Көппартиялық жүйеге ӛтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты. Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси ӛмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтікэкономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.
1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. 1991 жылы тамыз айында Мәскеуде мемлекеттік тӛңкеріс жасау әрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның ӛзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Бұл жағдай Қазақстан Компартиясының жұмысына теріс әсерін тигізді. Сӛйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында ӛткен республика Компартиясының тӛтенше съезінде оның қызметі тоқтатылды. Ӛзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санайтын Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Оның құрамында сол кезде 50-60 мың мүшесі болды.
1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі ӛтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай және партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы құрылды. Сондай-ақ, бірқатар коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың кӛп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бұл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек құқықтық жағдайда ӛзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты. Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық ұйымдарында да сапалық жаңа ӛзгерістер іске асты.
1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс ХҮІІІ съезі болып ӛтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жӛнінде шешім қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рӛлін кӛтеруге ерекше мән берілді. Олар ӛздерінің мұшелерінен жиналған қаржыларды ұйым қажетіне жұмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті және облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан құрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және мемлекеттік ұйымдардан тәуелсіздік алды. Бұқара халықтың мүддесін қорғауда олар кӛптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық органдарымен тең дәрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді.
Сондай-ақ бұл жылдары әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс тӛменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, кӛп балалы аналар, жанұялар одағы, ―Айша‖, ―Ақ отау‖ және Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды.
Сӛйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді. Бұл жоғарыда аталған фактілердің барлығы ХХ ғ. 80-ші жылдардың 2-ші жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси ӛмірінде демократиялық қатынастардың кең ӛріс ала бастағанын кӛрсетеді. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең кӛлемді қызметімен ерекшеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан – 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Ӛрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. құрылды.
1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден ӛткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде кӛппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып ӛзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды.
Кӛппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) және «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның кӛппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық паартиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың 2-ші жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері болып ӛтті.
2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Кӛппартиялық институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дәлелдейді.
2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. «Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. ӛзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социалдемократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден ӛтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, ӛзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан бері БАҚ саласында түпкілікті ӛзгерістер жасауға және одан басқа әсіресе ӛз назарын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңнама тұрғысынан қамтамасыз етуді ұмтылды. Ең алдымен бұл демократиялық қоғамның негізгі кӛрсеткіші ретінде дамыған, күшті ұйымдасқан және БАҚ-тың тәуелсіздігін қажет екендігін айқын кӛрсетті. Осыған байланысты Қазақстанның Заңнамасына сай БАҚ-тың қызметіне араласуға тиім салынған, егер бұл Заңнамаға қайшы келмесе. Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналғаннан бері, оның ақппарат рыногінің дамуын сипаттағанда мынадай бірнеше сатыларды кӛрсетуге болады: Бірінші саты – постсоветтік. Бұл кӛбіне 1992 жылға дейінгі бұқаралық ақппарат құралдарының дербес, тәуелсіз болмауы және мемлекеттік монополия меншігінде болуы. Екінші саты – мемлекеттің 1992-1996 жылдардағы дамуы мен түұрақтану кезеңі. Мемлекет тарапы ақппарат кеңістігінде ӛз ықпалын тӛмендетуге және жекеменшік, корпаративті, мемлекеттік емес БАҚ-тың дамуына жол беруі, сонымен бірге БАҚ саласында мемлекеттік үлестерін қысқартуы. Үшінші саты – либералдық кезеңмен сипатталады. Яғни, масс-медиа рыногінде айқын кӛрінген сапалық және кӛлем жағынан ӛзгерістерге тап болуы. Мемлекеттік БАҚ, полиграфиялық кәсіпорындарды приватизациялау процесінің басталуы мен мемлекетсіздендіру саясаттың кең ӛріс алуы. Жекеменшік масс-медиа компаниялары мемлекеттік ақппараттық саясатты жүргізуге құқылы бола бастады. Ол 1996-1997 жылдары іс-жүзінде ӛзін кӛрсете бастады.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы ақпараттың кӛмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Яғни, бұқаралық коммуникацияның жүйеленіп, жинақталуы үшән ақапарат тасымалдаушы және ақпарат жинақтайшу екі фактор қызмет етеді. Осы заманғы қоғамның ӛмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рӛлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдарының алғы шарттарының бірі – бұқаралық ақпарат еркіндігі, яғни сӛз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рӛлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз. Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты – елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сӛзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы. Екіншіден,баспасӛз қоғамның әлеуметтік ӛміріндегі ӛзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі ӛзара құбылмалық жӛнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып ӛткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік ӛзгерістер жӛніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы ӛзгерістерге нақты кӛзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Әдебиет: Негізгі:
- Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017
- Сыздықов, С. «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі, тарихи сабақтастық: қоғамдық- саяси әдебиет — Астана : Фолиант, 2013
- Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет,
- Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. — 320 бет.
- Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз,
Қосымша:
- Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет. 2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана,2007