Б.з.д. ҮІІІ-ҮІ ғғ. Архаикалық Греция

 

Құнарлы аңғарларда тұратын жергілікті халық правосы жоқ илоттарға айналдырылды. Шапқыншылар – дорийліктер — өздерін басты қаласы Спартаның атымен спартандықтармыз деп атаған. Пелопоннестің территориясында таулы жерлерде тұратын тайпалар, сондай-ақ дорийліктерге өз еркімен бағынған ахейліктердің кейбіреулері периэктер (көршілер) деп аталды.

Спарта халқының негізгі топтары – спартандықтар, периэктер мен илоттар.

    Спартандықтарға әскери іс қана лайықты деп саналды. Күшті де мықты жауынгерлер тәрбиелеу үшін, Спартада арнаулы тәрбие жүйесі болатын.

    Әрбір жаңа туған нәрестені Спартаның жоғарғы мекемесі – герусияға, яғни ақсақалдар кеңесіне апаратын. Мұнда арнаулы комиссия нәрестені өмір сүруге қалдыру керек пе деген мәселені шешетін. Мектепте балалар дене шынықтырумен және әскери іспен шұғылданады. Философиямен және сөзуарлықпен айналысуға рұқсат етілмеді. Грекия елінде, тек Спартада ғана, әйелдерді тәрбиелеуге үлкен назар аударылды.

    Спарта мемлекетінің бүкіл қызметі тек илоттарды бағындыруға бағытталды. Спартандық илотты өлтіруге праволы, сәйкесінше илоттардың ешқандай правосы болған жоқ. Жас спарталықтар түнде жиналып, илоттардың селоларына аттанатын. Спартандықтар ең жас және күшті илоттарды өлтіруге тырысатын.

    Адамгершілікке сыймайтын мұндай қатынастарға илоттар көтерілістермен жауап беріп отырды. Әсіресе, б.з.б.464-455 ж.ж.-дағы көтеріліс өте ірі болды. Бұл ежелгі Грекиядағы ең қырқысқан таптық күрестің көрінісі еді.

Патшалық Грециядағы таптық қоғамның пайда болуы. Дәрісте ең алдымен бұл туралы деректерге сүйене отырып, Антикалық Грецияда басқа елдерден ерекшелікке ие таптардың құрылуын, халықтың селолық, қалалық демостар деп атауын, олардың ақсүйектермен күресін, тирандықтың пайда болуын, құлдық демократия мен олигархияның пайда болуын және жеке атауларға салыстырмалы түрде анықтама беріледі.

Дәрісте Спарта мемлекетінің пайда болу себептерін, оның құрылысындағы ерекшеліктерін деректер негізінде ашып көрсете отырып, оның ішкі және сыртқы саясатын, таптық құрылысын талдай келіп, бұл мемлекеттің тәрбие мәселелеріне назар аударып, оған студенттердің сын көзбен қарауына назар аударылады.

Дәрісте деректерге сүйене отырып, Афинде ақсүйек полистің құрылу себептерін ашумен Аттикадағы құрылысты Спартамен салыстыра отырып, мұндағы ақсүйектер мен демостар арасындағы күресті «Килон бүлігінің»себептерін, Дренонит заңын, Солон реформасын оның алға қойған мақсатын, мәнін, үкіметке келу себептерін, мұнан кейіңгі оның Солон реформасы мен салыстыра отырып студенттердің көңілін екі реформаның қандай айырмашылыққа ие екендігіне назар аударту.

Әдебиеттер:

  1. История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
  2. История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
  3. История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
  4. Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
  5. М. 1984.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *