Добромыслов А. И. Торғай облысы. Тарихи очерк

«… тобыр комиссияға өз талаптарын қойды. Ол жаңа ереженi қабылдағысы келмейтiнiн айтты… басқарудың сұлтандар арқылы жүзеге асырылатын бұрынғы жүйесi мен алым-салық түрлерiн өзгерiссiз қалдыруды сұрады. Қолдарына қару алып, бұрынғы тәртiптi ақырына дейiн қорғауға әзiр екенiн мәлiмдеп тұрып алды… Халықтың толқуы күн өткен сайын күшейiп, кеңiнен етек жайды. Қырғыздар ендi сөзден iске көше бастады: бұзақылардың қарақұрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында – Елек пен Қобда өзендерiнiң бойында жиi кездестi. Олар бiр-бiрiмен ұдайы байланыс жасап, хабарласып тұрды, қай жерде болса да бiрлесе қимыл жасауға ниет етiстi. Оның үстiне қазақтарды да өз қатарларына тартуға әрекет жасады… патша үкiметi әкiмшiлiгiнiң өкiлдерi тасымал көлiктерiн таба алмай қиналды. Өйткенi ондай көлiктi тауып бере алатын тек қазақ даласының өзi едi. Бөкей ордасынан түйе және жол көрсетушi адам тауып келу үшiн арнайы шенеунiк жiберiлдi. Бiрақ ондағы қырғыздар Жайықтың арғы бетiндегi қандас

бауырларына бүйрегi бұрып, әлгi шенеунiктiң сөзiне илiкпедi».

 

Добромыслов А. И. Торғай облысы. Тарихи очерк. – Тверь, Н. М. Родионовтың баспаханасы. 1902, 463–464-беттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *