Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

  1. Мақсаты: ұлттық мемлекет құру жолындағы қоғамдық-саяси қозғалыстарды кӛрсету.
  2. ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай.
  3. Ұлттық мемлекет құру жолындағы қоғамдық-саяси қозғалыстар
  4. Қазақ ұлттық интелегенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
  5. Дәріс тезистері

Тарих – адамзат қоғамының ӛткенін зерттейтін ғылым. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың материалдық және рухани ӛмірі саласындағы сан ғасырлар бойындағы тәжірибесінің жиынтығы, бүгінге дейін ӛткен мыңдаған ұрпақтардың кейінге қалдырған мұрасы. Қоғамның әрбір мүшесі ұрпақтар зердесінің, бір сӛзбен айтқанда, тарихи зерденің негізінде қалыптасады. Тарихи сана қоғамдық сананың жеке бір бӛлігі болып табылады және дүниеге  кӛзқарас жүйесінде маңызды орын алады. Тарихи сананы қалыптастыру жас ұрпақты ӛз халқының рухани ӛмірімен етене жақындастыруға, оның мәдениеті мен тарихының бастауларын түсініп ӛсуіне кӛмектесуі тиіс. 

   Қазақ халқының тарихы дүниежүзілік тарихтың маңызды бӛлігі болып табылады. Түрік халықтарының қатарына жататын қазақтар саны жағынан олардың ішінде тӛртінші орын алады, ал территориясы жағынан дүние жүзі халықтарының ішінде алғашқы ондыққа кіреді. Тарихта әртүрлі этнонимдармен белгілі болған қазақтардың арғы ата-бабалары әрқилы қиын-қыстау жолдардан ӛтті, жат елдік басқыншыларға қарсы ӛз тәуелсіздігі үшін күрес жүргізді және дүниежүзілік ӛркениетке ӛздерінің  лайықты үлесін қосты. 

Алайда ғасырларға созылған орталық езгі кезеңінде үстемдік етушілер халықтардың бостандығын, жерін, табиғи байлықтарын, мәдени ескерткіштерін тартып алып қана қоймай олардың тарихи зердесін де ӛшіруге тырысты. Жаулап алынған елдердің халқын ӛздерінің тарихи дәстүрінде тәрбиелеу отарлық саясаттың маңызды құрамдас бӛлігі болып табылады. 

Қазақ халқының тарихын революцияға дейін де, одан кейін де Ресей тарихшылары жазды және империялық ұлы державалық идеология тұрғысынан түсіндірілді. Ӛз халқының тарихын шындық тұрғысынан қарастыруға ұмтылған ұлттық тарихшылар жазалауға ұшырап отырды. 

Бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымының алдында үлкен де жауапты міндеттер тұр. Кӛпғасырлық орталық бұғауынан құтылған ол халықтың шындыққа негізделген тарихи санасын қалыптастыруы, жас ұрпақты отансүйгіштік рухында тәрбиелеуі тиіс. Ӛткенді қайта жаңғыртуға тарихи деректер кӛмектеседі. Олар мынадай топтарға бӛлінеді: 

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен кӛзқарастың қалыптасу белесінде халқымыздың ӛткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының кӛкейкестілігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау жасау белең алып келеді. Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл отарлық шет аймақтардағы ӛмір салаларында да- экономикада, мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат ӛзгерістерге жеткізді. Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен қазақтың қоғамдық санасында елеулі ӛзгерістер орнығып, ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады.

 Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық кӛзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке ӛзінің бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән ӛркениетті игеру жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасады. Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-кӛздер, қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ интеллигенциясының жеңе легінің пайда болуы мен оның нақтылы ісәрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған Әлихан Бӛкейхановтың тӛңірегіне топтасқан ұлт зиялылары «халық жаулары» деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға да жазуға да ресми түрде тыйым салынды. Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған «ақтаңдақ» беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы үлкен міндеттердің бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға әбден лайық, тарих ғылымындағы ӛзекті мәселелердің бірі.

 ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың ӛздерін күш қолданатын революция емес, қоғам мүшелерінің санасын ӛзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңғырту практикасына тартылуы ғана ӛзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай ӛзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап журналы тӛңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды. Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан ӛтті. Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты күрескер, ұлтшыл азаматтардаң ӛмір сахнасына шығуына себеп болды. Аталған режим ӛз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында ұстағысы келді. Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-сараны алдауға ергені болмаса, кӛбі отаншыл, елжанды боп ӛсті. Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің құрбаны деп есептеді. Тіпті олардың тосыннан келген ажалына осы режим кінәлі деп санады. Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси текетірестің амалын қарастырды. Осы кӛзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның ой-сана темірқазығы еді. ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық ӛкілдері рӛлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы ӛзінің алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бӛлінуі мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар ӛз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресте кӛмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу ӛрістетті. Қазақ интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы құрылды.

 Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де кеңінен ӛрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан қаралып, мұның ӛзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар жасауы үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бӛкейханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев ж.б. қыруар істер тындырды. Мәселен, Ә. Бӛкейханов қазақ халқының саяси және құқықтық сана- сезімін қалыптастыру жӛнінде кӛп іс тындырған тамаша саясатшы ғана емес, сонымен қатар ғұлама экономист, әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының тарихын, әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге арналған монографиялық мәні бар «Қазақтар» атты мақаласы 1910 жылы Петербургте жарияланды. Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі идеялары, ой- пікірлері мен кӛзқарастары қарастырылған. Олар ӛз мақалалары мен кітаптары арқылы ӛз халқын ғасырлар бойы мүлгіген тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат етуге, ӛркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың «Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды. Қоғамды демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе бірінші орыс революциясы самодержавиені біраз кеңшіліктер жасауға мәжбүр етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума құрудан кӛрінді. І Мемлекеттік Думаның жұмысына қазақтың кӛзі ашық, зиялылары: Торғай облысынан- А. Қ. Бірімжанов, Уфадан — С.С.Жантӛреев, Оралдан- А. К. Кәлменов, Астраханнан — Д. С. Ноян-Түндітов, Ақмоладан — Ш. Қосшығұлов және Семейден Ә. Бӛкейхановтар қатысты. 1907 жылғы 20 ақпанда ашылған ІІ Мемлекеттік Дума құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: Ақмола облысынан — Ш. Қосшығұлов, Торғайдан — Ғ. Бірімжанов, Семейден- М. Тынышбаев, Сырдариядан — Т. Аллабергенов, Оралдан — Б. Қаратаев, Астраханнан — Б.Құлманов.

 Қазақ интеллигенция ӛкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуымен қазақ халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті, дегенмен де олардың Думаға қатысуының ең басты нәтижесі, негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және олардың саяси деңгейін кӛтеруге кӛмектескендігінде болды. Қазақ халқының Ресей империясына ортарлық құлдыққа түскен бүкіл кезең ішіндегі азаттық жолындағы күресінің шырқау шыңы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы болды. Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы оқиғаларда қазақ интеллегенциясының алған орны мен атқарған рӛлі туарлы мәселе ең жанға батарлық мәселеге айналды. «Алаш» партиясының негізі болған «буржуазияшыл- ұлтшыл» деп аталатын интеллегенция «қазақ халқының жауы және сатқандары», «барып тұрған контреволюционер», «патша малайлары» және т.б. сияқты ұғымдармен кӛрсетілді.

Қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық- патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын кӛрсетуге ұмтылды. Қорытындылай келе айтарым қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт ӛзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интелигенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе туралы мәселе кӛтерді.

 

  1. Әдебиеттер: Негізгі :
  2. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
  3. Абдурахманов Н.А. Қазақстан тарихы:оқу құралы.-Шымкент,2014 3. Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет Қосымша:
  4. Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. 2011. — 320 бет.
  5. Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 1-т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 316 бет. С
  6. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *