағын аптадан тұрды.

Юлий Цезарь  тұсындағы календарь реформасы. Римде  ежелгі заманда айлық календарьлар қолданылды. Ол бойынша жыл 1 марттан басталды да 12 айға бөлінген 155 күннен тұрды. Мұндай  клендарьды маусым алмасуымен үйлестіруге болмағандықтан б.э.д. VII ғасырда 22 күннен тұратын қосымша ай енгізілді, бұл календарьға 2 жылда бір рет қосылатын еді.

Жаңа календарьда 365 тәуліктен тұратын жылдың египеттік ұзақтығы қабылданды.Тәулікті ең қысқа ай – февральға қоса бастайды.Бұл ой жорасы бойынша  оларды февральдың ақырғы  күні жайдан-жай қоса қоюға болмады, осы айдың қатардағы күндерінің арасына апарып «жасыратын» болды. Февральда екі жиырма төртінші сан осылай шықты. Ал ішіндегі тәуліктердің есебін римдіктер кері тәртіпте жүргізді, яғни белгілі бір моментке дейін қанша күн қалғандығын есептеді. Мұндай моменттер: әр айдың бірі (календы), 30 күндік айдың бесі немесе 31 күндік айдың жетісі   (ноны), қысқа айдың он үші немесе ұзын айдың он бесі (——) болып саналады. 24 февраль март айының біріне дейінгі (календыға дейін) алтыншы күн болғандықтан, қосымша күн (екінші 24), екінші алтыншы күн деп аталды  («биссекстус»), осыдан барып орыстың «високосный» деген сөзі шығады.

      Созиген реформасы бойынша жылдың басы 1 январьға көшірілді, өйткені осы күннен бастап жаңадан сайланған Рим консулдары мен басқа да магистраттар өзінің міндеттеріне кіріседі. Осыған байланысты айлардың бұрынғы рет санының енді орны ауысты (мәселен, сегізінші октябрь оныншы болды). Басқа «айларға жаңа аттар берілді: төртеуі құдайлардың құрметіне Янус, Марс, Майи, Юнон деп аталды, квинтилис Юлий Цезарьдың құрметіне июль болып аталды, ал біраз кейініректе секстилис император Августың құрметіне — Август деп аталды. Сонымен бір мезетте жеке айлардың ұзақтығы біраз өзгерді және календарь бізге жақсы мәлім түрге келді, өйткені оның сырттай қарағанда қазіргіден ешқандай айырмашылығы жоқ еді.

Осы уақыттан бастап юлиан календары деп атала бастаған календарь Римде біздің эрамызға дейінгі 46 жылы 1 январьда енгізілді. Бұл күндік жылмен сәйкес болуы үшін өткен жылға екі қосымша ай енгізілді. Тарихта бұл жыл шатасқан немесе конфузды жыл деп аталды.

Біздің эрамыздың 325 жылы Никей әлемдік соборы бүкіл христиан дүниесі үшін юлиан календарын қабылдады, бұдан кейін ол Европаның көп елдеріне бірте-бірте тарады.

Календарьлардың түпкі нүктелері. Бірыңғай календарьлар мен қатар халықтар жыл санағын жүргізуге болатындай ортақ түпкі нүктені керек етті. Ежелгі Римде мұны эра деп атады.

Жылдарды санау үшін бірыңғай түпкі нүктенің қажеттігі туралы түсінік бірден тұжырымдалған жоқ. Цивилизацияның бастапқы кезінде және одан соң көптеген ғасырлар бойында әр халықта, әдетте уақыт санаудың өзінің түпкі нүктелері болды. Бұлардың қайсыбірі билеушінің таққа отыруынан жыл санауды бастады. Мәселен, Вавилондықтарда Набонассардың таққа отыруы   біздің эрамызға дейін 747 жылы, ал Үндістанда Ұлы монғолдар династиясынан Акбар патшаның таққа отыруы (біздің эрамыздың 1550 жылы) уақытты санаудың түпкі нүктесіне алынды. Екінші бір жағдайларда эраның басталуы қайсыбір елеулі тарихи оқиғалармен байланыстырылды. Ежелгі Грецияда жыл санау  алғашқы олимпиададан (біздің эрамызға дейінгі 776 жылы), ежелгі Римде — осы қаланың негізі қалануынан  (біздің эраға дейінгі 753 жылы), ал араб елдерінде хиджрадан — яғни Мұхамедтің Меккадан Мединаға қашуынан (біздің эрамыздың 622 жылы) бастап жүргізілді.

Ежелгі заманда «дүниенің жаралуынан» бастап эра сана өте көп тараған: Византия православиясы біздің эрамызға дейінгі 5508 жылды, католик діні біздің эрамызға дейінгі 4004 жылды, иудей діні біздің эрамызға дейінгі 3761 жылды санады. Тарих не бары екі жүздей эраны біледі.

Қай эра болсын шартты маңызы болатындығын ескерген жөн. Алайда жыл санаудың дәлдігі мен жүйелілігі бұдан бұзылмайды. Тек түрлі эралардың өзара байланысын біліп, тарихи оқиғаларды оқып үйренгенде оны еске алудың маңызы зор.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген «Христың туғанынан» бастаған халықаралық эра  (бұдан әрі «рождества Христова» — «РХ») Рим монахы Дионисий Малыйдың ұсынысы бойынша VІ ғасырда енгізілген. Оның тұсында жылдарды санау «Диоклетиан эрасы» бойынша жүргізілді. Бірақ христиандар оны өзінің аса жауыз дұшпаны деп санады. Сондықтан да Дионисийге христиан мерекелерінің жаңа есебін құрауды тапсырғанда ол бұлардың есебін басқа эра «РХ»-дан бастап жүргізуді ұсынады.

Бұл дата белгісіз болғандықтан, Дионисий оны схоластикалық пайымдаулар жолымен «шығарады». Ол әрбір 28 жыл сайын ай күндері сол бір апта күндеріне келетінін білді. Бұл Күн шеңбері деп аталды. Оған Ай шеңбері де мәлім еді, яғни осындай 19 жылдық кезең болатын, соның ішінде Айдың біркелкі фазалары айдың белгілі бір күніне келетін-ді. Бұл сандарды біріне-бірін (28 х 19) көбейткенде шіркеу  мерекелері оның  ұзына бойында (532) сол бір күндерге сай келетін болып шықты.

Сөйтіп жаңа пасхалия «Диоклетиан эрасының» 248 жылынан басталуға тиіс болды, ал Дионисийдің пікірі бойынша Христың туған күні бұған дейінгі 532 жылдың ар жағында яғни «Диоклетиан эрасы» басталғанға дейінгі 284 жылдың ар жағында ғана бола алатын еді. «Дионисий эрасы» (Мұны әдетте жаңа эра—б.э. деп атайды.) басқа эралар сияқты шартты болғанымен шіркеу мерекелерін есептеу үшін өте қолайлы болып шықты, ол бүкіл христиан дүниесінде, ал содан кейін жер шарының көп елдерінде бірте-бірте таралды.

Григориан календарының жасалуы мен оның таралуы. Юлиан календары сол замандағы календарьлармен салыстырғанда едәуір дәлірек болды, бірақ қалайда оның жылы астрономиялық жылмен үйлеспеді, одан 11 минут 14 секунд ұзақ болды. Алғаш  қарағанда байқалмайтын бұл алшақтық 128 жылда Юлиан жы-   лының шынайы жылдан бір тәулікке, ал XVI ғасырдың аяғына қарай тіпті 10 тәулікке артта қалуына әкеліп соқты.

Шіркеу салты бойынша пасха, мерекесі күннің теңелуінен кейін алғашқы көктемгі ай толысуының іле-шала алғашқы жексенбісінде аталып өтілетін болды. Ал Никей соборы кезінде көктемгі күн теңесуі 21 мартқа тура келгендіктен, собор пасханы тек осы сәттен ғана атап өтуді белгіледі. XVI ғасырда шынайы күн теңесуі енді 11 мартта болғанымен, шіркеушілерге пасханы юлиан  календары бойынша 21 марттан кейін мерекелеуден, яғни оны жазға жақын көшіруден басқа ештеңе қалмады.

      Юлиан календарының дәл еместігі оны қабылдағаннан кейін бірнеше жүз жылдан соң барып байқалды. XIV ғасырдан бастап оны жетілдіруге әрекет жасалып бақты, бірақ 1582 жылы ғaн­a Рим папасы XIII Григорийдің инициативасы бойынша реформа  жүзеге асырылды.

      Жаңа календарь негізіне итальян ғалымы Луиджи Лилионың  жобасы алынды. Бұл Никей соборының шешімін мызғытпай қалдыруға сол себепті көктемнің басталуын, біріншіден, 21 мартқа қайтаруға, әрі, екіншіден, мұндай алшақтықтың көрінуін бұдан арғы  жерде болдырмауға тиіс болды. Бірінші мәселе Рим папасы Григорийдің декретімен шешілді: 1581 жылғы 4 октябрьден соң 5 емес, 15 октябрь болып саналсын, делінді. Екінші  мәселені жүзеге асыру үшін әрбір 400 жылдан кейін озып кеткен үш тәулікті  календарьдан алып тастап отыруға ұйғарылды; Бұл үшін ең қолайлысы жүз жылдықтың аяқталатын жылдары болып табылды: бұлардың ішінен високосныйы алғашқы екі цифры 4-ке бөлінетіндері болып қалды. (мысалы, Юлиан календары бойынша 1600 жыл високосный да, ал 1700, 1800 ж2не 1900 жылдар високосный болмай шықты.)

        Жаңа календарь Юлиан календарынан едәуір дәлірек еді. Мұнда жыл астрономиялық жылдан 26 секунд ғана қалып қойды, ал тәулікке қалып қою 3300 жылдан кейін ғана болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл Европаның католик елдерінде, XVIII ғасырда протестанттық, XIX ғасырдың аяғында — XX ғасырдың басында — Жапонияда және Европаның бірқатар православие елдерінде қабылданды. XX ғасырдың 20-жылдарында оны Греция, Түркия, Египет қабылдады. Қазіргі кезде жаңа календарь халықаралық календарь болып саналады.

        Басқа егінші халықтар сияқты, шығыс славяндар да сонау ежегі заманнан бері жыл мерзімінің алмасуын қадағалады. Сондықтан да уақыттың ең ерте есебі маусымдық есеп болды. Маусым мен пұтқа табынушылықтың мерекелері байланысты болды, кейіннен бұл христиан дінінде де сақталды. Мәселен, масленица – көктемнің басталу мерекесі; купала Күннің қысқа қарай бұрылуымен байланысты еді; ал күн ұзаруының басталуымен байланысты қыста коляда мерекеленді.

Маусымдардың айналым шеңбері уақыттың неғұрлым ірі бірлігі «жазды» құрады, өйткені жыл уақытының толық ауысуы жаңа жазға оралу деген сөз еді. Жаңа «жаздың» есебі сірә көктем мерекесінен, марттан басталған болуы керек.

Жазу-сызудың ең ежелгі ескерткіштеріне қарағанда, мысалы, Остромиров евангелиясына қарағанда славяндар жылды айға бөлуді білген. Бұлардың аттары табиғат құбылыстарымен және біздің ата-бабаларымыздың шаруашылығымен байланысты болған. Бұдан славяндарда бір уақыттарда айлық-күндік календарь болды деп қорытынды шығаруға болады. Бұл атаулар ішінара қазіргі украин, белорус және басқа славян тілдерінде сақталып отыр. Алайда басқа бір ежелгі документтер, мысалы, Олегтің гректермен жасасқан шарты Русьте ежелгі рим календарындаәы ай атауларымен де таныс болған деп пайымдауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған Остромиров евангелиясына «еноуар» (январь) деген сөзді кездестіруге болады.

        Русьте айды төрт аптаға, ал аптаны 7 тәулікке бөлу сонау ертеден қабылданған. Тек ежелгі календарьда қабылданғандай күндер планета-құдай атауларымен аталмаған. Демалыс күні жексенбі апта деп аталған, содан кейін дүйсенбі, сейсенбі т.б. болады. 988 жылы Русьте христиан діні қабылданады, ал сонымен бірге сонау Никей әлем соборы бекіткен юлиан календарында қабылданады. Түпкі нүкте ретінде «СМ»-дан басталатын («РХ»-ға дейінгі 5508 жыл) Византия эрасы мойындалды. Византиядан жыл басының жаңа датасы — сентябрь қабылданды. Алайда тұрмыста дәстүр бойынша жыл басы 1 март болып  ұзақ сақталып келді.

       «СМ»-ның 7208 жылы 19 декабрьде І Петр календарь реформасы туралы указға қол қойды. Европа елдерінің көпшілігінде қабылданып та қойылған «РХ»-дан басталатын жаңа эра енгізілді, ал осымен бірге жаңа жыл 1 январьдан басталатын болып белгіленді. Не бары 4 айға созылған қысқа 7208 жылдан кейін сентябрьден 31 декабрьге дейін) . Москвада жаңа жылдың не жаңа ғасырдың басы ретінде 1700 жылдың 1 январы салтанатпен аталып өтілді. Шіркеумен қатынасты шиеленістіріп алмау үшін I Петр күндерді есептеудің юлиан жүйесін сақтады. 30 жылы енгізілген календарь Россияда Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін өмір сүрді.

      Дегенмен XVIII ғасырдың орта кезінің өзінде Европа елдері-
нің көпшілігі григориан календары бойынша өмір сүрді. Бұның өзі елдер арасындағы қатынастарда үлкен қиыншылықтарға
ұшыратты.Сондықтан да Россияда жаңа календарь жүйесіне көшуге
деген әрекет жасалды, бірақ бұдан ұзақ уақыт ештеңе шық-
пады.

      1918 жылғы 25 январьдағы Халық Комиссарлары Советінің декреті бойынша біздің еліміз жаңа стильге көшті. Осы уақытқа қарай григориан календары юлиан календарынан 13 күнге озып кеткендіктен, 31 январьдағы сәрсенбіден кейін 1 февраль емес, 14 февраль деп саналу белгіленді.

Бірінші бесжылдық жылдарындағы халық шаруашылығының тез дамуы календарь реформасын жүргізу қажеттігін тудырды. 1929 жылы үздіксіз жұмыс аптасына көшумен байланысты 1930 жылы мартта СССР-де өндірістік табель-календарь енгізілді, мұнда жыл 72 бес күндікке бөлінді. 1931 жылдын 1 декабрінен еліміз 6 күннен тұратын үздіксіз жұмыс аптасына көшті. 1940 жылғы 26 июньнен бастап қазіргі кезде де қолданылып отырған жеті күндік апта қалпына келтірілді. Жексенбіден басқа ұлттық не интернациональдық мереке күндері — 1 январь, 8 март, 1,2 және 9 май, 7 және 8 ноябрь және 5 декабрь жұмыс істелмейтін деп танылды (енді 5 декабрь мерекесі 7 октябрьге көшті).

Қолданылып жүрген григориан календарының кемшіліктерімен байланысты СССР-де жаңа календарь жүйесін жасау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Совет Одағының өкілдері Бүкіл дүние жүзілік календарь жасау идеясын қуаттап отыр, бұл өмірдің қазіргі ғылыми және экономикалық дәрежесіне сай келіп, жер шары халықтарының жақындаса түсуіне жәрдем етеді.

Бекіту сұрақтары: 

  1. Қазіргі кезде мұсылман елінде қандай кунтізбе қолданылады?
  2. Григориан күнтізбесі кімнің есімімен байланысты?
  3. Біздің ата бабаларымыз араб жазуын қанша уақыт қолданған?
  4. Әріптің жоғарғы жағы әдетте томенгі жағынан кіші болған жазу түрі?

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті. А, 1991
  2. Ермолаев И.П. Историческая хронология. К, 1980
  3. Кобрин В.В. ВИД. М, 1984

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *