Омбы уезiне қарасты Қызылағаш болысының №6 ауыл қырғыздарын (қазақтарын. – авт.) жерге орналастыру мәселесi

 

«Үстiмiздегi жылғы тамыздың алғашқы күндерiнiң бiрiнде осы ауылға жерге орналастырушы бiр шенеунiк келдi. Ауыл тұрғындары оның аты-жөнiн бiле алған жоқ. Ол қырғыздарды жинап алып, олардың осы ауылдан 180 шақырым алыс жаққа көшуi тиiс екенiн хабарлады… Оқиғаның басы-қасында болған адамның айтуынша, қырғыздар оны бастарын төмен салып, үн-түнсiз тыңдаған. Ешкiм бiр ауыз да сөз айтпаған. Айнала төңiрек құлаққа ұрған танадай үнсiз тыныштыққа бөленген. Шенеунiк сөзiн одан әрi жалғастырып, ендi бұл жер- ден сендерге ешқандай да жер берiлмейдi, оны күтiп босқа әуре болғанша, осы бастан көше берiңдер дегендi айтқан. Қырғыздар сонда да үн қатпаған. Мына хабарландыру оларға аспаннан жай түскендей әсер еткен, жүректерi қысылып, қатты қиналған. Бiрақ олар сонда да болса бұл жерден көшпеуге бекiндi. Ше- неунiк жөнiне кеттi, ал ауыл адамдарының ұнжырғасы түсiп, ауыр уайымның ащы уын жұтқан бойы қала бердi».

Омбы хабаршысы, 1911, №191, 3-бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *