Кейініректегі Рим республикасы. (Б.з.д. ІІІ-І ғғ).

 

  1. Римнің Карфагенмен күресі.
  2. І-ші және ІІ-ші Пуни соғыстары.
  3. І-ші Македон соғысы.
  4. ІІ -ші Македон соғысы.
  5. Рим және эллиндік әлем.
  6. ІІІ-ші Пуни соғысы.
  7. Рим державасының негізінің қалануы.

23 жылдық соғыс – І Пуни соғысы – соғысушы жақтардың күштерін сарықты. Сондықтан да бітім келіссөздерін бастауға Карфаген ұсынысын Рим қабыл алады. Б.з.б.241 жылғы бітім шарты бойынша Карфаген 10 жыл бойына Римге 3200 талант мөлшерінде контрибуция төлеуге, тұтқындар беруге, өзінің әскеріне Апеннин түбегі тайпаларынанжауынгерлер жалдамауға келісіп, Сицилиядағы өз иеліктерін Рим билігіне беруге тиіс болды. ІІ Пуни соғысынан кейін Карфаген Жерорта теңізі дүниесінің өміріндегі қандай да болсын маңызынан түпкілікті айрылды. Рим Жерорта теңізі өңірінде ең күшті құл иеленуші державаға айналды.

.э. дейінгі ІІІ ғасырдың орта шеніне қарай Батыс Жерорта теңізінің ең күшті мемлекеттері баяғыдан осы жерде үстемдік еткен Карфаген державасы мен жаңа ғана құрылған Рим құл иеленуші конфедерациясы боды.

         Карфаген де, Рим де құлиеленушілік экономиканың сипатымен шарттасып келетін агрессияшыл сыртқы саясат жүргізді, ол үшін әскери экспансия оның дамуының қажетті шарты болды. Бұлардың әрқайсысы батыс Жерорта теңізі дүниесінің гегемоны болуға тырысты. Б.э. дейінгі ІІІ ғасырдың орта шенінде бұлардың арасындағы қайшылықтар бірінші Пуни соғысының басталуына алып келді. Римдіктер карфагендерді пунийлер деп атады.

  1. Карфаген бірінші Пуни соғысының алдында. Карфаген немесе Кар-Хадашт б.э. дейінгі ІХ ғасырдың аяғында пайда болған ірі Финикия қаласы Тирдің отары болды. Б.э. дейінгіV ғасырдың орта шеніне қарай Карфаген өзінің құрамына солтүстік Африка жағалауының бөлігін, Мальта, Сардиния, Корсика, Питиус, Балеар аралдарын енгізген байтақ державаның орталығы болды. Рхеологиялық материал мен графиттер Атлантиканың шығыс жағалауын Карфагеннің отарлауға алынуының дәлелі болып табылады. Кең байтақ, мейлінше ерекше қала Карфаген төтенше тиімді орналасқан еді. Бұл Африка солтстік-батыс жағалауының шағын түбегінде тұрды (осы кездегі Тунистің солтүстік шығысында), бұл Жерорта теңізінің батыс бөлігін шығыс бөлігімен қосатын басты теңіз жолын карфагендердің бақылап отыруына мүмкіндік берді. Қуатты қорғаныс құрылыстарының үш қатары материк жақтан қорғайтын қаланың қамалы, теңізге бойлай сұғынған түбекте тұрды. Оның қабырғаларының сыртында қаланың тұрғын бөлігінің хақы жиі орналасқан кварталдар, рыноктар, дүкендер, өолөнершілер шеберханалары болды. Карфагеннің мақтанышы екі – сыртқы (сауда) және ішкі (әскери) айлақтары бар порт болды.

         Карфаген державасында да Рим конференциясының, ерекшеліктері: оның құрамына кіретін қалалардың, аймақтардың, тайпалардың экономикалық және саяси жағдайларының тіртектілігі тән еді. Кейбір қалалар Карфагенмен тең праволы болды, екінші біреулері отар жағдайында тұрды, блар айналадағы жергілікті халықтарға Карфагеннің үкімет билігін орнықтырып, бағынышты халықтардың бірігп бой көрсетуін болдырмауға тиіс еді. Карфагенге ең тиімді сауда жолдарын бекіту үшін отарлар, әдетте стратегиялық және географиялық жағынан алғанда ең маңызды жерлер ірге тепті. Бағынышты территория халқының негізгі көпшілігі Карфагеннің протектораттығында болды. Бұл халық тек Карфагеннің бақылауымен ғана сыртқы сауданы жүргізе алатын еді. Ол сауда баж салығын, жерді пайлаланғаны үшін салық төлеуге, сондай-ақ пуни армиясында қызмет атқаруға міндетті болды.

         К. Маркс пен Ф. Энгельс Карфагенді, сондай-ақ Тир мен александрияны дүниежүзілік ежелгі сауда орталықтары ретінде қарастырды. Карфагеннің экономикалық хал-ахуал үшін құл иелерінің құлдармен, товарлармен және шикізатпен делдал саудасының маңызы болды. Арфаген көпестерінің Египетпен, Эгей теңізі бассейнімен, Этруриямен, Испаниямен, Африкамен сауда байланыстары болды. Карфаген теңіз жүзушілері Гибралтар сыртында (Мелькарт бағаналары), Қиырдағы Британия жағаларында болады, ол жақтан қалайы жеткізді.

         Карфагеннің өзі де қолөнерінің орталығы болды. Сауданың қауірт гүлденуімен тартылған басқа елдердің қолөнершілері мен саудагерлері қалаға қоныс аударды. Сөйтіп карфагенде этникалық әр текті, әр тілді халық қалыптасты. Толып жатқан шағын шеберханаларда құлдар  иесімен бірге еңбек етті.

         Карфаген экономикасында ауыл шаруашылығының үлкен маңызы болды. Үнемі қалада тұрған бай карфагендер Баград өзенінің шұрайлы аңғарларында орналасқан имениелердің меншікті иелері болды. Орасан үлкен плантацияларда мыңдаған құлдар жүзім өсірді. Ерікті егіншілер саны онша көп емесе еді.

         Құл иеленуші олигархия – ірі құл иеленушілер мен егіншілер, сауда шонжарлары, ірі қолөнер шеберханаларының иелері – мемлекет тағдырын шешіп отырды. Олардың экономикалық және саяси жағынан басым болуы олигархиялық құл иеленушілік республиканы орнатуға әкеп соқты. Мемлекеттің саяси өміріндегі демократиялық тенденциялар халықтың демократиялық бөлігінің осалдығы арқасында зор маңызға ие бола алмайтын еді.

  1. Бірінші Пуни соғысы. Бірінші Пуни соғысының себебі Сицилия үшін Рим мен Карфагеннің күресі болды, ал аралдың кіші бөлігіне сиракузы тираны Агафокл ие болды. Тек тар бұғаз арқылы ғана Италиядан бөлінген арал, тарихшы Флордың сөзіне қарағанда римдіктердің көз алдында «қол астында тұрған, әрі кездейсоқ материктен үзіліп қалған қызығарлық олжа сияқты болып келетін еді.»

         Соғыстың салдары өзін мамертингтер, яғни соғыс құдайы Маркстың ұлдары, деп атаған Кампаниядан шыққан жалдамалылардың Сицилия қаласы Мессананы басып алуы болды. Бұлар жалданған бүлікші Сиракуза Агафокл қайтыс болғаннан кейін мамертингтер Мессаны алады. Мессаны қоршаған Сиракуздың жаңа билеушісі ІІ Гиерон бұларға қарсы төтеп береді. Мамертингтедің бір бөлігі карфагендерден қолдау іздеуді ұйғарды. Екінші бөлігі Рим сенатынан көмек сұрады. Рим сенаты толқуда болды. Ақыры, сыртқы рынокты ұлғайтуға ынталы топтардың қысымымен халық жиналысы мамерингтерге қолдау көрсету туралы, яғни шынына келгенде карфагендермен соғысты бастау туралы шешім қабылдайды.

         Бірінші Пуни соғысы басталды, бұл 23 жылға созылды (б.э. дейінгі 264-241 жылдар). Рим әскерлері алғашында үлкен табыстарға жетті. Сицилияға өтіп, олар көп кешікпей Мессананы басып алды, Акраганды алды, содан соң ІІ Гиеронмен одақтасады. Дұшпанды құрлықта жеңгенімен римдіктер теңіз шайқастарында үнемі жеңіліске ұшырап отырды, өйткені олардың флоты жоқ еді. Карфаген кемелері Италия жағаларына шабуыл жасап, Сицилия мен Оңтүстік Италияны оқшаулап тастады. Рим сенаты флот құру ьуралы шешім қабылдады. Римдіктер 100 пентер және 20 үш палубалы корабль жасады, олардың жабдықтарын жетілдіре түсті: кемелердің тұмсығына ұштарын және бүйір қанаттарын ілгектермен жабдықтаған «абордаждық мінбелер» орнатты. Рим легионшыларына бұрыннан дағдыға айналған қолма-қол ұрыста мінбелер кемелердің палубасына асырыла салынатын еді.

         Римнің мүйіс маңында және Мила қаласының түбіндегі ұрыста консул Гай Дуилий б.э. дейінгі 260 жылы бірінші рет карфаген флотын жеңді. Соның құрметіне кейінірек шайқастың қалай өткендігін баяндайтын үскі жазуы бар ростлаьдік колонна тұрғызылды. Ескерткішті жаулап алған дұшпан корабльдердің мыс тұмсықтары безендірілді. Сенат Дуилийге ерекше құрмет көрсетті. Осы уақыттан бастап оны барлық жерде екі флейтист пен шырақ ұстаушы ертіп жүрді, бұлар жеңушінің келгендігі туралы азаматтарға хабарлап отырды.

         Жеңіспен жігеренген римдіктер Карфаген территориясында соғысуға бел байлады. Б.Э. дейінгі 256 жылы екі консул басқарған 330 рим кемелері Африка жағаларына қарай бет алады. Жолда Экном мүйісінің маңында рим флоты карфаген флотымен кездеседі де, оған ауыр зиян шектіреді. Римдіктер Карфагенге таяу жағалауға сәтті түседі де, құрлықта дұшпанға бірқатар соққы берді. Табысқа сенімді болған рим сенаты консулдарының біріне әскери бөліммен және тұтқындармен Римге қайтып оралуға бұйырады. Африкада қалған консул Марк Атилий Регул біраз уақыт жеңіске жете береді. Алайда Рим әскерлері ұзақ ұрыстарға әзірленбеген еді. Б.э. дейінгі 255 жылы Регул әскерін карфагеннің жалдамалы армиясы талқандайды. Консулдың өзі тұтқынға түсіп, сонда өледі. Әскерлердің қалдығымен рим флоты Римге қайта оралған жолда дауыл кезінде түгелдей дерлік апат болуы арқылы Римнің жеңілісі тағы да қиындай түседі.

         Осы оқиғалардан кейін соғыс ұзаққа созылды. Соғыс қимылдары тағы да Сицилия территориясына көшеді де, алма кезек табыспен өтеді. Сицилияға Гамилькар Барка – жас талантты қолбасшы келгенде римдіктердің жағдайы жаман еді. Ол Сицилияның солтүстік жағалауының бір бөлігін және оның ішкі аймақтарын ғана алады.

         Римдіктерге соғысты ойдағыдай аяқтау мүмкіндігі үшін теңіз флотын тағы да құруға тура келді. Бірақ қазынада түк жоқ болған соң, тек сенат трибут ретінде алған бай азаматтардың қаржысына ғана флот құрылды. Жаңа рим флоты Эгат аралдарының жанында карфаген флотына аса ауыр соққы берді.

         Жиырма үш жыл соғыс соғысушы жақтардың күштерін сарықты. Сондықтан да бітім келіссөздерін бастауға Карфаген ұсынысын рим сенаты қабыл алады. Б.э. дейінгі 241 жылғы бітім шарты бойынша Карфаген 10 жыл бойына Римге 3200 талант мөлшерінде контриция төлеуге, тұтқындар беруге, өзінің армиясын Апеннин түбегі тайпаларынан жауынгерлер жалдамауға келісіп Сицилиядағы өз иеліктерін Рим билігіне беруге тиіс болды.

  1. Бірінші Пуни соғысы аяқталғаннан кейінгі Карфаген мен Рим. Бірінші Пуни соғысынан кейінгі жылдар Карфаген үшін ерекше ауыр болды. Карфаген қазынасын контрибуциялар, соғыс шығындары сарықты. Кеңес пен магистраттар жалдамалы әскерлермен есеп айырыса алмады. Бұл жалдамалылардың орасан сан зор көтерілісін тудырды, бұған толып жатқан адамдармен азап шеккен Ливияның село халқы мен Карфагеннің көптеген құлдары келіп қосылды. Үш жыдық күрес басталды, мұнда карфагендер, поийбидің сөзіне қарағанда «көптеген елеулі қауіп-қатерге ұшырады ақырында келіп, өзінің жері үшін ғана емес, сондай-ақ тіпті өз отанының өмір сүруі үшін де щайқасуға мәжбүр болды». Жадамалылар карфагендердің ерекше қатерлі дұшпандары болды, өйткені бұлардың елеулі әскери мектебі бар еді.

         Карфаген кеңесі көтерілісті басқан армияны басқаруды Гамилькар Баркаға тапсырды. Оның әскерлері көтерілісшілер отрядтарына қарағанда ең жақсы соғыс техникасымен жадықталған еді. Бірқатар шайқастардан кейін Гамилькар көтерілісшілердің күштерін таратып жіберді, олардың бөлімдерінің бірін әскерермен және жауынгер пілдерімен қоршап алып, содан соң көтерілісшілердің әскерлерін құртты.

         Полибий «бізге барлық соғыс тарихында белгілілерден» ең қаталы және заңсыздықтарға толысы деп санаған жалдамалыларды Карфагенмен соғысы осылай аяқталды.

         Римдіктер Карфагеннің осалдығын пайдалана отырып, б.э. дейінгі 238 жылы Сардиния мен Корсиканы басып алды, бұл карфагендердің Римге деген өшпенділігін және олардан кек алуға талабын бұрынғыдан да гөрі күшейте түсті. Сицилия, Сардиния, Карсика провинциялар деп атала бастаған Римнің алғашқы Италиядан тыс иеліктері болды. Жалдамалылардың көтерілісін басқаннан кейін Карфагенде әйгілі қолбасшы болып алған гамилькар Барка Риммен жаңа соғыс ашуға ұмтылған олигархтар топтарын басқарады. Бірақ карфаген территориясы соғыс жүргізу үшін қажетті материалдарды да, адам резервтерін де қамтамасыз ете алмады. Енді Карфагендер Ибериядағы өз иеліктерін ұлғайтып, оны болашақ соғыс плацдармына айналдыруға бел байлады. Оларды бағалы металдарға бай Иберия рудниктері, сондай-ақ әскерлерді иберия тайпаларының жауынгер батырларымен толықтырып отыру мүмкіндігі қызықтырды.

         Б.э. дейінгі 237 жылы Гамилькар Барка басшылық еткен Карфаген әскерлері Иберияға беттейді. Мұнда олар үлкен табыстарға жетеді: Андалузияның бірқатар тайпаларын бағындырып, тау рудниктерін басып алады. Алайда б.э дейінгі 229 жылғы иберлермен сәтсіз қақтығыста Гамилькар қаза табады. Оның күйеу баласы Гасдрубал армия командашысы болды. Ол Иберияның оңтүстік-шығыс жағалауында күміс рудниктеріне таяу қала Жаңа Карфагеннің негізін қалайды. Тамаша айлағы бар қаа Ибериядағы Карфагеннің тірегіне айналады. Гасдрубалдың табыстарына тыныщсызданған римдіктер карфагендермен шарт жасасады, бұл шарт бойынша карфагендер Ибер өзенінің солтүстігіндегі территорияны басып алуға правосыз болды. Б.э. дейінгі 221 жылы Гасдрубалды кельтер өлтіреді. Римдіктерді жек көруге тәрбиеленген Гамилькар Барканың ұлы, жиырма бес жастағы Ганниба, бас командашы болып сайналады. Ол өз туыстары – Карфагеннің көрнекті қолбасшылары басшылығымен қатал әскери мектептен өтеді.

         Бірінші Пуни соғысы аяқталып, екіншісі басталған кезеңде рим қоғамында үлкен әлеуметтік және саяси өзгерістер болады.

Карфагендерден тартып алынған Сицилия жерлерін иемденген ірі құл иеленушілер, соғыс кезінде байи түскен мердігерлер, саудагерлер мемлекетте ықпалды күшке айналады. Осымен бірге демократиялық тенденциялар күшейеді, өйткені бірінші Пуни соғысынан кейін егіншілер саяси оқиғаларға зор ынта қойып қарайтын болады. Сірә, б.э. дейінгі 241 жылға қарай өзінің мазмұны жағынан демократиялық центуриат комицияларының реформалары өтеді. Халықтың әр тобынан дауыс беруші центурийдің саны теңестірілген. Центурийдің жалпы саны 373 болады. Сөйтіп аз болып қалған бірінші тап Сервий Туллий бекіткен реформа артықшылықтарынан айрылады.

  1. Екінші Пуни соғығы. Екінші Пуни соғысы (б.э. дейінгі 218-201 жылдары) өзінің көлемі, пәрмені және тарихи маңызы жағынан ежелгі дүниенің ең ірі соғыстарының бірі болды. Мұның сылтауы Иберияда, Ибер өзенінің ала, теңіз маңына орналасқан Сагунт қаласымен байланысты оқиғалар болды. Сагунт Риммен одақ шарт жасады. Б.э. дейінгі 219 жылы Карфаген Ибериясының жас бас командашысы Ганибал Сагунтты қоршап, басып алады да, тонайды, ал тұрғындарын құлдыққа сатады. Сагунтты талқандау Римге қозғау салу еді. Рим сенаты рим халқының одақтастарына зорлық жасағаны үшін Ганнибалды беруді талап етіп Карфагенге соғыс қаупін төндірмек еді.

         Рим сенаты ұзаққа бармайтын соғысқа әзірленеді. Консулдардың бірі Сицилия жағаларынан жүзіп шығып, Африкаға әскер түсіруге тиіс болды. Екінші консул – Публий Корнелий Сципион Ганнибалмен шайқасу үшін Иберияға беттеді. Алайда осы уақытқа дейін әскерлер өте алмайтын бөгет саналып келген Альпі арқылы Солтүстіктен Иберияға басып кіруді дұшпандар үшін күтпеген жерден қолданып, Ганнибал римдіктерді өз жоспарынан бас тартуға көндірді.

         Ганнибал б.э. дейінгі 218 жылы ерте көктемде армиямен және көптеген пілдермен Жаңа Карфагеннен шығып Италияға беттейді. Ол Апеннин түбегінде күтпеген жерден карфаген әскерлерінің пайда болуымен Рим конфедерациясын ыдыратуды көздеді. Солтүстік Италияның галлдары оған көмек көрсетуге уәде берді.

         Ол үлкен қиыншылықпен кейбір тайпалармен қақтығыса отырып, Пиреней арқылы асып, Галлицияның жерорта теңізі жағасымен алға басты.

         Ганнибал Родан өзеніне таяп келгенде римге одақтас Массилияға рим қолбасшысы Сципион келеді. Карфагендер ұрысты жалғастыруға ұйғарды. Олар өзен ағысынан жоғары қарай көтерілді де, өздеріне бөгет жасауға ұмтылған галлдарды талқандап, басты күштерін Роданның сол жақ жағасына өткізіп әкетеді. Рим консулы дұшпанның ізіне түсуден бас тартады. Ол эскадраның бір бөлігін Иберияға жіберді, мұнда жеткілікті көп әскерге Ганнибалдың туысы Гасдрубал басшы етіп, өзі Италияға беттейді.

         Ганнибал Родан арқылы кешіп өткен соң шығысқа қарай бұрылып Альпі арқылы өзінің атақты 33 күндік асуын бастайды. Полибий, Карфаген армиясына жаумен де, қолайсыз жер жайларымен де бір мезетте күресуге тура келді, деп жазды. Әскерлер таулықтардың күтпеген жерден щабуыл жасауына ұшырай отырып, тар тік соқпақ жолдармен жүріп отырды. Тауға қар түсті. Мұз басқан жолдардан құзға құлап түсіп, жауынгерлер, аттар мен пілдер апатқа ұшырады. Азап шеккен жауынгерлер Альпіден өтіп, Цизальпі Галлиясы жазығынан түскенде тек 20 мың жаяу әскер, 6 мың атты әскер мен аздаған пілдер қалған еді. Бірақ ганнибалға кельт тайпалары қосылады да, оның армиясының қатарын толықтырады. Италияда алғашқы ұрыстарда карфагендер рим консуладр армияларын жеңіп шығады. Бұлардың ең маңыздылары Солтүстік Италиядағы Требия өзені жанындағы ұрыс болды, мұнда Сципион мен Семпроний жеңіліске ұшырады.

 

 

Әдебиеттер:

  1. История Древнего Рима. . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
  2. Античная Греция. Проблемы развитие полиса.Т.1-2. М.1983
  3. Историография античной истории . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.1980.
  4. История Древней Греции.(Под. ред. В.И. Авдуева, А.Г. Бокшанина, Н.Н. Пнауса) М. 1972.
  5. История Европы. В 8 томах. Том. 1. Древняя Европа. М. 1989.
  6. Римские древности. ( Под. ред. И.В. Алферовой) Смоленск, 2000.
  7. Практикум по истории древнего мира. Под. ред. И.В. Свенцицкой. М., 1981.
  8. Словарь античности. (Составители И.Ирмина, Р. Ионе) М.1989.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *