Ертедегі Кіші Азия мен Закавказье

 

Кіші Азия жарты аралының географиялық жағдайы және табиғи байлықтары. Кіші Азия халықтары және тілдері. Кіші Азияның ежелгі тарихының деректері. Мезолит және неолит ескерткіштері. Хеттер астанасы Хаттусадағы батыс кішіазиялық орталықтар — Троя, Гордион, Сардыдағы қазба жұмыстары. Сына жазумен жазылған документтер, иероглифтік текстер, фригиялық және лидиялық жазбалар. Кіші Азия халықтарының және оның көршілерінің мифтері мен аңыздары. Інжілдің және антикалық авторлардың хабарлары.

Кіші Азияның ежелгі тарихының зерттелуі. Хетт сына жазуының және иероглифтік жазудың оқылуы. Шет ел және совет тарихнамасындағы Кіші Азия тарихының проблемалары.

Кіші Азияның ежелгі егіншілік қоныстары. Шатал-Күйік. Металлургиялық өндірістің пайда болуы. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Кіші Азиядагы негізгі экономикалық процестер. Бекіністі орталықтардың өсуі. Қолөнер өндірісінің және сыртқы сауда байланыстарының өсуі. Мүліктік теңсіздік және әлеуметтік жіктеліс Рулық құрылыстың ыдырауы.

  1. Хетт патшалығы

Б.э.д. ІІ мың жылдықта Кіші Азия территориясындағы таптық қоғамның қалыптасуы. Қала мемлекеттер: Куссар, Хаттуса — және т.б. Ассирия-аморей колониялары және олардың Кіші Азия тайпаларындағы таптық қатынастарды дамытудағы ролі.

Хетт тарихының дәуірленуі. Б.э.д. ІІ мың жылдықта басындағы тайпалық орталықтардың елді саяси біріктіру үшін күресі. Ежелгі Хетт патшалығының құрылуы. Оның билеушілерінің сыртқы және ішкі саясаты, династиялық күрес және Телепиннің мұрагерлік туралы жарлығы. Хетт мемлекетінің саяси ұйымдасуының сипаттық белгілері. Ежелгі Хетт патшалығының дағдарысы.

Жаңа Хетт дәуіріндегі Хетт патшалығының қайта өрлеуі. Шығыс — жерорта теңіз жағалауын иемдену үшін және Алдыңғы Азиядағы үстемдік үшін күрес. Хеттардың Кіші Азияның батысына ілгерілеуі. Суппилулиум жетістіктері. Хетт — египет қарама-қарсылығы. Кадеш түбіндегі шайқас және египеттіктердің хеттармен келісімі. Теңіз халықтарының шабуылы және Хетт державасының күйреуі.

Хеттар экономикасы. Аграрлық қатынастар. Патша және храм шаруашылығы. Хетт қоғамының әлеуметтік кұрылымының ерекшеліктері. Саяси   құрылысының эволюциясы. Хетт зандар жинағы және оның хеттардың әлеуметтік экономикалық құрылысын зерттеудегі маңызы.

Хетт мәдениеті және оған көрші халықтардың мәдени әсері. Діни көзқарастары және құдайлары. Хетт мифологиясы және әдебиеті. Ғылыми-тәжірибелік білім. Хетт сәулет, мүсін, рельеф өнерінің монументалды сипаты.

  1. Кіші Азияның батысындағы мемлекеттер б.э.д. ІI мың жылдықта

Троя — Кіші Азияның батысындағы б.э.д. ІІ мыңыншы жылдықта саяси және экономикалық орталық. Трояның Эгей дүниесімен байланысы. Троя патшалығы және оның гүлденуі.

Б.э.д. ХІІІ ғ. ахейліктердің Троя соғысы. Трояның күйреуі және Троя патшалығын бөлісу.

Фригия тайпаларының қоныс аударуы. Фригия патшалығының құрылуы және оның Кіші Азияның батыс бөлігіндегі билігі.

 Б.э.д. Х-УІІІ ғ.ғ. Фригия патшалығы. Киммерийліктер шабуылы. Ассириямен күрес. Б.э.д. УІІІ-УІІ ғасырлар аралығында Фригия мемлекетінің құлауы. Фригия мәдениетінің маңызды жетістіктері.

Лидия патшалығының құрылуы. Лидия экономикасының жетістіктері. Грек және шығыс дүниесімен сауданың және сауда қатынастарының дамуы. Қоғамдық құрылысының сипаты. Саяси құрылымы. Рулық дәстүрдің ролі. Мермнадтар династиясы тұсындағы Лидия патшалығының гүлденуі. Лидия державасының қалыптасуы. Оның Шығыспен /Ассирия, Мидия, Персия/ және Батыспен /Иония, аралдық және материктік Греция/ байланысы. Лидия-парсы соғысы және Лидияның парсыларға бағынуы. Лидиялықтардың мәдени жетістіктері. Лидия мәдениетінің Таяу Шығыс халықтарының және грек дүниесі мәдениетімен өзара байланысы.

  1. Ван патшалығы /Урарту/ және Закавказье мемлекеттері

Закавказьенің табиғат жагдайы және географиялық ортасы. Закавказье халықтарының тарихы жөніндегі негізгі деректер. Совет ғылымының закавказьенің ежелгі тарихын зерттеудегі табыстары. Б.э.д. У-ІІІ мың жылдықта Закавказьенің ежелгі егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысушы тайпалары. Ауыл шаруашылығы және қолөнердің дамуы. Металлургия өндірісі.

Мүліктік жіктеліс. Тайпа көсемдерінің молалары. Бекіністердің салынуы және қару-жарақ жасаудың дамуы. Тайпааралық соғыстар. Закавказье тайпаларында таптық қоғамның және мемлекеттің пайда болу процесі.

Урарту-Ван патшалығының құрылуы Урарту мемлекетінің күшеюі және Сардури I және Ишпуини тұсында оның орталықтануы.

Б.э.д. УІІІ ғ. І-ші жартысыңдағы Ван патшалығы. Урартудың Сардури I және Руса I тұсында Ассириямен күресі. Саргон ІІ жорығы. Урарту, мемлекетінің дағдарысы және күйреуі.

Урарту экономикасы. Патша шаруашылықтарының ролі. Урарту қогамының әлеуметтік құрылымы. Саяси құрылысы, әкімшілік және әскери жүйесі. Урарту мәдениетінің жетістіктері. Урарту сына жазу. Қалалық және бекіністік сәулет өнері. Мүсін өнері, бедерлеу және бОяу өнері. Металлпластика өнері. Урарту пантеоны. Урартулықтардың хетт жане хуррит мәдени мұрасын пайдалануы. Закавказье, Иран, скиф халықтарының мәдениетіндегі Урарту мәдени дәстүрлерінің көрінісі.

Закавказьедегі Урартудан кейінгі кезең Ежелгі Армян патшалығының құрылуы. Ервандидтер әулетінің билеуі және олардың Персиямен қарым-қатынасы. Кавказдың Қара теңіз жағалауындағы грек колониялары. Колхидадағы мемлекет. Иберида /Шығыс Грузия/ және Албаниядагы /Азербайжан/ алғашқы мемлекеттік құрылым. Олардағы құл иеленушілік қатынастардың қалыптасуы.

 

Әдебиеттер:

  1. Поэзия и проза Древнего Востока. М.1973
  2. «История Древнего Востока. Зарождение древних классовых обществ» первые очаги рабовладельческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия. М. 1983. Ч.2. Передняя Азия.Египет. М.,1988.
  3. История Востока.(Восток в древности) Т.1. М. 1997. (Под. ред. Р.Б.Рыбанова, И.М. Смилянской и др.
  4. История Древней Греции. (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
  5. История Древнего Рима. . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.2001.
  6. Античная Греция. Проблемы развитие полиса.Т.1-2. М.1983
  7. Историография античной истории . (Под. ред. В.И.Кузищина) М.1980.
  8. История Древней Греции.(Под. ред. В.И. Авдуева, А.Г. Бокшанина, Н.Н. Пнауса) М. 1972.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *